ТМД Мемлекет Басшылары Кеңесінің жиналысында Азербайжан Республикасының Президенті Гейдар Алиевтің сөйлеген сөзі - 24 желтоқсан 1993-ші жыл


Армения Республикасының Азербайжанға қарсы шамамен 6 жылдан бері жалғасып жатқан шабуылы Азербайжан халқына көптеген қиыншылықтар әкелген.

КСРО ыдыраған соң Азербайжан да Армения да егемендікке ие болғаннан кейін қақтығыс мемлекеттер арасы соғыс қақтығысына айналған еді.

Армения Республикасының қарулы күштері Азербайжан аймағының 14000 км2 дейін жаулап алған. Мұның 9000 км2 Таулық Қарабақ аймағының шекараларынан тыс жерде. Мұны да атап өту керек, Армения қарулы күштерінің бірігуі Таулық Қарабақтың аймағын толығымен бақылауға алғанан кейін шабуылшы амалдарын жалғастыра отырып кеңейтіп оның шекараларынан тыс Азербайжан Республикасының Лачын, Келбеджер, Ағдам, Фүзули, Джебрайыл, Губадлы, Зенгилан райондарын және Газах районының бір бөлігін жаулап алған. Әскери әрекеттер кезінде қарапайым халық жаппай түрде қырылып, жаулап алынған аймақтарда этникалық жою мен талқандау жұмысы жүргізілген.

Азербайжанға қарсы шабуыл бастағаннан осы күнге дейін 18 мыңнан көп адам өлтірілген, 50 мыңға дейін адам жарақатталған немесе мүгедек болған, 4 мың адам тұтқынға немесе кепіл алынған, 1 миллионға жуық азербайжандық үйінен айрылған, 100 мыңнан астам тұрмыс құрылысы, көптеген экономикалық объектілер, 600-ден астам мектеп және медициналық орындар өртелген, таланған және қираған еді; жүз мыңдаған доллар құнында жеке меншік және мемлекет меншігі, қаржы байлықтар жаулап алынған аймақтардан Арменияға тасынып жатыр. Барлық бұлар Азербайжанда қиын жағдай тудырып жатыр.

Үлкен өкініш сезімімен атап өтетін тағы бір жай, 1993-ші жылдың қыркүйек айында Азербайжан Республикасы ТМД-нің толық құқықты мүшесі болғаннан кейін және Ұжым Қауіпсіздігі туралы келісімге қосылғаннан кейін Армения Республикасы өз шабуылын тек қана тоқтатпаған керісінше, соғыс операциялары одан да кең орын алған еді. Атыстоқтату туралы ие болған келісімге қарамастан, бұрындары жаулап алынған Лачын, Келбежер, Ағдам райондарына және Газах районының бір бөлігіне осы жылдың қазан-қараша айларында Армения Республикасы қарулы күштері тарапынан басып алынған Азербайжанның Фүзули, Жабрайыл, Губадлы, Зенгилан райондары да қосылған еді. Мұнымен де шабуылшы, Азербайжанның Иран Ислам Республикасымен мемлекеттік шекарасына шығып ТМД-ның оңтүстік шекараларында қауіпті қиындық ошағы тудырған, қақтығыстың халықаралық характер алуы қауіпін тудырған еді. 300 мыңнан астам тұрғын тұратын райондардың 1993-ші жылдың қазанында жаулап алынуын Азербайжан халқы сонымен қатар өте қатты қиналған еді, өйткені осы жағдай Азербайжан ТМД-нің құрамына кіргеннен кейін және Ұжым Қауіпсіздігі туралы келісімге қосылғаннан кейін болған еді.

Айтқандай, Армения Республикасы тек қана Азербайжан Республикасына қарсы шабуыл етпей, енді біздің бірлігімізді бірлестіретін принциптерге толығымен құрметсіздік жариялап жатыр.

ТМД-нің мүшесімен Ұжым Қауіпсіздік туралы келісімнің қатысушысы болған Армения Республикасының басқа мемлекетке, бірліктің сол сияқты толық құқықты мүшесі болған мемлекетке Азербайжан Республикасына қарсы шабуыл етуіне жол берілмейді.

Соңғы күндері болып жатқан оқиғалар Арменияның шабуылшылық мақсаттарын тағы бір рет көрсетіп жатыр. Шабуылшының қарулы күштерінің Бейлаган бағытында барлық жол бойы бұрындары жаулап алынған райондардың қарапайым тұрғындарының орналастырылған бағытта Азербайжан аймағының ішіне тығылуға тырысылуы қақтығыстың жаңа, оданда қанды тұрғыда созылуы қауіпсіздігін тудырып жатыр. Соғыс операцияларының кеңейюін осындай бір факті де көрсетеді, дұшпан шабуылы заманы ондаған танкімен, реактивті және ауыр артиллерия қолданып жатыр.

