Азербайжан Республикасының Президенті, Жоғарғы билеуші Гейдар Алиевтің Ходжалы өңірін дұшпаннан қорғап, шехит болған қаһармандардың, жауынгерлердің ата-аналарын, жанұя мүшелерін "Алтын жұлдыз", "Азербайжан жалауы" орден және медальдарымен марапаттау салтанатындағы сөйлеген кіріспе және қорытынды сөзі - 26 ақпан 1999 жыл


Құрметті қарындастар, бауырлар, достар!

XX ғасырда Азербайжан халқына армян халқы тарапынан бірнеше рет агрессия, геноцид жасалған. Бұл жасалған соққылардың ауыры - Ходжалы трагедиясы, геноциды.

Жеті жыл бұрын, ақпанның түнінде армян қарулы күштері және Кеңес үкіметі армиясының 366-шы полкы бірлесіп, Азербайжан мемлекетінің ғажайып өңірінің бірі – Ходжалы өңіріне соққы жасады. Бұл соққы адам сенгісіз, ең сұрапыл жауыздықпен жасалған геноцид XX ғасырдың ең ауыр трагедияларының бірі болды. Бейбітшілікпен, татулықпен өмір сүріп жатқан Ходжалы тұрғындарына бір түнде шабуыл жасалды. Бұл соққы нәтижесінде жүздеген Ходжалы тұрғындары жарақат алып, мүгедек болып, үлкен зиян кешті, жүздеген адамдар тұтқынға алынды.

Бұл трагедия- Азербайжан халқына Армян-Азербайжан соғысы кезеңіндегі жасалған ең ауыр соққы болды. Ходжалы тұрғындары бұл трагедияны ерлікпен батырлықпен қарсы алды. Олар өзінің жанұясын, қаласын батырлықпен қорғап, өз елі үшін шейіт болды. Армян халқы тарапынан болған соққының есебінен Ходжалы аулаға қызыл қанға балиды.

  Бұл трагедия Азербайжан халқын тебірентіп, Ходжалы тұрғындарының көңіл- күйінде ауыр әсер қалдырды. Дегенмен, Ходжалы тұрғындарының ерік-жігері сынбады, олар батырлықпен, ер жүректілікпен өздерін құрбан етіп, бұл трагедияны ерлікпен қарсы алды. Ержүрек Ходжалы тұрғындары бүгінгі таңда да трагедияның 7 жылдық күнінде де, ерлікпен, сеніммен өмір сүріп келе жатыр.   

Армян–Азербайжан қақтығыстарының соңына нүкте қойылатынына, Азербайжанның басып алынған жерлері  босатылып өз жерлеріне зорлықпен қуылған біздің отандастарымыз өз отанына, жеріне қайта оралатынына ешқандай да күмән жоқ. Ходжалы басқыншылардан босатылып және Ходжалының байырғы тұрғындарының өздерінің туылған жерлеріне қайта оралатынына ешқандай да күмән жоқ.

Бірақ Ходжалы жарасы біздің жүрегімізде мәңгі өмір сүретін болады. Ходжалы геноцидін жасағандар заңмен жазаланады. Ходжалы трагедиясына себепші Азербайжанның бұрынғы басшылығы мен лауазым тұлғалары халық алдында өз жазасын тағайындайды.

Біздің еліміз тарихтың ұзақ уақыты бойы үлкен соғыстарды бастан кешірді, өзінің жерін, ар-намысын қорғай отыра өздерін құрбан етті. Бүгінгі күні де біздің халқымыз, соның ішінде Ходжалылықтар Азербайжан мемлекетінің тәуелсіз болуы үшін, біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігін, барлық басып алынған жерлердің бостандығы үшін соңына дейін күресетініне көзім жетеді.

Бүгінгі күні Ходжалы трагедиясының жетінші жылдығында, мен, Ходжалыда шахид болып, қаза тапқан біздің балаларымыздың әруағы алдында бас иемін. Оларды бір минут тыныштықпен еске алуымызды өтінемін.

Барлық шехидттердін рухын Құдай тыныштандырсын!

Ал енді Ходжалы жерін батылдық танытып қорғай отырып шахид болғандардың отбасы мушелері, ата-аналарына Азербайжан мемлекетінің марапатын табыс еткім келеді.

 Қорытынды сөз сөйлеу.

Құрметті қарындастар, інілер, достар!

Бүгін біздің Отанымызда, Біздің елімізде еске алу күні! Біздің халқымыз, Азербайжан азаматтары, ходжалы геноцидінің жеті жылдығын еске ала отырып, Ходжалы қасіретінің терең қайғысын еске алады. Бүгін біз Ходжалы геноцидінің салдарынан қаза тапқандар, жарақат алғандар, мүгедек болғандар, тұтқынға түсіп осы уақытқа дейін табылмағандарды еске ала отырып, барлық ходжалылықтарға біз олармен бірге екендігімізді айтамыз.

