Азербайжан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы Гейдар Алирза ұлы Алиевтің Азербайжан Республикасы Ұлттық Мәжілісінің 1993-ші жылдың 15 маусым күнгі жиналысындағы сөзі

Құрметті депутаттар, құрметті Президент!

Маған бүгін үлкен сенім көрсеткені үшін Ұлттық Мәжілістің мүшелеріне, Азербайжан Жоғарғы Кеңесіне алғысымды білдіремін, сізге барлық мүмкіндігімді қолданып осы ауыр жұмысты атқаруға тырысатыныма және осы қызметте қолымнан келетінін жасауға сөз беремін.

 Республиканың бүгінгі қиын-қыстау заманында, маған жүктелген тапсырманың орындалып жатқанын білдіргім келеді. Осы міндеттің жауапкершілігін түсіне отырып, қызмет кезеңімде қолымнан келгенін істеуге уәде етемін. Мен бұл жерде үлкен бір сөз сөйлеу ниетінде емеспін. Бірақ бір неше сөзді міндетті түрде айтуым керек. Жоғарғы Кеңесінің төрағасы ретінде Азербайжан халқының көне мұраларын сақтап, Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін қорғауды, оның келешегін нығайтуды ең маңызды міндетімнің бірі деп есептеймін.

Азербайжан Республикасының егемендігі 1918-ші жылда құрылған алғашқы Азербайжан Демократиялық Республикасының негізінде, осы заманғы талаптарға сәйкес, дүниедегі процестерге қатысты қамтамасыз етілу керек. Осы салада мен әрқашан қызметімді жалғастыруға тырысатыныма еш кімнің күмәні болмасын, бұдан кейінгі өмірімді тек ғана Азербайжан Республикасының егеменді мемлекет сияқты дамуына арнаймын. Осыған орай, менің ойымша, Азербайжан Республикасы бұдан кейін басына не келсе келсін егемендігін жоғалтпайды, жаңадан еш бір мемлекеттің құрамына кірмейді, еш бір басқа мемлекетке тәуелді болмайды. Өткен Кеңес Одағының жаңадан құрылуы, Азербайжан Республикасының да сол жүйеге кіруі мүмкіндігі туралы кейбір өсектер, пікірлер айтылып жатыр. Бұлар тек қана фантазиялар. Мен бұл пікірлерді қабылдамаймын, барлық Азербайжан отандастарын да мұндай ойлардан аулақ болуға шақырамын.

Республиканың алдында өте үлкен және ауыр міндеттер тұр. Егемендікті, суверенитетті қамтамасыз ету үшін Азербайжан Республикасының Армения тарапынан басып алынған топырақтары кері қайтару керек. Азербайжан Республикасының территориялық толықтылығың қамтамасыздығы, соғыстың бітуі, бейбітшілік орнауы керек. Азербайжан Республикасының отандастары бейбіт, тыныш өмір сүріп өз мемлекетін өзі қалағаны бойынша құруы керек. Соған орай, осы мәселе, негізгі мәселелерден бірі болып есептеледі. Бұдан кейін де осы мәселелер Жоғарғы Мәжілістің назарында болуына кәміл сенуіңізге болатынын айтқым келеді.

Кеше хабар берілгендей, Америка Құрама Штаттарының, Ресей және Түркия тарапынан қолдау көрсетуі нәтижесінде қол қойылған құжаттар біздің соғыс жағдайынан жайлап шығуымыз үшін алғашқы қадам болып саналады. Осы тұрғыда келешекте оданда күшті шара қолданылуы керек, өйткені Азербайжан Республикасы барлық аймағының қожайыны болып және біздің халқымыз соғыс жағдайынан құтылуы керек.

