Каспий Шельфасында мұнай шығарылатын жерлердің бірге орындалуы туралы Бакуде Азербайжан Мемлекеттік Мұнай Компаниясы мен шетел мұнай компанияларының консорциумы арасында келісім шартқа қол қою жиынында Азербайжан Республикасының Президенті Гейдар Алиевтің сөйлеген сөзі. 20 қыркүйек 1994 ші жыл, «Гүлстан» сарайы


scotch egg
scotch egg
scotch egg
scotch egg
temp-thumb
temp-thumb
temp-thumb
temp-thumb

Ханымдар мен мырзалар, құрметті қонақтар!

Бүгін Азербайжан Республикасының өмірінде тарихи бір кезең болып тұр. Каспидің Азербайжан Республикасына қатысты секторында «Азери», «Чыраг» мұнай шығарылатын жерлерінің және «Гюнешли» мұнай шығарылатын жерлерінің бір бөлігінің бірлесіп орындалуы туралы Азербайжан Республикасының Мемлекеттік Мұнай Компаниясы мен шетел мемлекеттерінің мұнай компаниялары арасында үш жыл бойы жүріп жатқан келісімдер аяқталған және бірігіп жұмыстар жүргізілуі үшін келісім шарттың жобасын дайындап ұсынған болатын.

Бүгін біз Азербайжанның астанасында, Бакуде, осы көркем «Гүлстан» сарайында келісім шарттың қол қою жиынына жиналып отырмыз. Келісім шарттың қол қойылуына байланысты Бакуге шетел мемлекеттерінен мемлекет өкілдері, қонақтар келген. Бакуге, осы жиынға қатысу үшін келген қонақтарымыздың барлығына шын жүректен сәлем беріп, оларға «Қош келдіңіздер» деймін.

Азербайжан Мемлекеттік Мұнай Компаниясының шетел мемлекеттерінің мұнай компаниялары мен жүргізген келісімдер осы өлкелердің мемлекет және үкіметтерінің қарамағы астында болған және олар тарапынан қолданған. Келісім шарттың қол қойылу жиынына шетел мемлекеттерінің делегациялары келген. Осы жиынға қатысып отырған Америка Құрама Штаттарының, Ресей Федерациясының, Ұлы Британя Патшалығының, Түркия Республикасының, Норвегияның делегацияларын шын жүректен құттықтаймын, оларға «Қош келдіңіздер!» деймін.

Осы тарихи жиынға қатысып отырған Түркия Республикасының мемлекет министрі құрметті Нәжмәддин Джөвхәриге, Ұлы Британя Патшалығының энергетика министрі құрметті Тимоти Еггари мырзаға, АҚШ энергетика министрі құрметті Уилям Уайт мырзаға, Норвегия мемлекеті өнеркәсіп және энергетика министрінің бірінші көмекшісі құрметті Гуннар Мурвант мырзаға, Ресей Федерациясының Жанармай және Энергетика Министрлігі Бас Басқармасының бастығы құрметті Станислав Пугачқа, осы жиынға қатысу үшін еңбек етіп Бакуге келген және біздің қатарларымызда болған Ұлы Британя Парламентінің мүшелеріне, Англия Азербайжан Достығы Қоғамының делегациясына, біздің жиынға қатысып отырған Ислам Даму Банкасының Президенті құрметті Осам Жәфәр Факих мырзаға, Азербайжандағы дипломаттық корпустың делегаттарына, құрметті елшілерге, халықаралық ұжымдардың өкілдеріне және жетекшілеріне қош келдіңіздер деймін.

