Азербайжан Республикасының президенті Гейдар Алиевтің Құрбан айт мерекесі үшін Азербайжан халқына құттықтауы - 10 ақпан 2003-ші жыл


Қымбатты қарындастар мен бауырлар!

Сізді барлық дүние мүсілмандарының ең ұлық Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Мүсілмандардың үлкен бір салтанатты түрде бірлік және бауырлас рәмзі сияқты атап өткен Құрбан айт мерекесі адамдар үшін жоғары адамзаттық–рухани байлықтардан пайдалану мүмкіншіліктерін туғызады. Ислам, адамгершілік, кішіпейілділікпен аяушылық қағидаттарына әрқашан адал болған Азербайжан халқы тарихының қиын кезеңінде болса да Құрбан айт мейрамын өздерінің ең құтты күні сияқты атап өткен.

Мемлекеттік егемендігіміздің қайта құрылуынан кейін осы күннің ресми түрде мейрам етілуі халқымыздың өз ұлттық және діни салт дәстүріне адалдығының жарық көрінісі екендігі көрініп тұр. Адамдарды бір біріне одан да жақын бауырластыратын осы ұлық мейрам күнінде кек сақтау жүректерден жойылады, жанқиярлық және мейрімділік сезімдері күшейеді, туған және жақын туыстар еске алынады, марқұмдардың рухына дуалар оқынады.

Азербайжанның егемендігімен топрақтарымыздың тиісілмеушілігі жолында жандарынан кешкен ұрпақтарымызға осы құтты мейрамда Құдайдан рахым тілеп, олардың отбасыларына және туған туыстарына сабр тілеймін.

Мен сенімімді білдіре отырып, туған ошақтарынан бытырап кеткен отандастарымыздың өз жерлеріне қайтуы үшін осы құтты мейрам күндерінде еткен ниеттерімен тілектері орындалады деймін. Барлық үлкен ұлттық және діни мейрамдарымыз сияқты, қасиетті Құрбан айт мейрамы да халқымыздың жағымды пікірлер төңірегінде одан да жақын болуларын қамтамасыз етсін, азат, егеменді және демократиялық Азербайжан мемлекетінің келешекте дамуы жолында барлық ажербайжандықтар арасында жалпы ұлттықты күшейтсін!

Сізді ұлы Тәңрінің исламы бір дін сияқты толықтырып адамдарға арнаған осы қасиетті мейрам күнінде тағы бір рет шын жүректен құттықтап, барлығыңызға денсаулық, бақыт және аман есенділік тілеймін.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

«Азербайжан» газеті, 11 ақпан, 2003-ші жыл.