Азербайжан Республикасының Президенті Гейдар Aлиевтің 19-шы қаңтар 2000-шы жылғы жалпыреспубликалық жиналысында 20 қаңтар құрбандарына арналған сөйлеген сөзі


scotch egg
scotch egg
scotch egg
scotch egg
scotch egg
scotch egg
temp-thumb
temp-thumb
temp-thumb
temp-thumb
temp-thumb
temp-thumb

Қымбатты отандастар! Құрметті ханымдармен мырзалар!

Бүгіндері Азербайжан халқының қайғылы күндері. Біз қанды қаңтар оқиғасының 10-шы жылын еске алып отырмыз. Сол қорқынышты түнде отан үшін, азаттық үшін, тәуелсіздік үшін құрбан болғандарды еске алып, олардың рухының алдында мен де бүгін бас иемін.

20-шы қаңтар 1990-шы жыл Азербайжанның тарихында ең қайғылы күн. Бірақ сонымен қатар сол түнде, сол күнде Азербайжан халқы өз қаһармандығын, батырлығын және шеһиттік шыңына көтеріле алғандығын бүкіл әлемге көрсете білді. Сол үшін де осы күні біз әрдайым қайғы, мұң ішінде боламыз. Бірақ сонымен қатар халқымыз қаһарман, бас имейтін және езілмейтін халық екендігіне өзімізді тәкаппар сезінеміз.

Азербайжан халқының тарихында, әсіресе ХХ ғасырда қайғылы оқиғалар аз болмаған: 1918-ші жылда армяндар тарапынан Азербайжан халқына қарсы көрсетілген қырғындармен геноцид. Азербайжан кеңес үкіметі құрылғанан кейін халыққа, ұлтқа қарсы жасалған репрессиялармен террорлар, 1937-1938-ші жылдарда халқымызға қарсы жаппай репрессиялар, 1988-ші жылда Азербайжанға қарсы әскери шабуыл көрсету мақсатымен Таулық Қарабақ қақтығысының ортаға шығуымен отанымыздың ұлдарының құрбан болуы.

Бірақ бұлардың барлығының ішінде Азербайжан халқына жасалған ең үлкен соққы, агрессиялық әрекетпен террор 1990-шы жылдың қаңтар айының 20-да болған еді.

Менің атап айтқан, мүмкін қазір есіме түскен барлық өткен қайғылы оқиғалар басқа-басқа кісілерге, басқа-басқа ұжымдарға қарсы бағытталған еді. Немесе мысалға, 1918-ші жылда армяндар тарапынан істелген қырғын, армян-азербайжан қарым-қатынастары армяндардың азербайжан топрақтарын жаулап алу, азербайжандықтарды езу мақсатында болған еді.

Бірақ қаңтар оқиғаларында, қаңтар қырғыны барлық осы қасыреттен, осы дерттерден ерекшелендіретіні сол түнде жылдар бойы үкіметі қол астында болғанымыз Кеңес үкіметімен Азербайжан коммунист үкіметі тарапынан Азербайжан халқына қарсы жаппай шабуыл жасалғаны еді.

Саяси көз қарастан мемлекеттің, үкіметтің, басшылықтың өз халқына қарсы бағыттаған шабуылы, шынында да ең қорқынышты, ең қайғылы және басқаларынан ерекше екен.

Тарихқа назар аударсақ КСРО-да, қаңтар оқиғаларына дейін Кеңес үкіметі тарапынан өз халқына, өз отандастарына қарсы болған осындай бір әскери шабуыл еш қашан еш жерде болмаған екен. Еш бір халыққа, еш бір республикаға, еш бір ұлтқа қарсы болмаған еді. Бұл, бізге, Азербайжан халқына қарсы болған еді. Бірақ бұл террор, тек қана КСРО басшылығының ғана емес, кеңес үкіметімен азербйжан басшылығымен бірігіп өз халқын езуге, тізе бүктіруге арналған агрессия еді.