Азербайжан Мемлекет Мұнай Компаниясы шет мемлекеттердің мұнай компанияларымен және олардың кейін қосылған консорциюм мен үш жыл мерзімінде келісімдер жүргізген, келісім шарттың жобасын бірлесіп дайындаған. Осы үлкен мұнай компанияларының делегациялары біздің бүгінгі жиынға қатысып отыр. Мен оларға шын жүректен алғысымды білдіремін. «АМОКО» компаниясының президенті Уилям Лаури мырзаға, «Би-Пи» компаниясының делегациясына, оның бастығы, компанияның президенті Жон Браун мырзаға, «Статойл» компаниясының делегациясына, оның бастығы Иохан Ник Волд мырзаға, «ЛУКойл» компаниясының делегациясына, оның бастығы, компанияның президенті Вахид Алекперов мырзаға, «Мак Дермотт» компаниясының делегациясына, оның бастығы Уилям Витнис мырзаға, «Пеннзойл» компаниясының делегациясына, оның бастығы, компанияның президенті Томас Хамилтон мырзаға, «Ремко» компаниясының делегациясына, оның бастығы, компанияның президенті Стивен Ремпо мырзаға, «Түркия Петроллери» компаниясының делегациясына, оның бастығы, компанияның президенті Томас Хамилтон мырзаға, «Юнокал» компаниясының делегациясына, оның бастығы, компанияның президенті Жон Амели мырзаға, «Делта интәнәшнл» компаниясының делегациясына, оның бастығы, компанияның президенті Фатех әл-Албан мырзаға шын жүректен алғысымды білдіремін.

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Мұнай Азербайжан Республикасының және Азербайжан халқының ең үлкен ұлттық байлығы. Азербайжан көне дәуірлерден мұнай мекені, мұнай және газ сияқты табиғи байлықтарға ие. Бұған бола да Азербайжанды Жалынды Mекен деп атап кеткен. Азербайжанда мұнай өндірілуі, оны пайдалану, мұнайдың тазалануы үлкен тарихқа ие. 1847-ші жылы Азербайжанда-Бакуде, Бибихейбетте алғаш болып мұнай фонтаны атқылаған. Азербайжанда мұнайдың өндіріс әдісі мен шығарылу процедурасы да сол кезден басталған. 1872-ші жылы Нобел ағайындары Бакуде алғаш мұнай компаниясын орнатқан және сонымен де Азербайжан мұнайынан пайдалану үшін, шетелдердің фирмалары, шетел қаржысы өлкемізге келе бастады.

Осылайша, XIX ғасырдың екінші жартысында бір қатар дүние өлкелері, дамыған мемлекеттердің фирмалары Азербайжанда, Бакуде мұнай шығарылуына үлкен қызығушылық көрсеткен. Сол ғасырдың соңынан бастап Баку мұнайының шығарылуы үшін көптеген шетел мемлекеттерінің компаниялары жұмысқа кіріскен. 1872-ші жылы Азербайжанда 26 мың тонна мұнай шығарылған. Осы ғасырдың бастапқысында, 1900-шы жылы Азербайжанда артық 10 миллион тонна мұнай алынған еді, бұл да Ресейде шығарылған мұнайдың 95 процентін, ал әлемде шығарылған мұнайдың 50 процентін құраған еді. XX ғасырдың бірінші 20-шы жылында да Азербайжанда шет мемлекеттердің мұнай компанялары және жергілікті қожалары Баку мұнайының шығарылуы, өңделуі үшін өте үлкен жұмыстар атқарған және Азербайжанда мұнай өндірісі дамыған.

Осы дәуірдің шарты ретінде Азербайжанды мұнай өндірісі тарихының бірінші кезеңі деп атауға болады. Сол дәуірде Баку мұнайын барлық әлем пайдаланған. Азербайжан мұнайы шетел мемлекеттерінің компанияларына үлкен пайда берген. Азербайжанда үлкен қожалары ортаға шыққан, олар көптеген мөлшерде пайдаға ие болған. Сол дәуірде Азербайжан мұнай өндірісінің дамуы Бакудің, жалпы, Азербайжанның дамуына үлкен ықпал еткен. Азербайжанның астанасы Баку үлкен өндіріс қаласына айналған және сол кезде Ресей императорлығының аймағында ең ірі өндірістік орталықтарының бірі болған. Көне тарихқа ие болған Бакуымыз сол дәуірде жаңа келбетке ие болған, кеңейген, көркемденген және бұл жерде сол кездің талаптарына сай заманауи ғимараттар, өндірістік нысандар, заводтар, басқа өндірістік аймақтары соғылған. Бүгін біз сол кезеңде орындалған жұмыстарды лайығынша бағалай біліп және Азербайжанның, Бакудің дамуында мұнайымыздың үлкен ролі болғанын атап өтуіміз керек.

