БҰҰ-ның Бас Мәжілісінің 49-шы сессиясында Азербайжан республикасының Президенті Гейдар Алиевтің сөйлеген сөзі- Нью-Йорк, 29-шы қыркүйек 1994-ші жыл.

Құрметті төраға мырза!

 Құрметті бас хатшы мырза!

Ханымдармен мырзалар!

Ең алдымен, БҰҰ Бас Мәжілісінің 49-сессиясының бастығы қызметіне Амар Есси мырзаның сайланғанымен және қызмет жолындағы жетістіктерімен құттықтауға маған рұқсат етіңіздер. Сонымен қатар, алдыңғы сессия төрағасы Самуэль Инсанелли мырзаның атқарған жұмыстарына алғысымды білдіргім келеді.

БҰҰ-ның бас хатшысы аса құрметті Бутрос Гали мырзаның бүкіл әлемдегі достық пен қауіпсіздіктің нығаюынан бағытталған қажымас еңбегіне шексіз алғысымды білдіремін.

Мен өз тарихының қиын кезеңдерін бастан өткеріп жатқан біздің жас мемлекетіміздің проблемаларына ыждағаттықпен мұқият қарағанына оған ерекше ықыласымды білдіремін.

Ханымдар мен мырзалар!

Мен ең беделді халықаралық форумның мінбесінен қобалжи отырып және мақтаныш сезімімен сіздердің алдарыңызға шығып отырмын. Тәуелсіз Азірбайжанның президенті алғаш рет әлемдік қоғамдастыққа басқалармен терезесі тең күйінде енңп, сол қоғамдастыққа мойындатып отырған өз елін ұсынып жатыр.

Азербайжан халқы азаттыққа ғасырлар бойы ұмтылып келді. Кеңес Одағы ыдыраған соң ол ұлттық тәуелсіздікке қол жеткізді. Біздің республика құқықты, демократиялы, өркениетті мемлекеттің құрылуындағы жолда нық тұрды. Мұның бәрі – күрделі үрдіс, жол, бір күннің жұмысы емес, бірақ біз алға қойған мақсатқа жүйелі түрде жүріп келеміз және қысқа уақыт ішінде аз жұмыс атқарылмады, құқықты демократиялы қоғамның қалыптасуы үшін барлық жағдайлар жасалды. Біздің елімізде көппартиялы жүйе қазірдің өзінде бар, саяси плюрализм, тұлға, сөз, баспа, ар, адам құқығын қорғау және заң жоғарылығының принциптері берік бекітілді. Көп ұлтты Азербайжанның барлық азаматтары терісінің түсіне, діни және тілдік өзгешелігіне қарамастан тең құқықты болып есептеледі.

Саяси өзгерістер, елдің демократиялануы нарықтық қатынастарға өту үшін маңызды экономикалық реформаларды жүргізуге жағдай жасады. Біз еркін кәсіпкерліктің дамуын, жеке ой көтерулерді барлық жағынан қолдаймыз, жан-жақты байлыққа негізделген әлем тәжірибесінен, өркениеттік, гүлденген демократиялық қоғамның құрылу жолында үлкен табыстарға ие болған алдыңғы әлем өлкелерінің тәжірибесін пайдалана отырып кең масштабты жекешелендіру жоспарының орындалуына кірісіп жатырмыз.

Біз көптеген мемлекеттердің қызығушылығына ие болған аймақта – Еуропа және Азияның негізгі географиялық-саяси өткелінде орналаса отырып, кең табиғи байлықтарға және үлкен өнеркәсіптік мүмкіндіктерге ие болып, Азербайжан халқының аса қйраттылығы мен сеніміне сүйене отырып өз егемендігіміздің күшеюіне және демократиялық өнеркәсіптердің, нарықтық реформалардың орындалуына бағытталған осы биік мінбеден ешкімнің Азербайжан халқының ұстанған бағытынан кері шегінуге мәжбүр ете алмайтынынан және біздің өз еліміздің келешегіне белсенді түрде қарайтынымызды нық сеніммен білдіремін.

