Гейдар Алиевтің КСРО Министрлер Кабинетінің Партия ұйымына жолдауы Мәскеу, 19-шы шілде 1991-ші жыл


 «Мен КОКП-дан шығу шешiмiн қабылдағанымды сіздерге білдіріп жатырмын. Бұл «заманға» сәйкес болу еместігін, кейінгі жылдар уақытында өткен ауыр міндеттер жолын қиындықтармен оқиғаларды жаңадан бағалауымның қорытындысы екенін тездікпен хабарлап жатырмын.

Мені мұндай шешім қабылдуға мәжбүр еткен негізгі себептер төмендегідей:

Біріншісі, әлі 1990-шы жылдың қаңтар айында орталықтың және Азербайжан КП-ның саяси басшылығы қол астында Азербайжан халқына қарсы соғыс шабуылынан кейін менде КОКП қатарынан шығу пікірі туды. Қаңтар оқиғаларында жүздеген адам өлтірілді және қастандық етілді, олардың арасында қариялар, әйелдер, балалар да бар еді. Осы антигуманист, конституцияға және заңға жат қылықтарды кінәлағанда КОКП және Азербайжан ОК КП-ның осы қылмысын әшкерлеуіне және кінәлілерді әшкерлейтініне үміттенетін едім.

Өзімді қолға алып сабырмен күттім. Сөйлеген сөздеріме жауап орнына көп кешікпей «Правда»дан бастап партияның барлық басылым органдарында маған қарсы шабуылдар ұйымдастырылды. Маған қарсы бағытталған жалған фактілерге негізделген әдісте сол жаппай мағлұматтардың жәрдемдерінің өзінде ақ жалған екендігін әшкерлеуім босқа кетті. Қайтақұрудың негізгі табысы әшкерлеу өзін біржақты көрсетіп жатқан еді.

Қаңтар оқиғаларының кінәлілерін әшкерлеу және жазаландыру туралы Нахчиван Автаномдық Республикасы Жоғары Мәжілісінің, басқа-басқа отандастардың, атақты өкілдердің өтініштерін Азербайжан коммунист басшылары мүлдем қабылдамады.

Бір жарым жылдан астам уакыт өттi. Осы үрейлі қылмыстардың баршаға көптен белгілі болған кінәлілерін ортаға шығарудың орнына бұларды жасыру үшін қолдарынан келгенін істеп жатыр. Уақыт өткен сайын осы қылмыстардың ұмытылатынына үміттеніп жатыр. Бірақ туған халыққа қарсы бағытталған қанды қылмыстарды он жылдар өтсе де тарих бірнеше рет дәлелдеген еді.

Екіншісі, үш жылдан астам уақыт орталықтың екіжүзді саясаты нәтижесінде Кең.ОКП-ның қолдаған армян ұлтшылдарының саясатымен Таулық Қарабақта тудырылған өткір қақтығыстар қорғанылуда. Шынында да област толығымен Азербайжан мемлекеттік басқарушылығынан шектелген.

Азербайжан мемлекеттік суверендігі, аймағы толығымен конституцияға қарсы тұрпайы бұзылған. Армения және Азербайжан арасындағы жарияланған соғыс жүріп жатыр. Әр екі тараптан да адамдар өліп жатқанын айтуға болады. Бұлардың барлығы «гуманист идеологиялы» Кеңес мемлекеті үшін жай бір жағдай.

Партия басшылары егер қаласа, әлі 1987-1988-ші жылдарда Қарабақ мәселесі аймағында ұлттық қақтығыс жаңа бастағанда оның алдын алуы күмәнсіз мүмкін еді, бара-бара күшейген қақтығысқа Азербайжан және сол армения халқына ауыр пәлекетпен бақытсыздық әкелген осы қырғындарға мүмкіндік берілмеуі керек еді. Дегенмен, саяси орталыққа осы қақтығыс керек болған екендігін айтқым келеді.

Үшіншіден, барлық қоғамның демократиялануы, саяси азаттықтардың және плюрализмнің жарияланған бір кезеңде Азербайжанда 1988-ші жылда аймақ толықтығының қорғануына қарсы тұрған кең демократикалық әрекетпен қоғамның демократиялануы Кең.ОКП-ның басшылары қол астында Азербайжан КП ОК-нің күштендірілген іс-әрекетінен репрессияларға душар болған.