Екінші Отан соғысынан кейін КСРО үкіметі бірнеше мемлекеттерге шабуыл жасаған еді. 1956-шы жылда Кеңес әскерлерін Венгрияға жолдаған еді. Өйткені Венгрия халқы Кеңес идеологисымен келіспейтін еді, өз жолымен барғысы келетін және оларды осы жолдан бас тартуы үшін, оларды езу үшін Кеңес әскері Венгрияға жолданған еді. Ол жерде үлкен қантөгіс болды. Халық құрбандар берді. Ол жерде кеңес идеологиясы өз күшін құрды.

1968-ші жылда Чехословакиядағы болып жатқан процестер Чехословакияны социалистік өлкелері қатарынан шығу қауіпсіздігіне әкеліп соқты. Сол кезде де КСРО үкіметі әскерлерін Чехословакияға жолдады және сол жерде болған сол әрекеттің алдын алды, өз әкімдігін сол жерде күштендірді.

1979-шы жылда Ауғанстанда Кеңес идеологиясы негізінде үкімет құрғысы келген күштерге жәрдем ету мақсатымен КСРО-ның үлкен әскер бөлігі Ауғанстанға жолданды, қан төгістер болды.

Мен бұларды еске алып жатқан себебім, барлық бұл жағдайларда Кеңес үкіметі, КСРО мемлекеті басқа-басқа өлкелерде өз әкімдігін құру, күштендіру мақсатымен осындай шабуылдар жасаған.

Бірақ Азербайжан халқы осы мемлекеттің құрамында болғанына 70 жылдан астам уақыт болды, осы өлкенің отандастары еді, осы басшылықтың астында еді. Демек, халқымыз осы үкімет үшін, коммунист әкімдігі үшін өз отандастары сияқты туыс болуы керек еді. Бірақ, бұл болмады және бұл да жалпыалғанда, белгілі мөлшерде Азербайжан халқына болған байланысының нәтижесі еді. Мұның себебі, шынында да, 1987-1988-ші жылдарда бастаған Арменияның Азербайжанға шабуылымен байланысты еді.

1987-ші жылдың соңында 1988-ші жылдың басында Армения үкіметі, ол жерде болған ұлтшыл күштер Таулық Қарабақты Арменияға қосуға ықпал етті. Өткен кезеңде де осындай ықпалдар болған еді. Яғни, 1923-ші жылдан бастап, Азербайжанның қарамағында Таулық Қарабақ Автономиялық Облысы болғаннан кейін басқа-басқа уақытта Таулық Қарабақты Арменияға қосу ықпалы көрсетілген еді. Бірақ, бұлардың алды алынған еді.

Әрі Азербайжан басшыларының өз республикасын қорғауға ие болғанына бола, әрі де Кеңес, КСРО мемлекетінің өз мемлекетінің құрылуының ауыстырылуын қауіпті деп есептегеніне бола. Бірақ 1987-ші жылда, мүмкін одан да бұрын Арменияда Таулық Қарабақты Азербайжаннан бөліп Арменияға қосу хал-ақуалы, кейін де әерекеті басталды және бұл жерде сол осы екілі стандарт, яғни КСРО үкіметінің, Коммунист Партиясы басшылығынын Азербайжанға және Арменияға айрықша пікірі өзін көрсетті.

Шынында да, сол кезде Кеңес үкіметі әлі өте күшті болған бір кезеңде егер КСРО басшылары қаласа мұның алдын ала алатын еді және Азербайжанның басшылары да егер халқына, отанына, топрағына шын берілген болса, олар да мұның алдын алар еді. Бірақ Мәскеудегілер мұның алдын алуды қаламады, керісінше, бұған жағдай жасады. Азербайжанның басшылары да жәй ғана әлсіздігін көрсетті, осылайша, 1988-ші жылдың ақпан айында Таулық Қарабақ оқиғасы болды.

