Азербайжан Республикасының президенті Гейдар Алиевтің БҰҰ-ың бас хатшысы Бутрос-Гали Бутроспен кездесуіндегі айтқан сөзі - 30-шы қазан 1994 жыл


Құрметті бас хатшы, доктор Бутрос Бутрос-Гали мырза!

Мен тағыда бір рет сізді Азербайжан Республикасында, Азербайжан жерінде сәлемдеймін. Сізге, Азербайжан Республикасына көрсеткен қызығушылығыңыз, көңіл аударғаныңыз үшін және келуіңіз үшін алғысымды білдіремін.

Азербайжан Республикасы 3 жыл бұрын Тәуелсіздігін алды, ол БҰҰ-ың мүшесі болып табылады. БҰҰ-ың бас хатшысының Азербайжанға келуі, Азербайжан Республикасының алдында тұрған мәселелердің шешілуінде үлкен роль атқаратыны күмәнсіз. Біз, Азербайжан Республикасының қоғамы, бұған үлкен үміт артамыз.

Бәрімізге мәлім болғандай, БҰҰ әрдайым, Азербайжан Республикасының мәселелерімен шұғылдануда. Азербайжан Республикасы, алты жылдан астам уақыттан бері Армения әскери - агрессивтік әрекетіне душар болуда. Азербайжан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бүгінге дейін- 3 жыл ішінде БҰҰ және оның Қауіпсіздік Кеңесі бұл мәселенің шешілуін көздеп отыр. Бұл жолда көп істер атқарылды. БҰҰ, оның Қауіпсіздік Кеңесі және бас хатшы мырзаның бұл істе көп еңбегі бар. Бутрос-Гали мырза, жасаған қызметіңіз, қабылдаған шешіміңіз үшін сізге Азербайжан Республикасының атынан алғысымды айтамын.

Азербайжан Республикасы, мемлекет ретінде, тәуелсіздігін аз уақыт бұрын алғанымен көптеген қиын мәселелермен қарсыласқан. Азербайжан, басқа Республикалар сияқты, жуырда Совет Одағының құрамында болған және енді ғана өз тәуелсіздігін алғанымен өтпелі кезеңнің ішінде. Бұл үш жыл ішінде біз Азербайжанның тәуелсіздігін қамтамасыз етуге тырыстық, ал екінші жағынан, Республикамызды жаңа демократиялық жолға шығардық.

Азербайжан халқы, Азербайжан Республикасы көп жылдар бойы Кеңес Одағының құрамында болған, социалистік, коммунистік идеологиямен өмір сүрген, енді ғана ол принциптерден бас тартқан мемлекет. Азербайжанда тәуелсіз мемлекеттің құрылыс процесі жүріп жатыр. Біздің мақсатымыз құқықтық, демократиялық мемлекет, бүгінгі күнге сай, құқұқтық қоғам құру.

Азербайжанда күрделі экономикалық өзгерістер көзделіп отыр. Біздің Республикамыз өз экономикасын нарықтық экономика принципі бойынша дамытуды бастады. Экономикалық реформалар жасау, нарықтық экономикаға жол ашу, инициативтікке және кәсіпкерлікке шарттар құру біздің экономикадағы басты жолымыз. Бір сөзбен айтқанда, экономика алаңында Азербайжан нарықтық экономика жолына барады әрі де баруда, және әлемдік экономикамен байланыста болып оны нығайтып, әлемдік экономикалық қоғамдастығына кіруді қалайды.

Өтпелі кезең Азербайжан өмірінде, күрделі мәселелерге, мемлекеттің ішінде қиындықтарға әкеліп соққаны күмәнсіз. Бір қоғамдық, экономикалық, саяси системадан екіншісіне өту, әрине, белгілі уақытты жәнеде маңызды қадамдарды қажет етеді. Бізге қаншама қиын болсада, біз бұл жолдан таймаймыз. Біз Азербайжанның тәуелсіздігін тек осы жолда қамтамасыз етуді қалаймыз.