Біздің белсенділігіміз сонымен қатар, әлемде болып жатқан тарихи үрдістермен де, халықаралық қатынастар жүйесіндегі күрделі өзгерістермен де байланысты. Оның болашақ негізін әлден әскери конфронтация (майдан) мен идеологиялық қарсылықтың орнын басып жатқан тең құқықтық әлемдік тәртіп болатыны күмәнсіз. Жаңа әлемдік тәртіптің фундаментальды принциптері болып: қызметтестік, берік бейбітшлік және халықаралық құқыққа сәйкес жалпының қауіпсіздігі, БҰҰ Жарғысының заңдылықтары мен принциптері саналады. Біз бірлесіп еңбек ету мен гүлдену дәуіріне апаратын күшке негізделген қарсыласу әлемінен бастайтын үңгіртаудың (туннель) соңынан жарық көріп тұрмыз, және әлемдегі бүкіл елдер және халықтармен қол ұстасып осы жолмен бірге жүруге дайынбыз.

Дегенмен, адамзат баласына төніп тұрған қауіп-қатерлер әлі де толығымен жойылмаған. Әлі де ескі стереотиптер сақталған, ондаған жылдар бойы жалғасын тауып келе жатқан қарсыласу дәуірі ішінде жиналған көптеген мәселелер, әсіресе қарусыздану саласында, жалпы қырғын қаруының жойылуы бағытындағы мәселелер жойылмаған еді. Өткен күндердегі кедергілер және әртүрлі экономикалық мүмкіндіктері бар мемлекеттердің қарым-қатынасы бұрынғысынша қалып қоя берді. Уақыт бізге эколгиялық қатермен байланысы бар тұрғын халықтардың проблемалары мен дамуының жаңа мәселелерін туындатып отыр.

Көне дәуір тәртібі құлауының шындығына агрессивті ұлтшылдық пен сепаратизм айналды, олар Кавказ, Балқан түбегін, Жер шарының басқа да нүктелерінде от-жалынға және қанға ораған қақтығыстар тудырған еді. Бұл шиеленістер тәуелсіз мемлекеттердің дамуын тежеп қана қоймай, әлі де қатаймаған демократияның өмір сүруінің өзіне тікелей әсер етеді, сонымен бірге бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіреді.

Сондықтан майдандасудан кейінгі әлемде беделді халықаралық ұйымдардың, ірі мемлекеттерге ерекше жауапкершілік жүктеледі, олар өз саяси жүктерінен, экономикалық, қаржы және соғыс мүмкіншіліктерін пйдалана отырып қақтығыстардың жойылуына, жер жүзінің барлық жерінде бейбітшіліктің, тыныштықтың және қауіпсіздіктің күшеюіне өз мүмкіншілігін одан да белсенді түрде бағыттандыруы керек.

Келесі жылы өзінің 50-жылдығын тойлағалы жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымы көптеген қақтығыстардың және дағдарыс сәттерінің жойылуында тәжірибеге ие болған Қауіпсіздік Кеңесі Жаңа әлем кезеңінің құрылуында күмәнсіз басты рольды ойнайды. Бірақ, Қауіпсіздік Кеңесінің алдында әлі де төмендегідей қиын сынақтар тұр: жаңа жағдайда өз тиімді жұмысын Әлем Бірлігіне дәлелдеу. Бүгінгі күнде Қауіпсіздік Кеңесінен оның нық сеніммен даму жолындағы берік тұрақтылығы қатты талап етіліп отыр. Кеңес құрамының кеңейтілуі оның күшеюіне көмектеседі деп үміттенеміз.

Ең алдымен, шешім қабылдардағы мемлекеттердің келісушіліктер мен қызығушылықтарының теңдестірілуіне негізделген өзара ең тығыз қарым-қатынасты қамтамасыз ету барысында көзге түсетін Бас Мәжіліс роліне біз үлкен мағына береміз.