Одан кейін Азербайжанда басшылығын, Армения-Азербайжан қақтығысын шешу үшін бұл жерде басшылықты күштендіру мақсатымен ауыстырылды. Бірақ одан кейін келген басшылық тек қана әлсіздігімен ғана емес, зердесіздік те көрсетті, керек десең қаянат жолына түсті. Осы сатқындық-Азербайжанның басшылары тарапынан өз халқына көрсетілген және КСРО басшыларының Азербайжанға көрсеткен өгей қатынас, мүмкін айтар едім, негатив қатынас Таулық Қарабақ оқиғаларын соғысқа айналдырды және Азербайжан үлкен зиян алды. Шынында да, 20 қаңтар сол осы саясаттың, осы шынжырдың үлкен бір сақинасы еді.

Шынын да да, сол кезде халқымыз өз топрақтарын, өз суверендігін қорғап қалу үшін түрегелді. Халықтың түрегелуінің негізгі себебі КСРО үкіметі басшыларының Азербайжанға қарсы әділетсіз түсінігі және Азербайжан басшыларының өз топрақтарын, халқын қорғап қалу үшін жағдайлар жасамауы еді. Бұлардың бәрі Азербайжанда халықты түрегелдірді және халық өз күшін көрсетті. Халық алаңдарға шықты. Халық көшелерге шықты.

Барлық халықты жазаландырып тізе бүктіру үшін және осылайша, Таулық Қарабақ мәселесін Арменияның пайдасына шешу үшін Азербайжанға бір күш жұмсау керек еді, осы күш жұмсалды да. Азербайжанға әскери шабуыл жасалды. Азербайжанға күш жұмсалды. Азербайжанға саяси күш жұмсалды. Азербайжанға рухани күш жұмсалды. Мұның жауаптылары әрі КСРО басшылары еді, әрі де Азербайжанның басшылары еді. Осы туралы бүгін бұл жерде хабар берілген құжаттарда әр нәрсе өте ашық айқын жарияландырылды.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген құрметті зиялыларымыз, құрбан анасы, құрбан қызы, 20 қаңтарда- сол түнде жараланған адамдар бұл жерде өте ашық еркін сөз сйледі. Шындығында, мен сіздерге оны да айтқым келеді, сол түн бастағаннан қазірге дейін мен сенемін сіздер де сеніңіздер, мен өте қобалжып жатырмын. өйткені осы тарихи хрониканың тағы бір көз алдынан өтуі, еске алынуы, сол қорқынышты оқиғалардың тағы бір кез көрсетілуі және бұл жердегі сөйлегендердің пікірлері, сөздері өте өткір. Мен сол үшін де өте сабырсызданып тұрмын және өте қобалжып сөйлеп тұрмын. Жалпы, сол түннің алғаш рет осындай түрде өткізілуі, біздің тарихымызға, ұлтымызға, халқымызға болған шексіз сүйіспеншілігіміздің көрсетілуі деп есептеймін. Мұның өте үлкен саяси, этикалық, рухани маңызы бар.

Өйткені, біріншіден біз тарихымызды еш уақытта ұмытпауымыз керек және тарихымызды жазуымыз керек. Тарих дегеніміз - тарих, бірақ ол болғандай жазылуы керек, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілу керек. 

Қайғылы Қаңтар түнінен 10 жыл өтті. Он жылда Азербайжанда жаңа ұрпақтар туылған. Бүгін 10 жасында болған балалар 1990-шы жылда туылғандар. Қаңтар түнінде 135-136 Азербайжан отандасы құрбан болғанын, жоқ болғанын және көбі жараланғанын маған айтқан еді. Бірақ, сол түнде Азербайжанда 500-ден артық бала туылған еді. Демек, халық өмір сүріп жатыр, ұлтым өмір сүріп жатыр, дамып жатыр және еш бір шабуыл, еш бір террор, еш бір қаянет біздің халқымыздың дамуына кедергі бола алмайды. 