1918-ші жылы өлкемізде демократиялық мемлекет құрған, Азербайжан өз егемендігіне ие болған, екі жылға жуық мерзімде егеменді мемлекет сияқты өмір сүрген, осы мемлекет халқымызға қатысты байлықтардың оның әл - ауқатына бола пайдаланылуы үшін әрекет еткен. Бірақ, өкінішке орай, осы әрекеттер күтілген нәтижені бермеген. Өйткені 1920-шы жылы Азербайжан демократиялық мемлекеті шөге бастаған.

Сол жылы Азербайжанда кеңес социалист үкіметі құрылған. Бұдан кейін 70 жыл бойы Азербайжан сол құрылу жағдайында, Кеңес Одағының құрамында болған. Азербайжан халқының ең үлкен байлығы болған мұнай Кеңес Одағының пайдасы үшін қолданылған болатын. Сол дәуірді мұнай өндірісінің өмірінде екінші дәуір деп атауға болады. Бұл дәуірде Азербайжанның мұнай өндірісі жылдам дамыған. Кеңес Одағының өндірісінің және экономикалық күшінің, өндірістік әлеуметінің дамуы үшін Азербайжанның мұнай өндірісі өте қажетті болғанына бола үлкен ықпал жасалған. Сол үшін де, Азербайжан мұнай өндірісінің дамуында біршама табыстарға ие болған.

Сол дәуірде Азербайжан мұнайшыларының үлкен армиясы құрылған. Азербайжанда мұнай және газ өндірісі жылдам дамыған, үлкен жұмыс орындары соғылған. Мұнай алаңында үлкен ғылым ошақтары, ғылыми-зерттеу Институттары орнатылған. Мұнай өндірісі үшін жоғары дәрежелі мамандар дайындау мақсатымен ашылған Институт, енді Мұнай Академиясы деп аталған. Азербайжан мұнайшылары, мамандары, ғалымдары, бір сөзбен айтқанда мұнай алаңында қызмет атқарған барлық адамдар республиканың мұнай өндірісінің дамуы үшін тынбай жұмыс істеген, Азербайжанның тарихында атақты іздер қалдырған.

Айтқанымдай, Азербайжан мұнайы оның өзінің емес, барлық кеңес Одағының дамуы үшін пайдаланылған болатын. 1941-1945-ші жылдардың екінші дүние жүзі соғысы дәуірінде Азербайжан мұнайы барлық өлкеде шығарылған мұнайдың 75 пайызын құрған болатын. Сонымен қатар Азербайжанның мұнай өндірісі, біздің мұнайшыларымыз барлық әлем үшін қауіпті болған неміс фашизмінің жеңіліске ұшырауында, жойылуында үлкен қызмет көрсеткен.

Кеңес Одағының әр жерінде жаңа мұнай шыққан жерлерінің өндіріске шығарылуында, олардың қолға алынуында Азербайжанның мұнай алаңында жұмыс істеген ғалымдардың, мамандарының, мұнайшыларымыздың күшті әрекеті болған.

Кездейсоқ емес, олардың ықпалдарының және еңбектерінің арқасында Кеңес Одағы аймағында өндіріске шығарылған жаңа мұнай жерлері «Екінші Баку», «Үшінші Баку» және «Төртінші Баку» деп аталған. Ресейдің ең ірі Сибирь, Тюмень мұнай жерлерінің табылуында және қолға алынуында, сол жерде үлкен мұнай мен газ комплекстерінің орнатылуында Азербайжан мұнайшыларының еңбектері сіңген және бүгінге дейін де олар сол аймақтарда жұмыс істейтін мұнайшылардың көпшілігін құрайды.

Бүгін мен барлық осы мағлұматтарды қонақтарымызға жеткізуді, Азербайжан халқына тағы бір рет еске түсіруді қажет деп білем. Өйткені бұлардың барлығы Азербайжан халқының мақтанышы, даңқы, халқымыздың, мұнайшыларымыздың әлем экономикасына көрсеткен үлкен қызметтерінен хабар береді.

Азербайжан мұнайшыларының үлкен табыстарының бірі, олардың Каспиде мұнай шығарылуы үшін өте көп жұмыс істегенінен байқалады. Осы салаларда керек десең 1920-шы жылдың басында, керек десең 1930-шы жылы көптеген қадамдар басталған, бірақ Каспи теңізінде мол мұнайдың шығарылуы 1949-шы жылдың қараша айының 7-нен басталған еді. Сол күні Каспидің қазіргі Мұнай Тастары атанған алаңында мұнай құдығы алғаш рет атқылаған.

