Республика сарайында «Қорқыт Ата Кітабы» дастанының 1300 жылдығына арналған салтанатты мерей тойында Азербайжан Президенті Гейдар Алиевтің сөйлеген сөзі - 9 сәуір, 2000- шы жыл


scotch egg
scotch egg
temp-thumb
temp-thumb

Құрметті мемлекет басшылары!

Құрметті мәжіліс басшылары!

Құрметті қонақтар!

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Бүгін Азербайжан халқы Ұлы «Қорқыт Ата Кітабы» эпосының 1300 жылдығын үлкен мейрам сияқты салтанатты түрде атап өтіп жатыр. Осы мерей тойы біз үшін, барлық түрік дүниесі үшін, адамзат мәдениеті үшін ерекше мәні бар тарихи бір жағдай. 

Бұл, біздің тарихи тамырларымызға, ұлттық салт дәстүрімізге, ұлттық-рухани байлықтарымызға, мәдениетімізге, ғылымымызға, халқымыздың көп ғасырлық тарихына болған құрмет, сый мейрамы. Бұл біздің ұлттық азаттығымыздың, мемлекеттік егемендігіміздің мейрамы.

Азербайжан халқының, барлық түрік тілдес халықтардың үлкен тарихи ескерткіші болған «Қорқыт Ата Кітабы» 1300 жыл болды өмір сүріп жатыр. Егер, 1300 жылдан да бұрын «Қорқыт Ата Кітабы» дастанының жарануы үшін халықтарымыздың қаншама күш жұмсағанын және ең соңында осы тарихи ескерткішті тудырғанын назарға алатын болсақ, онда былай деп ойлай аламыз, біздің халқымыздың қаншама көне тарихы, терең тамыры және көптеген бай мәдениеті бар екенін көруге болады.

1300 жыл бойы «Қорқыт Ата Кітабы» үлкен, ұлы, жарқын жол кешкен. «Қорқыт Ата Кітабы» барлық қиындықтарға, ығыстырылуға қарамай, 1300 жыл бойы біздің халықтарымызға тамақ болған, олардың өмір сүруіне, күрес жүргізуіне, өз ұлттық мендігін түсініп, қорғануына әрқашан жәрдем еткен.

Бірақ соны да атап өту керек, біз «Қорқыт Ата Кітабы»ның  1300 жылдық тарихына жоғары баға бере отырып, соңғы үш жыл бойы үлкен жұмыстар жүргізілген және бұлар «Қорқыт Ата Кітабы»ң біздің халқымызға, барлық түрік дүниесіне, түрік тілдес халықтарға танытқан және оның қаншама бай қоры болғанын барлық дүниеге жариялағанын мойындауымыз керек. Кеше түрік тілдес Мемлекеттер Бірлігінің VI Баку шың кездесуі өз жұмысын табыспен аяқтады.

Біз осы шың кездесуінде түрік тілдес Мемлекеттер Бірлігі жаранған уақыттан өткен 8 жыл бойы істеген жұмыстарымызды талқыладық, оған назар салдық және үлкен жетістіктерге ие болғанымызды білдірдік. Шынымен де, түрік тілдес Мемлекеттер Бірлігінің жаратылуы түрік дүниесінде, біздің халықтарымыздың әр бірінің өмірінде тарихи жағдай болған. Бірақ, 8 жыл мерзімінде оның өмір сүруі, дамуы, кеңейюі осы бірліктің жарануының бір тараптан қаншама қажет етілгенін жариялады, екінші жағынан да бұл бірліктің біздің халықтарымыз үшін келешекте қаншама қажет екендігін көрсетті.

Өткен жылдарда ие болған табыстарымыз біз үшін жалпы пікірлеріміздің нәтижесі. Бірақ сонымен қатар, атап өту қажет, Түркия Республикасының, қымбатты досымыз, бауырымыз Сүлейман Демирелдің ұсынысымен жаралған түрік тілдес Мемлекеттер Бірлігі, шынымен де, бірінші кезекте Түркия Республикасының үлкен еңбектерін көрсетіп жатыр. Бүгін біз бәріміз VI шың кездесуін жетістікпен бітіріп, халықтарымыздың бірдей тарихи ескерткіші болған «Қорқыт Ата Кітабы»ның мерей тойына жиналғанбыз. Осы мерей тойына одан да көп мән берген, оның дәрежесін көтерген жағдай, біз оны түрік тілдес мемлекеттердің басшыларымен бірге тойлап жатқанымыз. 

Мен осы мерей тойына қатысып жатқандардың, біздің мемлекетімізді қабылдап Азербайжанға келгендердің барлығына ризашылығымды білдіремін және олардың барлығын шын жүректен сәлемдеймін.