Бірақ біз сол күндердің тірі күәгеріміз. 10 жасындағы балалар да мұны тек қана біздерден естиді. 20 жасындағы жастар да сол кезде 10 жасында болғанда мүмкін болған жағдайды дұрыс түсінбеулері де мүмкін және түсінулері де мүмкін емес еді. өйткені әр уақыт өткен сайын біз тарихымыздың әрі көңілді беттерін, табысты беттерін, әрі қайғылы беттерін еске алуымыз керек, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіміз керек. Бұлардың ішінде 20 Қаңтар қайғысы, сонымен қатар сол күндер көрсетілген қаһармандықтар, батылдылықтар және халықтың бірлігі баршаға үлгі болуы керек, бүгін өмір сүріп жатқандарға да, келешек ұрпақтарға да. Барша осы оқиғадан өнегелі дәрс алу керек. 

Бұл жерде құжаттар да көрсетілді, сөздер сөйленді және кино кадрларынан, айдың 19-нан 20-на өткен түнде және 20-21 қаңтар күндерінде Азербайжан қаншама қиын жағдайда болғанын біз көрдік. Азербайжанға, Баку сияқты бір қалаға өте көп әскерлер, қару жарақтар, танктер жүргізілді, шынында да, адам рахат бола алмайды және Баку- тек Баку емес, барлық Азербайжан- сол кезде үрейлі еді. Бірақ сол күндердің бұл кеште осы жерде жүргізілген анықтама нені көрсетеді? Халық құрбан берді, бірақ халық сынбады, иілмеді соны көрсетті. Бірақ халыққа басшылық еткендер соңына дейін өз қаянетін жасады. 

Мысалы, біреудің жақын туысы дүниесін салып жатыр, туған туысы, досы, жұмыс жолдасы міндетті түрде оны жерлеуге барады, оның азасына барады, сол отбасының мұңына ортақ болады. Бірақ бұл жерде Азербайжан халқына қарсы шабуыл жасалынған, халқымыз құрбан берді. Жұрт, халық бірлесіп осы қайғыны тудырғандарды жек көріп жатыр, жаназалар соң сапарға апарып жатты. Бірақ Азербайжанның басшылары бұдан шет қалған, қашып жасырынған. Осы фактілердің өзі ашық айқын кімнің кім екенін көрсетіп жатыр.

Жоғары Кеңестің сессиясын бір топ депутаттар, өзі де үлкен кедергілерді жеңіп жинаған және Азербайжанның атақты ақыны Бәхтияр Ваһабзадә, өмірінде бір жиналыс өткізбеген, өйткені әрзаман өлеңдер жазған және Азербайжанның өлең өнерін дамытқан, яғни осы жұмыста тәжірибесі жоқ. Бірақ оңың батыл жүрегі бар, оның халыққа деген сүйіспеншілігі бар, - ол, еш нәрседен жасқанбады, еш нәрседен қорықпады. Сонымен қатар ол еш кімнің алдында көзікөлеңкелі емес еді, еш уақыт еш кімге қиянат етпеген еді. 

Марқұм Исмайыл Шихлы сияқты, басқа зиялылар өкілдеріде дәл сол сияқты. Мұнда кадрлар да көрсетілді. Өкінішке орай, олардың барлығы қалмаған. Бірақ сол көрген кадрларымыз кімнің кім екенін көрсетті. Онда қалай болғаны, ақын Бәхтияр Ваһабзадә, жазушы Исмайыл Шыхлы және басқа зиялылар, немесе Жоғары Кеңестің бір топ депутатары сол залға топтанып мәселені талқылай алады да, Азербайжанның басшылары қашып жасырынған? Мұнымен де олар халыққа басшылық ету құқығын толық жоғалтқан еді. 