Қазіргі заманда Азербайжан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дағдарыста болып табылады. Мен айтқанымдай, бұл жағдай бір жағынан өтпелі кезеңге, екінші жағынан Азербайжан соңғы алты жылдан астам уақыт соғыс жағдайында болуымен байланысты. Бұл қиындықтарға қарамастан Азербайжан әрі қарай өз тәуелсіздігін күшейту жолында әрекет етуде. Азербайжан халқы көптеген жылдардан, ғасырлардан бері ұлттық бостандық, тәуелсіз мемлекет арманымен өмір сүрген. Азербайжан мемлекеттік тәуелсіздігін алуы халқымыз үшін тарихи жағдай. Біздің мақсатымыз, тәуелсіздік жолымызды әрқашан қорғап сақтау және біз осы жолда табысқа жететінімізге сенемін.

Азербайжанның сыртқы саясаты барлық мемлекеттермен бірдей құқұқтық қарым-қатынасқа бағытталған. Мен, 29 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясында бұл туралы Азербайжанның көзқарасын мәлімдегенмін.

Тәуелсіздіктің үш жылы ішінде, әсіресе соңғы бір жылда Азербайжан бұл бағытта маңызды қадамдар атқанын, көп мемлекеттермен жылы қарым-қатынас құрғанын тағыда айтқым келеді. Азербайжан бұл әрекетімен күллі әлемге өзінің ашықтығын әшкерледі. Біз, қызығушылық көрсеткен бүкіл әлемдік қоғамдастықтарға, халықаралық ұйымдарға, компанияларға және фирмаларға, инвестицияларын Азербайжанға қоюын, Республикамызбен іс-әрекетте болуларына және ол үшін шарттарды дайындауға, қарым-қатынаста болатынымызды үндеймін.

20-шы қыркүйекте Каспий теңізі аймағында мұнай өндіру үшін шетелдегі әлемдік компаниялармен үлкен келісімшартқа қол қойдық. Біз, бұдан кейін де Азербайжанға шетелдік, фирмалар мен компаниялар тарапынан инвестициялар қойылуына жағдай жасаймыз. Бір сөзбен айтқанда, Азербайжан тәуелсіз Республика ретінде, БҰҰ мен әлемдік қоғамдастығында өз орнын табуына атсалысады.

Бірақ сіз білгеніңіздей, Республикамыз үшін, ең қиын, ең маңызды мәселе Азербайжанға бағытталған әскери агресияны доғару. БҰҰ оның Қауіпсіздік Кеңес және сіз өзіңіз бас хатшы мырза бұл мәселемен шұғылданғаныңызды және білетініңізді тағыда атап айтқым келді. Мен, біздің кездесу кезіндегі әңгімеміздің көбін осы мәселе төңірегінде болуы қажет деп ойлаймын. Сіздің келуіңіз де бұл проблемамен байланысты екені белгілі. Азербайжаннан кейін Грузияға және Арменияға барасыз. Бұл, біздің аймақта болған жағдай сізді қызықтыратынын білдіреді, біз де аймағымызда бейбітшілікпен тыныштықтың орнауы үшін сіздің мүмкіншіліктеріңізді пайдалануға өте қызығушылықтамыз.

Алты жылдық қақтығыстың нәтижесінде Армения қарулы күштері Азербайжан Республикасының 20 пайызын басып алғанын айтқым келеді. Басып алынған аймақтар Азербайжанның қарамағындағы Таулық Қарабах аймағы және оның төңірегіндегі жеті аудан болып табылады. Бір миллионнан астам Азербайжан азаматтары аталмыш аймақтан қашуға мәжбүр болды. Олардың көбі палаткаларда, кейбіреулері оғанда зәру, әрі ауыр жағдайда өмір сүруде. Бұлардың бәрі Азербайжан Республикасында әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ақуалын қиындата түсіруде.

Сіз білесіз, бірақ мен Азербайжанның соғысты бастамағанын тағыда айтып өткім келді. Азербайжан, жай сөзбен айтқанда соғысқа араластырылды. Алты жыл бұрын, Азербайжанның жері болып саналатын Таулық Қарабахты басып алу мақсатымен, Армения агрессивтік әрекетін бастатты. Өкінішке орай, кейбір мемлекеттің Арменияға жасаған көмегінің арқасында және т.б. себептерден Армения Азербайжанның біраз жерін жаулап алды.