Ходжалы трагедиясы – ол тек ходжалылықтардың ғана емес, сонымен қатар бүкіл Азербайжан халқының қайғысы мен қасіреті. Сондықтан да бүгін бүкіл елде – қайғы-қасірет, еске алу күні. Мен құдайдан тағы да барлық марқұмдардың  рухын тыныштатуды сұраймын және бүкіл Азербайжан халқына, ходжалылықтарға көңіл айтамын. Сондықтан да біздің қаза болған әрбір отандасымыз - тек өз отбасының ұлы емес, сонымен қатар Азербайжанның және Азербайжан халқының ұлы болып саналады.

Сонымен қатар бүгінгі сіздермен кездесуіміз маған үлкен әсер қалдырды. Сіздер осы жерде менің 1993 жылы Президент болып сайланғанымнан кейін, мен Азербайжан халқының басына  келіп түскен қайғыны терең талдай келе қажетті іс-шараларды қабылдадым. Сонымен қатар 1994 жылдың ақпан айында Ходжалы геноцидіне баға беріліп, бүгінгі күн қаралы күн болып жарияланды.

Бірақ ходжалылықтармен кездескен сайын мен мақтаныш сезімін сезінемін. Сонша қайғыны басынан кешірген, сондай қорқынышты күндерді көрген, көз алдында туған-туыстарынан айрылған адамдар – қайсар және күшті. Олардың әрбірі Отан деп күн кешіп, туған жерге деген махаббатымен өмір сүреді. Ол біздің халқымыздың өнегелілігінің жоғарылығының қаншалықты екеніне күәгер бола алады. Ходжалылықтардың көңіл-күй сапасының жоғарылығы бүкіл Азербайжан халқының көңіл-күй сапасын жоғары  деңгейде көрсетеді. Бірақ ходжалылықтар барлығы үшін - ерліктің, батылдықтың, беріктік пен патриоттықтың нұсқасы бола алады.

Осы жерде көптеген жақсы сөздерді айта кеткеніңіз үшін Сізге рахмет. Сіздің әрбір сөзіңізде терең мағына жатыр. Онда сіз балаларыңыздан, отағаңыздан, ағаңыздан, туған-туыстарыңыздан айрылып қалсаңызда Сіз болашаққа деген сенімді үмітпен өмір сүретініңізге. Мен сіздің күйіңізді толығымен бөлісемін. Ия, бірінші Арменияның Азербайжанға қарсы агрессиясы – 1998 жылдан бері біз ауыр күндер мен жолдарды бастан кешіріп, үлкен шығын арттық. Сонымен бірнеше жылдардан бері біздің жерлеріміз армян қарулы күштерімен басып алынған. Ол біздің қайғымыз, біздің халқымыздың қайғысы.

Сонымен қатар 1994 жылы қан төгіс алауы тоқтатылып және біз өз жерімізді бейбітшілік жолмен азат еткіміз келеді, келіссөздер арқылы біздің еліміздің аймақтық бүтіндігін қалпына келтіргіміз келеді.

Әрине жаудың жерді жаулап алғаннан кейін ол жерден қуып шығу қиыны рас. Бірақ біз сол жолмен жүріп келе жатырмыз. Бізбен жүргізіліп жатқан бейбітшіл саясат пен қолға алынып отырған шаралар өз нәтижесін береді деп, - мен сенемін.

Сонымен қатар сіздің осы жердегі сөз сөйлеуіңіз әділ деп ойлаймын, ол біз үшін үлкен өнеге қолқабыс. Ия, егерде сіздің бейбітшіл қадамдарыңыз, ықыласыңыз, қолға алынып отырған шараларыңыз соңында басып алынған жерлерді босатылуын қамтамасыз етсе, біз өзіміздің жерімізді, кез-келгенді құрбан етіп қалай да болса азат етеміз. Сіз өзіңіздің жеріңізге ораласыз, Азербайжанның территориялық бүтіндігі қайта қалпына келеді. Ол біздің қасиетті парызымыз - ата-бабаларымыз алдындағы парыз, біздің осы уақыттағы, келер ұрпақ алдындағы парыз.

Азербайжан Президенті ретінде мен өз жауапкершілігімді сезінемін. Менің Азербайжан Президенті ретіндегі негізгі қызметім Азербайжан аймақтық бүтіндігіне, жаулап алған жерлердің босатылуына арналады.

Өткен жылдары мен күндіз - түні осымен шұғылдандым. Бүгінгі күні де осымен шұғылданудамын, болашақта да шұғылданамын. Шехиттер отбасылары, отандастарымыз, босқындар мен әрқашанда Сіздермен бірге болатындығына сенімді болыңыздар. Сіздер мен үшін – ең қымбатты, ең жақсы көретін Азербайжан азаматтарысыздар және мен әрқашанда сіздермен бірге боламын. Біздің барлығымыз біргелікте басып алынған жерлерді босатып аламын деп сенемін. Ходжалы босатылып, Ходжалы жері өз тұрғындарына қайта беріледі және сіздер өз жерлеріңізге иелік етесіздер.

Мен сіздерге денсаулық тілеймін. Бүгін Құдайдан тағы да шехидттардың рухын тыныштандыруды сұраймын! Сіздің әрқайсыларыңызға шыдамдылық, беріктік, барлық істеріңіздің жемісті болуын тілеймін. Рахмет!