Азербайжанның теңіз мұнайшыларының тәжірибесі өткен 45 жыл бойы керек десең өткен Кеңес Одағында, керек десең әлемнің көптеген өлкелерінде теңіздің терең қабаттарынан мұнай шығарылуы үшін үлгі болған еді. Азербайжан ғалымдарының, мұнайшыларының осы салада қызметтері үлкен. Білгендеріңіздей, бұдан үш жыл бұрын халқымыз өз азаттығына ие болған, Азербайжан егеменді Республика болған. Азербайжан халқы өз тағдырының иесіне айналған. Халқымыз өз табиғи байлықтарына өзі қалағандай пайдалану мүмкіндігіне ие болған. Осылайша, Азербайжанның өмірінде жаңа дәуір басталған. Мұнай өндірісіміздің тарихында да шартты түрде үшінші кезеңнің негізі салынған. Енді біз жаңа кезеңде егеменді Азербайжан Республикасының азаттығын айта отырып, оның өз табиғи байлықтарын пайдалануы үшін қажетті жұмыстар істеп жатырмыз. Соңғы үш жыл бойы шетелдердің мұнай компаниялары мен сұхбаттасып және келісімге келген.

Бүгін, осы тарихи күнде, Азербайжанда мұнайдың өндіріс әдісі қолға алынып және өңдеуді бастағанына дәуірден шамамен 150 жыл кейін, мен Азербайжан мұнайшыларының барлық нәсілдеріне, Республикамыздың мұнай алаңында жұмыс істеген ғалымдарының, мамандарының, инженерлерінің және жұмысшыларының барлығына осы дәуірде табиғи, байлықтарымызды шығарып халқымыздың жағдайын біршама жақсартуға әрекет жасағандарына бола, белсенді еңбектеріне бола, үлкен ғылыми жаңалықтарына бола алғысымды білдірем және оларды осы уақытқа дейін ие болған табыстарына бола шын жүректен құттықтаймын.

Азербайжанда мұнайдың өндіріс әдісі мен өңдеуді бастаған уақыттан осы күнге дейін өлкеміздің аймағында жердің құрамынан - құрлықта және суда 1 миллиард 325 миллион тонна мұнай шығарылған. Каспидің Азербайжанға қатысты бөлігінде 45 жылда 400 миллион тонна мұнай шығарылған. Осы мерзімде сонымен қатар 400 миллиард кубметрге дейін газ шығарылған. Бұлардың барлығы үлкен табыстар және келешекте Азербайжан Республикасының экономикасының, мұнай өндірісінің дамуы үшін үлкен негіз және тірегі.

Біз өткен дәуірлерде қаншама көп мұнай шығарсақ та, қаншама үлкен табыстарға ие болсақ та, бір шындықты айтуымыз керек, соңғы кездерге дейін, яғни Азербайжанның егемендікке ие болған дәуірге дейін халқымыз еш қашан өз табиғи байлықтарының иесі бола алмаған. 1920-шы жылға дейін мұнайымыз әрі шетел мұнай компаниялары тарапынан, әрі Азербайжанның өз жұмыскерлері тарапынан қолға алынса да, Азербайжанның, ерекше Бакудің дамуы үшін үлкен жұмыстар атқарылса да, халық осы байлықтың иесі емес еді.

1920-шы жылдан бастап, Азербайжанның өмірінде өте үлкен өзгерістер болған еді. Азербайжан экономикасы дамытылған, Республикада үлкен әлеует, ғылыми әлеует орнатылған, мұнай өндірісіміз үлкен тарихи жол кешкен. Бірақ сонда да Азербайжан өз мұнайының жалғыз және толық иесі болмаған. Барлық осы байлықтарымыз өзімізге емес, Кеңес Мемлекетіне қатысты болған. Ал енді біз жаңа кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Азербайжан Республикасы егеменді мемлекет. Азербайжан халқы өз табиғи байлықтарының иесі. Осы байлықтарды қалай пайдалану керек екендігін халқымыз өзі еркін түрде айқындайды.