 Армения Республикасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне, ЕҚЫҰ-ның, Ресейдің, Қазақстанның байланыстырушы әрекететрін ескермей, өзінің шын ролін тікелей шабуыл жасаған өлке ролін тығып-жасыру мақсатымен бізді Таулық Қарабақ армяндарының қақтығыста қатысқан тарап сияқты тануға шағыстыруға тырысып жатыр. Ал шындығында Таулық Қарабақ аймағында тұратын және сондай да бір запасы болмаған 100 мыңнан біршама астам армян 7 миллиондық тұрғыны бар өлкеге қарсы кең масштабта соғыс операцияларын жүргізген, оның аймағының 20 пайызын жаулап алалмайды. Республиканың Таулық Қарабақ аймағының 50 мың азербайжандық тұрғынының құқықтарын мойындамауға тырысады. Этникалық тазарту нәтижесінде олар Шуша, Хожалы, Ходжавент, Хадрут және Ағдере райондарынан толығымен тазартылған.

Өкінішке орай, cоңғы заманның тәжірибесі қарарсыздық тербеліс, шабуылшының мүдделері мен оның құрбандарының мүдделері арасында толығымен жолберілмейтін таразылық тудыру тек қана шабуылшыға қатынаста жарамсыз еместігін көрсетеді, сонымен қатар барлық Кавказ аймағында тыныштықты бұзу және қақтығыстың ТМД шекараларынан тысқа кеңею қорқынышын тудырады. Мұның барлығы Ұжым Қауіпсіздігі туралы келісімге қол қойған ТМД өлкелерінен Арменияның Азербайжанға қарсы шабуылының себептеріне және оның нәтижелеріне шын қарауды талап етеді. Олай болса мына жайды да назарда ұстау керек, болып жатқан оқиғалар текқана біздің аймаққа емес, барлық ТМД мекеніне тиісті.

Осы мақсатпен біз барлық ТМД мекенінде саяси жағдайдың тынышталдыруына бағытталған екіжақты және көпжақты келісім жүйесінің эксперттер дәрежесінде орындалып дайындалуын ұсынамыз. Сол жөндеулер фактикалық төмендегілерден тұрады:

- ТМД мүшесі болған мемлекеттеріміздің әр бірінің суверендігінің және аймақ толықтылығының танынуы және бұларға құрмет етілуі;

-Бірінші этап сияқты шекаралардың мысалға, Орта Азия, Кафказтысы т.б., қарсылықты тұрғыда танынуы туралы аймақтық келісімдер жасау қажетті;

-мемлекеттеріміздегі диаспоралардың қауіпсіздігін, құқықпен азаттықтарын; осы, сепаратшылыққа және ұрысқақ ұлтшылыққа қарсы мықты шекара шегетін болады.

Армения Республикасының осындай әрекетіне қарсы болғанымды білдіріп, мемлекет басшыларына тікелей шақырумен ұсыныс жасап тұрмын:

1. Армения Республикасының Азербайжан Республикасына қарсы шабуылына саяси баға берсін;

2. Армения Республикасыннан Азербайжан Республикасына қарсы соғыс операцияларын тоқтату толығымен талап етсін;

3. Армения Республикасы қарулы күштерінің барлық топтарының Азербайжан Республикасының аймағынан тезарада шығаруға;

4. Армения Республикасының соғыс операцияларына жаңадан бастауға мықты саяси тапсырыс беруді талап етсін. Мұнсыз қашқындардың және көшкіндердің өз жерлеріне қауіпсіз оралулары мүмкін емес;

5. Материалдық шығынның анықталуымен шабуылшылардың Азербайжан аймағында қылмыс амалдарға баға берілуі бойынша бағаландырылуына бола ТМД мүшесі болған мемлекеттердің өкілдерінен тұратын ерекше комиссия құрсын.

Осы ұсыныстар амалы орындалмастан бейбітшілік орнамайды, қарсылықты тұрғыда пайдалы экономикалық біргежұмыс үшін жағдай тудырылмайды, мұнсыз не өрлеу, не демократия, не керек десең бізддің бірлігіміздің болуы мүмкін емес.

Біз, сонымен қатар Коллективті Қауіпсіздік туралы келісімнің мәтініне Бірліктің қауіпсіздігі үшін қорқыныш тудыратын ендігі және келешекте болатын жағдайларға асығыс пікір білдірмеген механизмінің болдырылуына бағытталған түзелтулер бергенбіз. Біздің толық сеніміміз осылай, Бірлік мемлекеттерінің қауіпсіздігі шетел шекараларының қауіпсіздігінен оданда көп жалпы үйімізде бейбітшілікпен тыныштық болуы үшін.

 «Азербайжан» газеті, 13 желтоқсан 1993-ші жыл