Осылайша, Азербайжан Республикасының мемлекеттік егемендігі ең маңызды мәселе. Тәуелсіз Азербайжанда демократияның дамытылуы керек. Саяси плюрализмге кеңінен жол берілуі керек. Азербайжан Республикасында Конституцияның және заңның бұзылуына рұқсат етілмеуі керек. Мемлекетті ұйымдастыру және қоғамның формаласуы демократиялық принциптер негізінде болуы керек. Саясатта және экономикада еркін, бостандық, адам азаттығымен құқықтарының қорғануы және нарықтық экономика принциптері толық шешімді болуы керек. Яғни біздің Республикамыз бір жыл осыдан бұрын бастаған жолмен жүруді жалғастыруы керек. Бұл, рас және тура жол, біздің республика міндетті түрде осы жолмен бару керек. Мен осы жолға әрқашан адал болатыныма күмәнсіз сене аласыздар.

Біздің республиканың қиын жағдайда болуының негізгі себептерінен бірі маусымның 4-де Гянжеде болған оқиғалар. Ол жерде өте қорқынышты, қанды қылмыс істелінген. Бұларды іздестіру керек және заңды бұзған барлық кісілер, қылмысқа қай жағынан қатысты болған болса болсын, заң алдында жауап беруі керек. Осы мәселемен депутаттық-тергеу комиссиясы айналысып жатыр. Біздер болып жатқан оқиғаларды тез арада тоқтатуымыз керек. Кеше президент Әбүлфәз Елчибеймен сөйлескен болатынбыз, Гәнжәде де менімен барған кісілермен де жеке-жеке сөйлескенмін. Мен бұл кездесулердің нәтижесінде осы қиындықтың, қақтығыстың шешілуінің қамтамасыз ететілетініне сенемін. Бірақ, еш қашан қаруды және күшті қолдамағанымды айтқанмын, тағы да қайталап отырмын. Осы қиындық, қақтығыс тек қана бейбіт, екі жақтың достасуын қолдауымен, келісімдермен шешілуі керек. Біздің халқымыздың зеректігі, атақты адамдары, зиялылары, ақсақалдары бәрінің бірге әрекеті және ортақ жұмыс істеуіміз, күмәнсіз осының қамтамасыз ететініне сендіреді.

Біз Азербайжан демократиялық егеменді республика құрып, цивилизациялы қоғам үшін күресіп, жалпыдүниелі, адамға тән жұмыстардың бәрінен пайдалануымыз керек. Азербайжан көп жылдардан, ғасырлардан кейін алғаш рет егемендігін алған соң барлық дүниеге өз тарихи табыстарын, өз ұлттық әдет-ғұрпын таныта білуі үшін бірге жұмыс істеуіміз керек. Азербайжан халқының осы тұрғыда hәм тарихи, hәм заманауи потенциалы керегінше мол екеніне сенемін. Осылардың бәрінен кірісті пайдаланылса, Азербайжан толық егеменді демократиялық бір мемлекет болады, сонымен қатар біздің қоғамымыз толық демократиялық, заңды, жалпыадамдық негізінде құрылған демократиялық бір қоғам болады. Бұл үшін біздің ғылымымыз, мәдениетіміз, тарихи әдет-ғұрпымыз, діни қорымыз болатын ислам діні- бәрі біртұтас өте үлкен негіз құрайды. Біздің ортақ міндетіміз осылардан жемісті нәтижелер шығару.

Азербайжанда ұшығыну тек қана Қарабақ проблемасымен, яғни Арменияның Азербайжанға шабуыл жасауына бола болған себептерден емес. Оған қоса Гәнжә оқиғалары болды. Өкінішке орай, ұшығынуды болдырған себептерден бірі де Азербайжанда ұзын жылдар бойы бір жерде тұрған халықтар, етникалық топтар арасындағы қатынастардың аздап бұзылуы. Азербайжан ондаған, жүздеген жылдар бойы осы топырақта өмір сүрген барлық халықтардың Отаны болған, бұдан кейін де Отаны болуы керек. Азербайжан Республикасының аймағында тұратын әр-бір отандас ұлтынан, дінінен, саяси байланысынан бағынышты болмадан, бірдей құқыққа ие болуы керек. Егер біз осы ұғымдарды ереже сияқты қолдана алсақ және мұның қолдануын білсек, біз Азербайжан Республикасында тұратын барлық халықтардың, барлық ұлттардың толығымен бірігуін қамтамасыз ете аламыз. Бұл біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз бұған ие болатынымызға күмән жоқ.