Мұнай шыққан жерлеріміздің бірлесіп орындалуы туралы Азербайжан Мемлекет Мұнай Компаниясы мен шетелдердің орындаушы мұнай компаниялары арасында келісімдер үш жыл бойы нақты осы ұстаным негізінде жүргізілген еді. Күдіксіз, келісімдер жұмсақ жолмен жүрмеген. Бұл жерде қиындықтар да болған, төмендеулер және өрлеулер де. Бірақ соңында келісіммен аяқталған. Шет елдердің бай тәжірибелі үлкен мұнай компанияларының Азербайжан мұнайына қызығушылығы табиғи жағдай және біз мұны міндетті түрде қабылдадық. Өзіміз де бұған үлкен қызығушылық көрсеткенбіз және көрсетіп тұрмыз.

Өткен дәуірлерден ерекше болып, енді осы мәселелер бойынша Азербайжан Республикасы әр бір өлкемен, сонымен қатар бұл мұнай компанияларының қатысты болған өлкелермен, шетел мемлекеттерінің мұнай компаниялары мен егеменді тұрғыда келісімдер жүргізіп және келісімдерде өз ұстанымдарының қабылдануы үшін әрекет жасайды. Каспидің Азербайжанға қатысты секторындағы «Азери» және «Чыраг» мұнай жерлерінің, «Гюнешли» мұнай жерлерінің бір бөлігінің бірлесіп орындалуы туралы келісім шарт Азербайжан Мемлекет Мұнай Компаниясы мен шетелдердің мұнай компаниялары арасындағы келісімдер нәтижесінің соңында дайын болған. Осы келісім шартты маған, Азербайжан Президентіне ұсынған болатын. Сізге белгілі болғандай, қыркүйектің 14-де келісім шарттың жобасы талқыланғаннан кейін мен оның Азербайжан Мемлекет Мұнай Компаниясы тарапынан қол қойылуы туралы үкім бергенмін. Шетелдердің мұнай компаниялары да жобаға қол қойылуы туралы шешім қабылдаған еді. Осы компанияларға қатысы болған өлкелердің мемлекет жетекшілері де батасын берген болатын. Барлық бұлардың нәтижесінде енді біз бұл жерге, келісімнің қол қойылу жиынына жиналғанбыз.

Ашық айтқым келеді, келісім шартта Азербайжан тарапының қалауы мен армандарының еш бірі өз орнын таппаған. Бірақ біз түсінеміз, әр бір келісім шарт әр екі тараптың қызығушылығын қамтамасыз етуі керек. Батыс мұнай коипанияларының консорциумы өз қызығушылығын қамтамасыз етуге тырысқан, ал Азербайжан Мемлекет Мұнай Компаниясы Азербайжан Республикасының ұлттық қызығушылығын қамтамасыз етуге ықпал еткен. Айта аламын, орындалған үлкен және қиын жұмыстың нәтижесінде, тараптардың мәселеге жоғары жауапкершілікпен жақындауы нәтижесінде, ақырында әр екі жақтың қызығушылығына жауап беретін жоба дайындалған. Соған бола да мен бүгін қол қойылатын келісім шартты Азербайжан Республикасының бүгінімен мен келешегі үшін экономикалық тұрғыдан қызығушылық деп есептеймін және оның қол қойылуына үкім бергенмін.