Қазіргі жағдайда БҰҰ Бас Хатшысының өз күшін қарқынды түрде қолдануының маңыздылығы артуда, сонымен бірге халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің күшейтілуіндегі жауапкершілікті онымен бөлісіп отырған ұйымға мүше мемлекеттердің қолдаулары жа күшейіп келеді.

Жалпы алғанда Азербайжан Республикасы БҰҰ-ның келешекке деген жоспарларын белсенді түрде бағалап, ары қарай Біріккен Ұйымның жоғарғы принциптерін қолдап, оның келешектегі жоғарғы дәрежесі мен белсенділігін қолдайды.

Құрметті ханымдар мен мырзаларІ

Егер сіздердің көпшілігіңізге бақыттарыңызға орай, “соғыс”, “қарулы қақтығыс” түсініктері өз үйіңізден алыста болып жатқан тарих немесе оқиға ретінде сезілсе, менің халқым үшін – бұл әдеттегідей ауыр шындық, қанды күндер болып отыр. Азербайжан топырағын соғыс жалыны шарпығанға алты жыл болды. Армения республикасы Азербайжанның Таулық Қарабақ аймағында тұратын армян этникалық тобының өз тағдырын айқындау үшін құқығын орнату сылтауымен мемлекетіміздің аймақтарының аннексиясы, оның мемлекет шекараларының зомбылықпен ауыстырылуы және Азербайжандық тұрғындардың өз туған үйлерінен қуылу жоспарларын ашықтан ашық жүргізуде.

Мұның бәрі халықтың өз тағдырын қамтамасыз ету құқығының негізсіз болып қайсы бір этникалық қоғамдастықтың өз егемендігін өз алдына жариялау және басқа мемлекеттің құрамына кіру құқығы сияқты жобалануымен перделенеді. Өз тағдырын тағайындау құқығының осылайша түсіндірілуі мемлекеттің егемендігі және аймақ толықтығы принциптерімен өткір қақтығыс болуды құрайды. Осы құқықты иелену бағытындағы кез-келген талпыныстар біз куә болып отырған біздің ауданымызда болсын, әлемнің басқа да жерлеріндегі қатыгез қақтығыстарға әкеп соғады.

Ойландырарлық бұл мәселе төңірегіндегі пікірді БҰҰ-ның Бас хатшысы Бутрос Гали мырза да білдірген еді: “Егер де әрбір этникалық, діни немесе лингвистикалық топ өз мемлекеттілігін талап етер болса, онда бөлінушіліктің шегі болмайды, әлемдегі бейбітшілік, қауіпсіздік пен экономикалық дамудың өрлей түсуі одан да қиынға соғады”.

Мен құрметті Бутрос Гали мырзаның “қалыптасқан халықаралық жүйелік шеңберіндегі халықтардың өз тағдырын қамтамасыз етуі және мемлекеттердің суверендігі, аймақ толықтылығы және егемендігі сияқты бірдей дәрежеде бағалы және маңызды мәселелердің бір-біріне қақтығыс ұйымдастыруына жол беруге болмайды” деген пікірімен толық келісемін.

Аймағымызда болған оқиғалардан әлемдік қоғамдастықтың жеткілікті дәрежеде мағлұматы болмағандықтан, кейбір жағдайларда жұмысқа біртарапты хабарсыз екенін біле отырып сіздерді шындығында болған жағдаймен қысқаша түрде таныстырғым келіп отыр. Армения республикасы Азербайжанның Таулық Қарабақ аймағының жерінде армия ұйымдастырып республикамызға қарсы белсенді соғыс қимылдарын жүргізген еді. Шуша қаласы мен Лачын ауданы жаулап алынғаннан кейін Таулық Қарабақтың зорға бірігуі аяқталған, Таулық Қарабақта тұратын шамамен 50 мың Азербайжандықтар сол өздерінің туған жерлерінен қуылып шыққан еді. Армян қарулы күштері Таулық Қарабақтың соғыс майданын пайдаланып бұдан кейінгі жасалған шабуылдарда Азербайжанның басқа алты ауданын өткен Таулық Қарабақ Автономиялық Республикасының шекараларынан Лачын ауданы сияқты шеткері болған және аймағы өткен республиканың аймағынан төрт есе көп болған Келбежер, Ағдам, Фузули, Жебрайыл және Губадлы аудандарын жаулап алған.