Сол сессияда қабыл болған тарихи характері бар шешім және ұсыныстар - осы жерде жарияланды. Біз мұны жоғары бағалауымыз керек. Мен өзім сол құжаттарға осылай баға беремін. Бірақ бір неше күннен кейін сол қашып жасырынғандар келіп Азербайжан үкіметіне басшылық етуге бастағанда сол құжаттар ұмытылып, шетке қойылып, халықтан жасырылды. Бұл туралы бүгін осы жерде нақты фактілер айтылды, қайталауға керек жоқ.

Демек, егер 20 Қаңтарға дейін әрі КСРО үкіметі, әрі Азербайжан басшылығы бірге Азербайжан халқына шабуыл жасаған болса, одан кейін әр екі жақ бұларды ақтауға тырысты. Мәскеуде еш нәрсе болмаған сияқты ақуал рухы жаратылды. Азербайжанда да біреуі қашып кетті, анау біреуі оның орнына отырды және осылайша халық та ұмытылды, қайғы да ұмытылды, әр нәрсе ұмытылды және осы жағдайлардың ұмытылуына ықпал етілді. Қиянаткерлер, басшылық еті құқығын жоғалтқан адамдар тағы да тек қана өз пайдаларын халықтың, жұрттың пайдасынан есе-есе жоғары ұстады. Бұлардың барлығы тарихтың шындығы. 

Бірақ бүгін біз халқымыздың, тағы да айтамын, батырлық, батылдық көрсеткенін мақтан тұта аламыз. 

Құрбандарды жерлеу жиыны туралы кинокадрларды қарағанда қобалжымау мүмкін емес. Меніңше, әр түрлі жағдайда тарих баршаға белгілі,- Азербайжанда мұншама әсерлі жерлеу жиыны болмаған еді. Дәл сол кезде Шейх үл ислам Аллаһшүкүр Пашазадәнің еңбегі де жоғары бағалануға лайық- әрі оның Горбачовқа жолдаған хаты, әрі осы мәселеге пікірі, яғни осы қылмысты жасағандардың бәрін жеккөруі, сонымен қатар жерлеу жиынын қолына алып болдыруы. Айтпақшы, Азербайжанның барлық дәрежедегі басшылығы өкілдері шет қалған. Енді көріңіздер, бұдан да үлкен рухани күнә, бәлкім де рухани қиянат бола алмайды. 

Бірақ халық еш бір нәрседен қорықпады. Сол танкілер тағы да қайтып келіп оларды қыруынан да қорқпады. Азаттық алаңында, барлық көшелерде, Тауүсті саябаққа дейін халық жиыны болды. 

Мен сол кезде Азербайжанда емес едім. Мен өз пікірімді тез арада білдірдім. Білулеріңіз мүмкін, мен сол уахыттарда науқастанған едім. Ауру болып аурханада, реабилитация үшін Мәскеуден шет бір санаторияда едім. Бұған қарамай, мен өз ұрпақтарыммен келіп пікірімді білдірдім. Мен бұдан басқа еш нәрсе істей алмайтын едім және мен бүгін рахметімді, щехиттердің жерлеу орнын таңдаған Азербайжан отандастарына айтып жатырмын , олар Тауүсті саябағын дұрыс таңдаған және оларды жерлеген. Олар бұл жерде де бірқатар өткен қиянатқа қарсы өз пікірлерін білдірген еді. 

Дәл сол жерде 1918-ші жылы армяндардың шабуылы нәтижесінде қаза тапқандар жерленген-ді. 1930-шы жылдарда зиярат бұзылған, орнына Тауүсті саябақ жасалған және ол жерде Кировтың ескерткіші қойылған еді. Тарихтың шындығы осыдан еді, өйткені сол кезде сол молаларға қарсы істелген қиянат енді жарыққа шықты және сол жерде щехиттер қайтадан жерленді. 