Біз осындай бір қадам басумен Азербайжанның әлем үшін, әлем экономикасы үшін ашық өлке екендігін жариялаймыз. Біз осы келісім шартқа қол қоюмен Азербайжан Республикасының суверендік құқықтарының шешімді екендігін, Азербайжанның толық егеменді мемлекет екендігін, халқымыздың өз байлықтарына өзінің ие болғандығын әлемге тағы бір рет жариялаймыз. Біз келісім шартқа қол қоюмен Азербайжан Республикасы мен әлемнің дамыған мемлекеттері, олардың ең ірі компаниялары арасында байланыстар құрып, Азербайжан экономикасының әлем экономикасына, азат сауда экономикасына қосылуы үшін негіз тудырып жатырмыз. Біз осы келісім шартқа қол қоюмен әлемге тағы бір рет жариялаймыз, егеменді Азербайжан Республикасы демократиялық және құқықи мемлекет. Азербайжанда демократиялық ұстанымдарының жаралуы және дамуы үшін кең жол ашылған. Азербайжан Республикасы сауда экономикасы жолымен жүруге шешім қабылдады. Осы келісім шарттың қол қойылуы сауда экономикасының Азербайжанда орындалуы үшін алғашқы үлкен қадам. Біз осы келісім шартқа қол қоюмен шетел мемлекеттерден Азербайжанға инвестиция қойылуы үшін үлкен жол ашамыз, басқа салаларда жұмыс істейтін компаниялардың да Азербайжанда қызмет атқаруы үшін негіз жасаймыз, егеменді Азербайжан Республикасының экономикасында және әлеуметтік саяси өмірінде болып жатқан бір қалыптылықты әлемге тағы бір рет жариялаймыз. Біз осы келісім шартқа қол қоюмен келісім шартта қатысып отырған компаниялардың қатысты болған ірі мемлекеттермен -Америка Құрама Штаттары, Ресей, Англия, Түркия, Норвегия сияқты мемлекеттермен достық қатынастарының, экономикалық бірлесіп жұмыс атқарудың және жалпы, барлық салаларда қатынастардың күшейетініне үміт етеміз.

Осылайша, келісім шарттың қол қойылуы үшін жақсы мүмкіндік туды және біз бүгін осыған куәміз. Келісім шарттың қол қойылуы Азербайжан Республикасының өмірінде, экономикасында және ерекше мұнай өндірісінде жаңа бір кезең ашып жатыр. Келісім шарт 30 жыл мерзіміне жасалып жатыр. Айтқандай, алдымызда ұзын бір жол бар және үлкен жұмыстар, үлкен қызметтер тұр. Келісім шартты әзірлегендер жақсы біледі, бірақ мен бұл жерге жиналғандарға, барлық Азербайжан халқына жариялағым келеді, осы келісім шарттың байлануы қаншама қиын болса, оның орындалуы одан да қиын болады. Келісім шарттың әр екі тарап үшін, сонымен қатар Азербайжан халқы үшін, егеменді Азербайжан Республикасы үшін пайдасы және болымды нәтижелері оның дәйекті тұрғыда орындалуынан тұрады. Келісім шарт екі тарапты әрекет еткен жолға ұқсайды: әр екі жақ та бірдей әрекет етуі керек. Ең күдіксізі бұл жерде шетел мұнай компанияларының мойнына үлкен қызметтер жүктеліп жатыр. Үміт еткенімді білдіргім келеді, сол компаниялар және оларға қатысты болған өлкелердің мемлекеттік органдары осы келісім шарттың орындалуы үшін мезгілінде қажет еткен шаралар қолданатын болады.

Азербайжан Республикасының мойнына түскен қызметтер одан да қиын, одан да ауыр. Білесіз, Азербайжан экономикасы қиын кезең ішінде. Мұнай өндірісінде де үлкен қиындықтар туған. Ал осы қиындықтан шығу, Азербайжан экономикасын дамыту, халқымыздың табысын қысқа мерзімде қажет еткен дәрежеге жеткізу үшін барша қол ұстасып келісім шарттың орындалуы үшін жұмыс істеуі керек. Үміт етемін, Азербайжанның қаһарман және тәжірибелі мұнайшылары, ғалымдары, мамандары, экономикамызда осы саламен айналысқан кісілер, бір сөзбен, барша осы қызметті ең үлкен, ең атақты қызмет сияқты қабылдап, оның орындалуы үшін жұмыс істейтін болады. Мен Азербайжан Президенті сияқты, осы келісім шарттың қол қойылуына үкім беріп өз жауапкершілігімді сезінемін, сізге сөз беремін, оның орындалуы үшін қолымнан келгенін аямаймын.

Бүгін осы салтанатты және керемет жиында мен Азербайжан мұнайшыларын, Азербайжан халқын, барлық Азербайжан азаматтарын осы ерекше тарихи жағдай үшін құттықтаймын. Азербайжан Мемлекеттік Мұнай Компаниясының осы салада жұмыс істеген делегациясының еңбегін, жалпы, компанияның осы салада атқарған жұмыстарын бағалаймын және оларды жеткен жетістіктерімен құттықтаймын. Осы келісім шарттың дайындалып аяқталуы үшін үлкен жұмыстар атқарған шетел мемлекеттерінің мұнай компаниялары консорциумының жетекшілерін, сол компаниялардың жұмысшыларының барлығын шын жүректен құттықтап, оларға ізгі ниеттерімді білдіремін және бірге жұмысымыз табысты болатындығына сенімімді білдіремін.