Шетел саясаты саласында өткен бір жыл бойы көп жұмыстар атқарылған. Бірақ әлі де істенілетін жұмыстар өте көп. Азербайжан Республикасы демократиялық мемлекет сияқты барлық мемлекетермен бірге құқықтық қатынас құра алатынына сенемін. Әрбір мемлекеттің ішкі құрылысы, ішкі саясатына қарамастан, біз әдеттегідей қатынастар құруымыз керек. Бірінші кезекте, көрші мемлекеттеремен мәдени және экономикалық қатынастар құрылуы керек. Осы тұрғыдан Түркия республикасы мен болған қатынастар күмәнсіз халқымыз тарапынан мақұлданып тұр. Көрші Иран Ислам Республикасымен қарым-қатынасымыз жақсы болу керек, дамытылуы керек. Ресей өте үлкен мемлекет, біздің солтүстіктегі ауылдасымыз. Ресеймен Азербайжан арасында егеменді принциптер негізінде қатынастар бұдан кейінде өте жақсы, өте кең, жемісті болуы күмәнсіз. Бұрынғы Кеңес Одағының құрамындағы, енді егеменді мемлекет болған барлық мемлекеттермен- Украина, Беларусия, Грузия, Орта Азия мемлекеттері, Казақстан, Балтық мемлекеттері, Молдавиямен біз одан да кең, қарым- қатынастар құруымыз керек. Біз үшін бұл өте қажетті. Өйткені осы мемлекеттермен біздің экономикалық, мәдени және т.б. қатынасымыз көп жылдар, жүздеген жылдар бойы өте жақын болған. Осы қатынастарды бұзуға болмайды, керісінше, дамыту керек.

Күмәнсіз осындай саясат Азербайжан Республикасының егеменді мемлекет сияқты сай болуы және дамуына жәрдем етеді. Америка Құрама Штаттары тарапынан Азербайжан Республикасына көрсетілген жақсы қатынастар бәрімізді қуантады және қатынастар бұдан да күшейіп дамытылуы керектігі күмәнсіз. Барлық Еуропа өлкелерімен біздің қатынастарымыз кеңейтілуі керек. Әсіресе, Англия, Франция, Германиямен. Барлық мұсылман, арап, түрік тілдес өлкелермен біздің қатынастарымыз одан да жылдам дамуы керек. Бір сөзбен, жәй ғана, шет саясат саласында өз пікірімді білдіргім келеді. Жоғарғы Кеңестің төрағасы ретінде осы бағытта тынымсыз қызмет атқарамын, біздің президентіміздің жұмысын, Жоғарғы Кеңестің, өкімет белсенділігінің табысты болуы жолында қызмет көрсетемін.