Бұл соғыстың нәтижесінде Азербайжан өз халқының 20 мыңын жоғалтты, олар марқұм болды. Жүз мыңнан астамы жарақат алды, мүгедек болды. Жаулап алынған жерлердегі тұрғын үйлер, завоттар, фабрикалар, әлеуметтік ғимараттар өртендіріліп, құлатылды. Осылайша бұл соғыс Азербайжан халқымен Азербайжан Республикасына һәм матералдық һәм моральдық маңызды зиянға ұшыратты. Мұның бәріне қарамастан, Азербайжан мәселенің бейбіт жолмен шешілуі үшін атсалысады. Бірақ бұл мәселенің бейбіт жолмен шешілуі үшін жасаған біздің әрекетіміз әлі де нәтижесін береқойған жоқ.

Арменияның Азербайжанға жасаған қастандығы мәселесі, БҰҰ-ың Қауіпсіздік Кеңесінде бірнеше рет талқыланғанын сіз білесіз. Қауіпсіздік Кеңесі бұл туралы төрт резалюция қабылдаған болатын. 1993-ші жылдың сәуір айында Кяльбаджар ауданының басып алынуы туралы 822-ші резалюция, одан кейін Физули, Жәбраиль, Зангилан, Губадли аудандарының басылып алынуына байланысты 874-ші, 884-ші резалюциалар қабылданған. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі армения қарулы күштерінің басып алынған жерлерден шартсыз, сөзсіз шығуын талап еткен болатын.

Бұл резалюциалар тысында Қауіпсіздік Кеңесі төрағасы армения қарулы күштерінің Азербайжан жеріне жасаған шабуылы туралы алты рет сөз қозғаған-ды. Бас хатшы мырза, сіз өзіңіз де бұл туралы бірнеше рет маңызды сөз қозғадыңыз. Бірақ, өкінішке орай қабылданған шешімнің ешбіреуі орындалған жоқ. Армения тарапы бүгінге дейін Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ-ың шешіміне бағынбай тұр. Өкінішке орай халықаралық нормаларды бұзғаны үшін олар әлі де жауапқа тартылмай қалып отыр.

Мәселенің бейбіт жолмен шешілуі үшін біз БҰҰ-мен де ОБСЕ-мен де тығыз байланыстамыз. Бұл конфликтіге байланысты ОБСЕ-нің ішінде Минск тобы құрылған. Азербайжан Республикасы Минск тобымен әрқашан қарым-қатынаста, біз де ОБСЕ де өз тарапымыздан Минск тобының жұмыс істеуі үшін қолайлы шарттар жасауға тырысудамыз.

Соңғы жылдарда бірнеше мемлекет өз қалауларымен мәселенің шешілуіне араласуды қалаған еді. Мұндай қалауды АҚШ, Ресей, Түркия елдері көрсетті. Біз бұл қалаулардан да пайдалануға тырыстық.

Соңғы уақыттарда Ресей өз қалауымен үлкен жұмыстар жасауда, әрі екі елді келістіруші қызметін атқаруға тырысу жолында маңызды әрекеттер де жасауда. Біз Ресейдің осы жемісті әрекетін де пайдаланғанбыз және пайдаланудамыз. Себебі біздің мақсатымыз мәселенің тек қана бейбіт жолмен шешілуі. Соған орай біз әділетті шешім қабылдаушы мемлекеттердің инициативасын, мәселенің дұрыс шешілуін қабылдаймыз.

Минск тобы мен Ресейдің араласу нәтижесінде Армениямен Азербайжанның арасындағы келіс сөздің нәтижесінде, бес айдан астам уақыт атыстың тоқтағанынан хабарыңыз бар. Біз мұны үлкен жетістік деп есептейміз. Сонымен қатар да соғыстың тоқтау режимін дұрыс қолданып үлкен бейбіттің орнауына да тырысудамыз. Бұл жолда біз Минск тобымен және де Ресеймен жұмыс ішіндеміз. Біздің мақсатымыз үлкен бейбітті орнату мен соғысты толығымен тоқтатудан тұрады.