Шетел мұнай компанияларының қатысты болған өлкелерінің -АҚШ –ның, Ресейдің, Ұлы Британияның, Түркияның, Норвегияның мемлекет және үкімет басшыларын осы жағдай күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Біз осы келісім шарт негізінде жиі бірігіп, бірге үлкен жұмыс бастаймыз және мен бірге жұмысымыз табысты болатынына күдіктенбеймін, бұған кедергі жасайтын барлық күштер ығыстырылады, егеменді Азербайжан Республикасы өз тағдырының, өз байлықтарының иесі сияқты, осы бірге жұмыстың арқасында әлем бірлігінде, әлем экономикасы бірлігінде өз лайықты орнын алады.

Сізді, осы жиынға жиналғандарды, барлық осы мәселелермен болымды қызығушылық көрсететіндердің барлығын тағы бір кез шын жүректен құттықтай отырып, келісім шарттың қол қойылуы үшін батамды беремін. Құтты болсын, табысты болсын. Азербайжан халқының бақытты келешегі үшін осы келісім шарттың бүгін осы жерде қол қойылуын шын жүректен құттықтаймын. Сау болыңыздар!. 

Келісім шарттың қол қойылу жиынында қорытынды сөзі

Құрметті ханымдар, мырзалар! Құрметті қонақтар!

Үш жыл мерзімінде дайындалған келісім шарттың қол қойылу жиыны аяқталып жатыр. Келісім шартқа артық қол қойылған. Мен келісім шартқа қол қойылмастан алдын сөз сөйлегенмін. Соған бола да келісім шарттың қол қойылуы үшін сізді, Азербайжан халқын, осы келісім шарттың басқа тарапы болған шетел өлкелерінің компанияларын, осы келісім шартқа қосылған шетел мемлекеттерінің басшыларын, делегацияларын, баршаңызды шын жүректен құттықтаймын.

Шетел мемлекеттерінен келген делегациялардың басшылары, компаниялардың жетекшілері келісім шартқа қол қойылғаннан кейін сөз сөйледі, келісім шарттың мазмұны, мақсаты және келешектің қажеттілігі туралы жақсы пікірлер айтылды. Барлық сөйленген сөздерде бірдей пікірлер айтылды, келісім шарт әрі Азербайжан Республикасы үшін, әрі құжатқа қол қойған шетел мемлекеттерінің компаниялары үшін пайдалы.

Мінберде сөйленген сөздерде Азербайжан халқына, егеменді Азербайжан Республикасына, жылы лебіздер, жақсы тілек сөздер айтылды. Мен бұл сөздерге бола алғысымды айтамын және жиынның аяқталған сәтте тағы бір рет айтқым келеді, осы келісім шарт Азербайжан Республикасының Әлем Бірлігінде лайықты орын алуына жәрдем етеді, өлкеміздің экономикасын әлем экономикасы, еркін сауда экономикасы мен жиі байланыстырады. Ал ең негізгісі осы келісім шарт Азербайжан халқының бүгініне, келешегіне үлкен пайдалар береді, оның табысты жағдайының жоғарылауы үшін негіз тудыратынынан тұрады.

Мен осы келісім шарттың дайындалуында, қол қойылуында қатысқаным үшін өзімді өте бақытты деп есептеймін. Мойныма алған жауапкершілікті түсініп тұрмын және сенемін, келешек нәсілдер бүгін бұл жерде болып отырған тарихи жағдайды лайық болғанша бағалайтын болады.

Сізді тағы бір рет құттықтаймын. Осымен де келісім шарттың қол қойылу жиынының бірінші бөлімі аяқталды деп есептеймін. Сіздің барлығыңызға, барлық Азербайжан халқына жақсылық, бақыт тілеймін, барлық жұмыстарыңызда табыстар тілеймін. Сау болыңыздар. Табысты, құтты болсын. 

 «Азербайжан» газеті, 21 қыркүйек 1994-ші жыл