Бір жарым жыл болды, Азербайжанның 2 миллиондық астанасы еш бір негізсіз, әдеттен тыс режимінде өмір сүріп жатыр. Осындай бір жағдайда республика Жоғары Кеңесіне демократиялық сайлаулармен нәтижелері Одақтың пайдасына алдын ала шешілген референдум өткізілген еді. Әдеттен тыс жағдайда мүмкіндгінше қандай да бір демократияландыру және халықтың қайраткерлігін еркін баяндауына үміттену сауатсыздық болар еді. Демократиялық ұйымдар тарапынан бірнеше рет сайлаушылардың көпшілігінің референдумда қатыспауы және референдумның нәтижелерінің жасанды болуы туралы мәселе көтерілген еді. Бірақ, Азербайжан коммунист басшылары осы өтініштерге еш болмаса қарауды да қажет білмеген.

Мен орталық тарапынан қыстырылған жаңа Одақ келісіміне қарсы сөйлегенмін және сөйлеймін де, қай қайсы бір суверендік мемлекеттің құрамында бірнеше суверендік мемлекет және сондай ақ бұдан туатын азаттықтар, құқықтармен функциялар болуы мүмкін емес. Барлық одақтас республикаларда шын саясат, экономикалық азаттықтарға, ұлттық мемлекет жандануы үшін тәуелсіздікке мүмкіндік берілуі керек. Бұл еш қандай республикалардың экономикалық бірлігіне және әдеттегі мәдени байланыстарына кедергі болмайды, керісінше, олардың жетілдірілуіне, екіжақты және көпжақты бағытта дамуына әсер етеді.

Нахчиван Автаномдық Республикасының және Азербайжанның халық депутаты сияқты өз сөйлеген сөздерімде осы мәселелерді бірнеше рет қозғадым. Халық арасында беделін жоғалтқан Азербайжан КП бірөкіметтіліктен бас тартсын, барлық саяси күштердің азат және бірзаңдылықты іс-әрекетін қамтамасыз етсін, демократиялық қоғамның құрылуына, әшкерленуіне және плюрализмге жағдай жасауына ұсыныс жасадым.

Бірақ Азербайжан коммунист басшылары бұл сөйленген сөзбен ұсыныстарыма қараудың орнына қайтадан менің адресіме ұйымдастырылған және дайындалған шабуылдар бейнесінде жауап беріп жатты. Азербайжанда менің сөйлеген сөздерімді жариялаған газет редакторлары, журналистер жұмыстан шығарылып, зорақылықтарға душар болып жатты.

Жоғарыда барлық айтқандарым мені осы қадамды атуға және Кең.ОКП қатарынан шығу туралы мәлімет беруге мәжбүр етті, бұған қарамай, осы шешімге келу менің үшін өте қиын болған еді.

Мен коммунист отбасында өскенмін және барлық саналы өмірім коммунист партиясымен байланысты болған. 1943-ші жылда 20 жасымда болғанда өз өмірімді болшевиктер партиясына арнағанмын. Коммунистік партиясының идеяларына бар-жоғыммен сенгенмін және оның жоспарларының орындалуында актив болғанмын.

Енді барлық осы сенімдерім жойылған. Жаңарған партия және республикалардың жаңаланған одақтастығы туралы есепсіз беріліп жатқан мәлімдемелер тағы да халықты алдату.

Халыққа ашық және турасын айту керек, өйткені біздің өлкеде коммунизм експерименті, социализм жолы өзін туралаған емес, зорлықтармен туылған және сақталған республикалардың одақтастығы шөгіп қалуда.

Осы баяндамадан кейін маған кездесетін қиындықтарды елестетіп, болатын әртүрлі шабуылдарды және рухани зорлықтарды алдын ала көріп тұрмын.

Партияның өткен жолы ояу шешімі мені жоғарыдағы баяндағанымдай дәрежеге әкелді.

Осымен қатар маған тиісті жауапкершіліктің де қандай дәрежеде екендігін түсінемін. Кең.ОКП қатарларынан бас тарқанымда, мен барлық таза және намысты коммунистерге құрмет көрсеткенімді білдіремін».

Гейдар Алиев.