Шабуыл нәтижесінде Азербайжан жерінің 20 пайызының көбі Армения Республикасының қарулы күштері тарапынан жаулап алынған еді. Мен Азербайжан жағының қорқынышты шығындарын сізге айтуым керек; 20 мыңнан астам адам өлген, 100 мыңға жуық адам жараланған және жарақат алған, 6 мың адам тұтқындалған, 1 миллиноннан көп Азербайжандықтар – өлке тұрғынының шамамен 15 пайызы босқын жағдайына душар болған еді және шатыр қалашығында тұрады. Олар өз отанында үйсіз қалған еді, жаздың жылуынан, қыстың суығынан, эпидемиялық аурулардан азап шегеді, ең зәру нәрселерге қажеттілік сезіледі. Азербайжанның жаулап алынған аймақтарында 700 қала және ауыл қиратылған. Сол қалалар мен ауылдарда айтуға боларлықтай барлық үйлер, мектептер, ауруханалар өртеткізілген, талқандалған және көне мәдениет үйлері тас-талқан етілген.

Менімше, дәлелдеп жатудың қажеті жоқ, өйткені осындай бір жағдайда біз “өз тағдырын тағайындау құқығының орындалуы”мен емес, халықаралық құқықтың дөрекі бұзылуымен, БҰҰ-на мүше болған мемлекеттің суверендігіне, аймақ толықтығына және саяси егемендігіне қарсы шабуылмен қарсыласқанбыз.

Соғыс халқымды жайсыз жағдайға ұшыратады, әлеуметтік қиындықты күшейтеді, Азербайжан қоғамының демократияландырылуына бағытталған экономикалық және саяси реформаның орындалуына кедергі болып тұр.

Соғыс нәтижесінде Азербайжан халқына миллиардттармен Америка доллары есебінде өте көп материалдық зиян берген еді. Адам тағдырына келтірілген моральдық зияндықтар, халыққа келген дерттер де ешнәрсемен өлшенбейді.

Бүгінгі күні тек қана Азербайжанда емес, әлемнің басқа да нүктелерінде де қан төгіліп жатыр. Халықтар соғыс жүріп жатқан жерлерде болған қайғылы жағдайларға немқұрайлы қарамауы керек. Қарулы қақтығыстардың күшейтілуіне жол бермеу, олардың әділеттілік және қатаң түрде жойылуына ие болу үшін бірлескен түрде жұмыс жасау керек.

Ханымдар мен мырзалар!

Армения Республикасының қарулы күштері тарапынан Азербайжан аймақтарының жаулап алынуына қатысты соңғы екі жыл бойына Қауіпсіздік Кеңесінің 4-резолюциясы және оның басшысының 6-шы баяндамасы қабылданған еді.

Бүкіл даму жолында Қауіпсіздік Кеңесі Азербайжан республикасының суверендігін және аймақ толықтылығын дәлелдеп жатыр, аймақты жаулап алу үшін қатаң қосымшаларға жол берілмейтіндігін белгілейді, Азербайжанның жаулап алынған барлық аудандарынан барлық жаулап алушы күштердің тез арада, толығымен және белгі-шартсыз шығарылуын, босқындардың өздерінің тұрғылықты жерлеріне қайтарылуын қатаң түрде талап етеді.

Бірақ барлық осы шешімдерге Армения Республикасы әлі де ешқандай пікір бермей жатыр. Бұдан басқа ол Азербайжанның жаулап алынған аймақтарында өз әскери күштерін көбейтуді жалғастырып жатыр.

Басқа жағынан алып қарасақ, Қауіпсіздік Кеңесі де қабыл болған резолюциялардың механизмін жұмысқа қоспаған. Осы жерде мынадай сұрақ туады: Қауіпсіздік Кеңесі қандай дәрежеде жүйелі және шешімді, әрбір нақты жағдайда оның компитенцияларының қабылдау дәрежесі немен анықталып жатыр?

Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің орындалмауы БҰҰ-на қарсы істелініп жатыр және оның халықаралық бейбітшілігі және қауіпсіздігін қорғау сияқты негізгі міндетін орындау қабілеттілігіне деген сенімін бұза алады.

Аймақтық қақтығыстардың жойылуы үшін жиналған тәжірибе, дамушылықтың орындалуы бағытында жұмыстар жалғыз БҰҰ Жарғысымен назарда ұстаған нақты шаралармен күшейтілгенде табыс әкелуін көрсетеді.

Халықаралық құқық нормаларын дөрекі түрде бұзған мемлекет туралы әсерлі шаралар өте беделді халықаралық ұйымның Әлем бірлігі алдында борышты.

Армения-Азербайжан қақтығысының жойылуы үшін көрсетілген күштерде біз ЕҚІК (Еуропа Қауіпсіздігі және Іскерлік Конференциясы) сияқты беделді мекемеге бел байлаймыз. Армения-Азербайжан қақтығысының жойылуы үшін ЕҚІК-ың тудырған Минск тобы да жаулап алынған барлық аймақтардың азат етілуі және жаулап алушы күштердің Азербайжанның шекараларынан толығымен шығарылуы, оның суверендігіне, аймақ толықтылығына және халықаралық масштабта танылған шекараларына құрмет көрсетілу қажеттілігіне негізделеді.

Бірақ, ЕҚІК-ың қатысты механизмдері болмағандықтан, оның көптеген бітістірушілік күштері, өкінішке орай бүгінгі күнге дейін қандай да бір көзге түсетін нақты нәтижелерге әкеп соқтырмаған еді. Бүгінгі күні біз жалғыз ғана жаратымды нәтижеге ие болғанбыз: Ресей Федерациясының және ЕҚІК-ың Минск тобының өте үлкен күштері бағасына және белсенді бітістірушілік миссиясы арқылы қақтығыс зонасында атысты тоқтатқан еді.

Атыс дауыстарының естілмей, қан төгілмей жатқанына 4 айдың жүзі болды. Мұның бәрін біз жоғары бағалаймыз. Бірақ жағдай бара-бара соңғы дәрежеде күрделі болып қалады, атысты тоқтату да барған сайын қиындай түсуде.

Армения Республикасы Азербайжанның жаулап алынған аймақтарының бір бөлігін Азербайжан республикасының Таулық Қарабақ аймағының егемендік статусымен ауыстыру сияқты негізсіз шарттар алға қойылып жатыр. Ол, Азербайжанның осы аймағында өз соғыс күштерінің қалуын және Азербайжанның Шуша қаласы мен Лачын ауданы бойынша бақылануының сақталуын талап етеді, бұл да шындығында аймақтарымыздың зорға қосылуының дәлелі болып отыр.

Армения қақтығыстың басталуына дейін Таулық Қарабақта болған демографиялық жағдайдың қайта түзетілуін және Азербайжандық тұрғындардың ол жерге қайтарылуын, сонымен қатар Азербайжан мәдениетінің ең көне орталықтарының бірі болған Шушаға қайтарылуын толығымен шығарып жатыр.

Армения БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюцияларын орындамай осы шарттармен халықаралық аралаушы күштері Азербайжанның жаулап алынған Таулық Қарабақ аймағының периметрі бойынша орналастыруды ұсынып, оларды жағдайдың консервациясы құралына, өзінің жаулап алушы саясатының кепіл тұтқынына айналдыруға тырысады.

Азербайжан республиксының көзқарасы әрдайым тәжірибелік көзқарас болған еді және бейбітшіл қасиетке ие. Бізге келтірілген барлық шығындарға  қарамастан, біз халықаралық құқық, әділет және гуманизм негізінде армян тарапына бейбітшілікті ұсынамыз. Біз Таулық Қарабақтың армян қауіпсіздігіне кепілдік беруге дайынбыз.  