Мен өз борышымды орындай отырып, бұл жағдай тудырылғаннан-1990-шы жылдың 21 қаңтарынан қазірге дейін осы оқиғаның толық ашылып айқындалуы үшін күрескенмін және күресемінде. Халыққа жасалған қылмысына жауап беруі үшін қолымнан келгенін жасап, ешкімнің бұдан қашып құтылмайтынына сенемін. Қаша алғанның өзінде де, тарих алдында қылмыскер ретінде қалады. 

Щехиттер аллеясында «Мәңгілік алауы» ескерткішінің жасалуы да менің жүрегімдегі бір арманым еді. Бұл да Азербайжанның президенті сияқты менің борышым еді. Бүгін осы борышымды орындағаныма өзімді жұбатып жатырмын және сол жерге шынында да, осы жерде айтылғандай, халықтың ант ішкен жері, сенім орны болған, ең қасиетті зиярат орны. Бірнеше күннен бері, көргеніміз, адамдардың өз жүрегінің шақыруымен қолдарына гүл алып сол мазарларды зиярат етіп, «Мәңгілік алауы» алдында бас иіп жатыр. Мен, бұдан кейін де сол жерде біздің жастарымыздың әрдайым халыққа, ұлтқа, жерге, отанға деген адалдығына ант ішетін орын болатынына сенемін. Сонымен қатар, отбасы құратын жастарымыздың да бір-біріне ант жері болады. 

Сонымен қатар бұл трагедия біздің елде үлкен процестердің болуына итермеледі. Азербайжан өз мемлекет егемендігін алды. Міне тоғыз жылдан бері Азербайжан халқы өз егеменді мемлекетінде тұрып жатыр. 

Өмірімізде түрлі - түрлі қиындықтар мен проблемалар аз емес. Барлығымызды ренжітетін, жүрегімізді ауыртатын мәселе топрақтарымыздың Армения қарулы күштері тарапынан жаулап алынуы сол аймақтан бір миллионнан астам отандасымыздың мәжбүр көшірілуі, олардың палаткада тұрып жатқаны. Басқа проблемалар да бар. Бірақ бұл ауыр, қиын кезеңді біз өткізіп жатырмыз және өтеміз де. Жаулап алынған топырақтарымыз азат етіледі, отандастарымыз өз еліне, өз жеріне қайтады, Азербайжанның суверендігі қамтамасыз етіледі. өйткені Азербайжан енді егеменді мемлекет және еш бір мемлекеттің Азербайжанға шабуыл етуге бұдан кейін құқықты негізі жоқ. 

Біздің щехиттеріміздің естелігіне ең үлкен монумент - ол Азербайжанның егемендігі, тәуелсіз Азербайжан, құқықтық, демократиялық, қоғамдық Азербайжан мемлекеті және Азербайжанда болып жатқан процестер толығындай жағымды. Барлық щехиттеріміз, тек қана қаңтар щехиттері емес, отан, топрақ жолында соғыстарда щехит болған ұрпақтарымыз да рахат жатсын. өйткені олардың қалағандары, армандары орындалған-Азербайжан өз мемлекет егемендігін алған.

Мен бүгін щехиттерді есіме ала отырып, біз еш қашан Азербайжанның егемендігін қолдан бермейтінімізге ант ішемін. Азербайжанның мемлекет егемендігі барлық қиындықтарға қарамастан, бізге көрсетілген барлық күштерге қарамай, жасайды және дамиды. Егеменді, демократиялық Азербайжан, құқықты, қоғамды Азербайжан мемлекеті шехиттеріміз үшін үлкен ескерткіш болады. 

Мен осы еске алу кешін ұйымдастырғандарға және бұл жерде жүрек сөздерін айтқандарға тағы бір рет рахметімді айта отырып, Құдайдан барлық щехиттерге топрақтары торқа болсын дегім келеді. 

"Бакинский рабочий" газеті, 2000-шы жыл қаңтар айының 20-сы