Бірақ бұлардың бәрінен маңыздысы, қазіргі Гәнжәдә болған оқиғаларды, осыдан туған қиындықты шешу болып табылады. Мен бұл жерде Ұлттық Мәжілістің жиналысында, осы мінберден барлық Азербайжан Отандастарына, біздің бауырларымызға, қарындастарымызға, баларымызға үндеймін, біздің Республика қазір ауыр жағдайда екенін білдіремін. Біздің ең үлкен қиындығымыз, тағы да айтамын, басып алынған топырақтарымызды қайтарып алу, Азербайжанның аймағын толығымен, суверендігін қамтамасыз етуден тұрады. Сол үшін біздің өз ішіміздегі барлық проблемалар шетке қойылуы керек. Мен барлық Азербайжан халқынан, Гәнжә тұрғындарына, Азербайжан Республикасының депутаты Сүрәт Һүсейиновқа және оның қасындағыларға, олардың бәрін зеректілікке, адамгершілік қатынастарға шақырамын. Біздің Республикамыздың енді бұған бұдан да көп мұқтаж екенін олар білуі керек, барлық халық білуі керек, енді біз біртұтас болуымыз керек. Азербайжанның осы қайғылы кезеңінде біз үлкен пәлекет қарсысындамыз. Осы кезеңде барлық күштер бірлесуі керек, саяси партиялар, саяси ұйымдар, саяси және әлеуметтік ұйымдар, халқымыз-бәрі де бірлесуі керек. Өз арамыздағы өкпе- өкінішті бір шетке қойуымыз керек. Бәріміз бірлесіп Азербайжанды осы ауыр жағдайдан құтқаруымыз керек. Күмәнсіз, Гәнжә тұрғындары, Гәнжәнің аймағындағы райондарда тұратын азаматтарымыз менің дауысымды естиді, бұған үлес қосады. Сүрәт Һүсейинов менің дауысымды естиді, зерек әрекет етеді, және біз бұл үлкен бәледен толығымен құтыламыз. Мен сіздердің бәріңізді осы салада әрекет етуге, бірлесуге шақырамын. Менің өтінішім, майда бөлшектерді, өсек-өтірікті шетке қойу керек, бұлардың уақыты келгенде кімнің-кіммен не ақы есебі бар болса кейін есептеседі. Қазір мұның уақыты емес.

Осыған байланысты мені қызықтыратын бір мәселеге де тоқтағым келеді. Кейбір ұжымдарда, егер Гейдар Алиев Азербайжанда жаңадан бір қызметке келетін болса, өш алатын біреулері бар- деген сияқты мен туралы өсек -әңгіме айтылып жатыр екен. Біреулер уақытында оған қарсы әрекет еткен, немесе, біреу оған жамандық істеген, енді ол солармен есептеседі деп айтылған. Мен сіздердің алдыңызда жауапкершілікпен айтамын және Азербайжан халқына хабарландырамын, менің табиғатымда ешқандай да өш алу деген мінез жоқ. Мұны жәй ғана басқа-басқа адамдар жасанды түрде істегені көрініп тұр, тек қана мені кірлету үшін емес, жалпы алғанда, бізді бытырату үшін. Сіздерге сөз беремін, еш қашан өш алу сезіміне қамалмаймын. Егер біреулер, қашанда маған қарсы дұрыс әрекет етпеген болса, қарсылық білдірген болса, сеніңдер, мен олардың бәрін бұрыннан кешіргенмін. Мен өзімді солардың деңгейіне еш қашанда түсірмегенмін, түсірмеймінде. Сіздер маған сенгендеріңіз жоғарғы мәселеден байланысты емес ғой, мен осындай бір қызметке келдім. Жоқ. Мен жәй бір отандас сияқты ешқашан, еш кіммен ерегісіп, өш алу немесе біреуге қастандық жасауды қаламағанмын және қаламаймын да. Бірақ қызмет бабында, күмәнсіз бәріміз тәртіп-тәрбиеге, заңға бағынуымыз керек және осы жолда, күмансыз, мен өз идеямнан қайтпаймын.

Жоғарғы Кеңеспен және Азербайжан Президенті Әбүлфәз Елчибеймен бірге, бәріміз бірге осы жағдайдан шыға алатынымызға сенемін. Сіздің бәріңізді осы жолда бірлесуге шақырамын.

Тыңдағандарыңыз үшін алғысымды білдіремін!

 «Гейдар Алиев: Егемендігіміз бақи» (сөйлеген сөздер, баяндамалар, интервьюлер, хаттар, өтініштер, шешімдер)- Азернешр, Баку, 1993, 1-ші бөлім, бет 9.