       Біз аймақта коммуникацияларадың сонымен қатар Таулық Қарабақпен Армения Республикасы арасында гуманитар дәліздің  қалыпты жұмысын қарсылықты негізде қайта құруды қолдаймыз.  Біз, керек болса қақтығыс алаңына  халықаралық бейбіт  күштердің орналастырылғанына  ризамыз. Біз Азербайжан мемлекетінің құрамында Таулық Қарабақтың статусын да талқылауға дайынбыз.

Бірақ, біз үшін таң  қалдырмас  нормалар мен принциптер де  бар - бұл, Азербайжанның суверендігі және аймақ толықтылығы, жаулап алынған барлық аймақтардың азат етілуі, босқындардың өз туған ошақтарына, сонымен қатар 50 мың азербайжандық босқындардың  Таулық Қарабаққа  - өз отанына қайтарылуы.

Азербайжан Республикасы қақтығыстың бейбіт жолымен саяси жолмен жойылу жағдайында  бола отырып,  жалғыз Қауіпсіздік Кеңесінің резолюцияларын орындау жолымен шапқыншылықтың нәтижелерін жою, ұзақ мерзімді күшті бейбітшіліктің туу мақсатымен тұрақты және тәжірибелік келісім процесін жүргізуге болады  деп  есептейміз.

Сонымен қатар біз халықаралық нормаларға тең бола отырып бейбітшілдердің нақты мандатқа ие болуы шартымен келісілген бейбіт шешімдерінің орындалуының қамтамасыз етілуінде Әлем Бірлігінің жәрдеміне үміт етеміз.

Біз атыстың тоқтатылуы туралы ризашылығымызды жоғары бағалай отырып,  бұны әлі бейбіт деп айтуға болмайды, бірақ атыс тез арада бейбітке ие болу үшін қажетті жағдай тудырып жатыр  деп  түсінеміз. Біз бейбіт ризашылыққа ие болғанға дейін және қарулы қақтығыстың  толығымен тоқтатылуына  дейін атыстоқтату режимін орындау ниетінде болғандығымызды қайта - қайта білдіргенбіз. Бүгін мен Біріккен Ұлттар Ұйымының жоғары мінберінен мұны тағы да хабарлап жатырмын.

Біз ЕҚІК-ің Минск тобының және Ресей Федерациясының бейбітшіл  жұмысын қорғай отырып олардың әрекеттерінің бірлестірілулерін қолдаймыз қақтығыстың жойылуына бірінші болу жолында қай қайсымыз да  тартысуға қарсы шығамыз. Осындай тартысу Азербайжан және Армения халықтарының бірдей дәрежеде қажет деп білген бейбітке ие болуын тек қана қиындатуы мүмкін.

Азербайжанның жаулап алынған аймақтарының толығымен азат етілуі туралы талаптарымыз құқыққа сай талаптар, олар БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің резолюцияларына толығымен сай келеді. Қайсыбір ауданның  қосылуына жасалған әрекет біз үшін қанағаттанарлықтай емес және халықаралық құқық нормаларына қарсы.

Соғысқа баулу нәтижесінде республикада соңғы дәреже ауыр гуманитарлық жағдай тудырылған. Жеті миллиондық өлкеде әр жеті адамнан бірі үйі, жұмысы, өмір сүру үшін жағдайы болмаған босқындар. Босқындар және мәжбүр етілген көшкіндер көптеген шығындарға душар болып лагерлерде тұрып жатыр. Амансыз қыс жағдайы, жеткіліксіз дәрежедей азық -түлік, дәрі дәрмек болмауы халықтың ең әлажсыз болған осы тобы арасында эпидемия және ашаршылық қауіпін тудырған еді. Босқындар мен байланысты жағдайдың жедел түрде жойылуы Азербайжан мемлекетінің бастапқы міндеттерінің біріне айналған еді.

Республикамыздың тез арада шақыруына халықаралық үйымдар, көптеген мемлекеттер дауыс берді және біз Азербайжанға гуманитарлық жәрдем көрсетілуінде БҰҰ жоспарларының ең ірі донорлары болған Швеция, Ұлы Британия, Германия, Жапония, Швейцария, Нидерландия, Данимарка үкіметтеріне  іштен  көп ризашылығымызды білдіреміз.