Күмәнсіз, біз бұл мәселеде өз шарттарымызды қоюдамыз. Үлкен бейбіттің орнатуы мен соғыстың толығымен тоқтатылуы үшін шарттарымыз, Армения қарулы күштерінің басып алынған жерлерімізден толығымен шығуынан тұрады. Мәселені осылайша қойғанымызбен, біз бірінші этапта армяндардың қарулы күштерінің басып алынған жерлерімізден толығымен шығуын, дәлірек айтсақ оның ішінде Лашын, Шуша аудандарын да босатуы керек деп есептейміз. Таулық Қарабах мәселесі екінші этапта шешілуі тиіс. Басып алынған жерлер босатылғаннан кейін халық өз жерлеріне қайтуы тиіс. Егерде біз Лашын мен Шуша аудандарының босатылуына қол жеткізер болсақ, келісім сөздің екінші этапына яғни ққ Қарабах мәселесінің статусына қарасты мәселені бастауға болар еді, бұл жолда жетістіктерге жетуге қадам басар едік.

Бұл ұсыныстарды ұсына отыра, біз, күмәнсіз, Таулық Қарабахта тұратын армян халқының да қауіпсіздігін көздейміз. Өз жерлеріне қайтуға тиісті қашқындар күмәнсіз өз жерлеріне қайтуы керек. Бүкіл Азербайжан азаматтарының қауіпсіздігі сақталуы тиіс. Таулық Қарабахтың демократиялық ахуалы жаңғыртылуы керек. Өйткені, Таулық Қарабахта армяндар мен бірге Азербайжандықтар да өмір сүрген. Олар да өз елдеріне қайтуы керек. Алты жылдық соғыстың нәтижесінде өзара сенімсіздік пайда болғаны да сөзсіз. Сондықтан бұл мәселелер бірнеше этаптармен шешілуі тиіс.

Мұның бәрінің нәтижесінде Азербайжан Республикасының топырақ бүтіндігі сақталуы, еліміздің шегара қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс. Азербайжан Республикасы, тәуелсіз суверендік мемлекет ретінде өз жерлерінің және шегараларының қожайыны болу керек. Бас хатшы мырза, БҰҰ, оның Қауіпсіздік Кеңесімен, сіз келешекте көп нәрсе істей алатыныңызға сенім артамыз. Мәселелердің шешілуі ОБСЕ-ге байланысты болғаны үшін және де шешілуі үшін Минск тобы құрылғанына байланысты, біз ОБСЕ мен Минск тобы арқылы нәтижеленуін қалаймыз.

Ресейдің келістіруші күшін, бұл аймақтағы мүмкіншілігін жоғары бағалай отыра, біз, Ресейдің ОБСЕ-нің Минск тобымен бірге жұмыс істеуін қолдаймыз. Бұл іс біздің аймағымыздағы мәселенің дұрыс шешілуіне бағытталуы керек деп есептейміз.

Біріккен Ұлттар Ұйымы 49 жылдан бері ең танымалы және де әлемдегі процестерді шешуінде ең шыңдағы ұйым болғандығына, дүниенің түкпір-түкпірінде, аймақтарында болып жатқан оқиғаларда маңызды іс атқаруы күмәнсіз. Мен, Біріккен Ұлттар Ұйымының 50 жылдығына дейін барлық мүмкіндігін қолдана отырып, біздің аймағымыздағы да мәселелерді шеше алады деп сенемін.

Бас хатшы мырза Бутрос-Гали, біз және бүкіл Азербайжан халқы сізді үлкен дипломат, әлемдік саясатта үлкен жетістіктерге жеткен жеке тұлға ретінде танимыз. Бейбітшіліктің орнауындағы, тыныштықтың сақталуындағы еңбектеріңіз Азербайжан халқына таныс екенін және біз оны жоғары бағалайтынымызды айтқым келеді. Азербайжанның осы қиын жағдайдан шығуы үшін сіз өз авторитетіңізді, құрметіңізді, мүмкіншілігіңізді қолданасыз деп үміт етемін. Біз сізді осындай үмітпен, пікірмен күткен едік сол үшін де мен сізбен осы тілектермен әңгімеге бастаймын. 

«Азербайжан» газеті, 1 қазан, 1994-ші жыл.