Біз, сонымен қатар екі жақты байланысты сызығымен Азербайжанға біршама гуманитарлық жәрдем көрсеткен Түркияның, Иранның, Саудия Арабиясының  және басқа өлкелердің үкіметтеріне де ризамыз.

Біз Азербайжанда босқындарға және мәжбүр көшкіндерге маңызды жәрдем көрсеткен БҰҰ-ның жұмысы бойынша жоғары комиссияның мекемесіне, Халықаралық Қызыл Крест Комитетіне, БҰҰ-ның балалар қорына, \"Дәрігерлер шекара танымайды\" үйымына, көптеген үкіметтік емес  ұйымдарына да ризамыз.

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Шығыс және Батыс өркениетін байланыс сияқты біріктірген өлкеміздің географиялық тұрғыдан, әлеуметтік саяси жағынан және тарихи мәдени салт дәстүрінен туған мінездер халықаралық қатынастар жуйесінде менің республикамның роліне және орнына өзіндік әсер етеді.

Сондай-ақ өз ерекшеліктерімізді түсініп және өзгерістердің алға тартқан талаптарын назарға алып біз қадамдап алға басып,  шет әлеммен бірге жұмыс ғимаратын жоғарылатып жатырмыз.

Азербайжан республикасы халықаралық масштабта танылған уақыттан бері біз басқа өлкелерде бірдей құқықты, теңдестірілген қатынастар тудырған және көптеген жалпы әлем және аймақтық ұйымдарға қабыл болған, халықаралық қатынастарымыздың кеңейтілуі, біршама себептерден жоғалтылған байланыстардың қайта құрылуы үшін жұмыстар істегенбіз.

Біз Өткен КСРО-ның аймағында тудырылған егеменді мемлекеттермен тарихи, географиялық, экономикалық және гуманитарлық байланыстарға ерекше маңыз беріп, керек болса екі жақты қатынастар негізінде, керек болса Егеменді Мемлекеттер Бірлігі шеңберінде  олармен ерекше Ресеймен бірге құқықты жұмыстың дамуына тарап шығамыз.

      Америка Құрама Штаттары, Ұлы Британия Біріккен Патшалығы, Франция, Қытаймен Азербайжанның достық байланыстары табысты  дамып жатыр. Аймақтарымыздың және жақын региондардың Түркия, Иран, Сауди Арабстанды, Египет, Пакистан сияқты өлкелерімен бізді жиі, кішіпейіл көршілік сымдары байланыстырып жатыр.

Осы өлкелермен біз Ислам Конференциясы Ұйымы шеңберінде де  бірле отырып  жұмыс істеп жатырмыз.

Осы жылдың мамыр айында НАТО-ның «Достық үшін тараптастық» жоспарына Азербайжанның қосылуы оның саяси өмірінде маңызды оқиға болған. Осы жоспарда бізді жалпы қауіпсіздік үшін бірлескен  және қарамақарсы жұмысқа баулиды. Мен Варшава келісімінің өткен мүшелерінің осы жоспарға қосылғаны үшін алғысымды айтамын. Бұл барлық Еуразия континентінде үміт туғызып, келешекте оны бейбіт жағдайында бірлестік  күтіп тұр және осы бірлескен  барлық халықтардың  қауіпсіздігінің дамуын және алға басуын қамтамасыз етеді, жаңа майдандасу блоктарының туу мүмкіндігі өмірлік жойылады. НАТО жоспарында қатысу Еуропа қауіпсіздігін жаңа үйінің тудырылуында өлкеміздің ролін көбейтеді  деп  үміттенеміз.

Осы жылда Азербайжан Республикасына блоктарға қосылмау әрекетінде байқаушы статусы берілген еді, бұл да басқа - басқа тұрғыдан екіжақты байланыстарды қалыптастыру және сол әрекеттің мүшелері болған өлкелермен көзқарастарымызды жақындату үшін алдымызда кең мүмкіндіктер туып жатыр.

1992-ші жылдың қаңтарында жас Азербайжан мемлекетінің Біріккен Ұлттар Ұйымына толық құқықты мүше болып қабылдануы оның орындалуы процесінде маңызды кезеңдер  болған. БҰҰ-на құрамына кірген көптеген халықаралық ұйымдармен бірге  жұмысымыздың көлемі  сол уақыттан бері көбейіп жатыр. Халықаралық Валюта Қоры, Жалпы Әлем Банкісі, Халықаралық Қайта  Құру және Даму Банкісімен қарсылықты жұмысымыз біз үшін ерекше қымбат. Әлемнің бұл ең ірі Қаржы Институты мамандықтардың Азербайжандағы жұмысы нәтижесінде өлкеміздің әлеуметтік экономикалық дамуы үшін үлкен маңызы бар  нақты  проекттер айқындалған еді.

   Күмән етеміз, Халықаралық Қаржы Институттарымен табысты бірлескен жұмысымыз үшін үлкен мүмкіндіктердің барына күмәнданамыз. Біз Азербайжан Республикасының душар болған фактілік қорының соғыс жағдайымен байланысты Халықаралық Валюта Қорының және   Жалпы әлем Банкісінің  басшылығының абай болғанын және мазасыз болғанын түсініп жатырмыз. Бірақ сол кезде, халықаралық Валюта Қоры бізбен соғысып жатқан Арменияға тиянақты несиелерін беріп  отырған. Әділет осы мәселеде еш болмаса симметриялық қатынас талаб етеді  деп  есептейміз.

Біз нарық экономикасы инфраструктурасының дамуын, өлкенің заманауи қалыптасуы дәрежесіне шығарылуы, алдыңғы технологиялардың қабылдау алаңында ұлттық жоспарлардың дайындалуына техникалық жәрдем көрсетілуі жұмысында БҰҰ-ның айналадағы  атмосферасы үшін  дайындаған жоспарынан көп нәрсе күтеміз.

Біз халықаралық экономикалық біргежұмысқа ерекше маңыз береміз және мен сізге үлкен сезіммен білдіргім келеді, Азербайжан Республикасы қыркүйектің 20-да Каспии теңізінің Азербайжан секторында мұнай жерлерінің бірге жұмысы алаңында көптеген ірі әлем кәсіпорындарының концорсиумымен 30 жылдық келісімге қол қойылғанына үлкен сенімді  білдіргім  келеді.   Бұл, ұзақ уақыт болған қиын келісімдердің қорытындысы.

Осы ірі экономикалық шара әлем үшін ашық болу саясатымыздың, экономиканың әдетке айналдырылуы, шетел инвестицияларын  баулу  саясатымыздың дәлелі.

Осындай бір таптырмайтын келісімнің қол қойылуы бірлескен жұмыстың күшейтілуіне, оның орындалуына қатысқан Азербайжан, АҚШ-ың, Ресейдің, Ұлы Британия Патшалығының, Түркияның, Норвегияның, Сауди Арабиясы халықтарының бір біріне жақындасуына көмектеседі. Осы туралы сөйлегенде мен тағы да айтқым келеді, Азербайжан Республикасы Әлем Бірлігімен толық құқықты интеграцияға бағытталған және бұл үшін де барлық мүмкіндіктерге ие  екенін айтқым келеді.  Осыған бола да оның саясаты бейбітшілікке негізделеді және біз бұған ие болу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымына үлкен үміт етеміз.

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Азербайжан халқы мені өзінің жас егеменді мемлекетінің президенті етіп сайлап маған өте үлкен сенім білдірді  және осы күнде мен оның ең жақсы қалауы және тілектерін сізге жеткізу құрметіне ие болдым.

БҰҰ Бас Мәжілісінің осы жоғары мінберінен сіз халқымның дауысын естисіз, халқымның дауысы жүректеріңізге жол ашады  дей  отырып  үлкен  үмітпен  қоштасқалы  отырмын. 

Тыңдағандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін.

 «Азербайжан» газеті, 30-шы қыркүйек 1994- ші жыл.