Түркия Республикасының президенті, Азербайжан халқының үлкен досы, қымбатты бауырым Сүлейман Демирелді сәлемдеймін!

Қазақстан Республикасының президенті, құрметті қонағымыз, қымбатты досым, бауырым Нұрсұлтан Назарбаевті сәлемдеймін!

Қырғызыстан Республикасының президенті, қымбатты досым, бауырым Аскар Акаевті сәлемдеймін!

Өзбекістан Республикасының өкілет басшысы, Өзбекістан Жоғары Мәжілісінің басшысы құрметті Ергин Халиловты сәлемдеймін!

Түркменістан Республикасының өкілет басшысы, Түркменістан Мәжілісінің басшысы құрметті Сәһһәт Мұрадовты сәлемдеймін!

ЮНЕСКО ұжымының бас директоры, құрметті қонағымыз Коисуро Матсура мырзаны сәлемдеймін!

Азербайжан халқының үлкен досы, Франция парламентінің үлкен мүшесі, ветераны Жак Бомели мырзаны сәлемдеймін!

Ризашылық сезіммен атап өтіп жатырмын, «Қорқыт Ата Кітабы»ның мерей тойына дүниенің көптеген өлкелерінен әлеуметтік- саяси қызметкерлер, ғалымдар, жазушылар қонақ келіп Азербайжанда өткізілген ғылыми конференцияға қатысып жатыр. Олар бізбен бірге бұл жерде. Мен Азербайжанға келгендері үшін қонақтарымыздың барлығына ризашылығымды білдіріп жатырмын, олардың барлығын шын жүректен сәлемдеп жатырмын.

«Қорқыт Ата Кітабы»ның соңғы үш жылда зерттелуі, кеңеюі Азербайжан халқына өте үлкен пайдалар берді. Біз өз тарихи тамырларымызды, ұлттық мәдени мирасымызды тағы бір кез түсіне бастадық. Артық біз Азербайжан халқы, барлық түрік тілдес халықтар дүние сивилизациясына қаншама үлкен сыйлар бергенін түсініп жатырмыз. Бұлардың ішінде «Қорқыт Ата Кітабы»ның ерекше орны бар.

«Қорқыт Ата Кітабы» біздің ана кітабымыз. Қорқыт Ата біздің ұлы бабамыз. Біз мақтаныш етеміз, «Қорқыт Ата Кітабы» сияқты тарихи ескерткішіміз бар, мақтанамыз «Қорқыт Ата Кітабы» сияқты ұлы данамыз бар.

«Қорқыт Ата Кітабы» халықтарды, ұлттарды әрқашан бірлікке, бейбітшілікке шақырған. 1992-ші жылда түрік тілдес Мемлекеттер Бірлігінің жарануы Қорқыт Ата өсиеттерінің орындалуының жарық үлгісі.

Біз мемлекеттік егемендігімізге ие болғаннан, ұлттық азаттығымызға жеткеннен кейін осы бірліктің қамтамасыз етілуі үшін үлкен мүмкіндіктерге ие болғанбыз және осы бірліктің біздің халықтарымыз үшін қаншама көп маңызы болғанын түсінгенбіз. «Қорқыт Ата Кітабы»ның бірлікке шықыруы бүгін әр біріміз үшін қажет. Мемлекеттік  егемендігі жолымен жүрген, өлкеде құқықтық, демократиялық, дүние мемлекет құрушылығы жүргізген Азербайжанда ұлттық бірлік, ұлттық бірдей ойлау барлық нәрседен қажет.

Бүгін біз «Қорқыт Ата Кітабы»ның 1300 жылдық мерей тойын салтанатты түрде тойлай отырып, оның осы өсиеттеріне адалдығымызды білдіреміз және былай деп жариялаймыз, Азербайжан халқы егемендік жолдарында алдында тұрған барлық ауыр және қиын мәселерінің шешілуінде тағыда бір, тағы да қол ұтасып әрқашан алға қарай ұмтылатын болады.

«Қорқыт Ата Кітабы» қаһармандық дастаны. Біз «Қорқыт Ата Кітабы» өсиеттерінен бүгін өмірімізде қолданып, халқымызда отанға махаббат, сүйіспеншілік, адалдық, отаншыл сезімдерін одан да күшейтіп жатырмыз. «Қорқыт Ата Кітабы» бүгін бізге өте қажет.

«Қорқыт Ата Кітабы» адамдарды, халықтарды бейбітшілікке, достасуға шақырған. Біздің халқымыз «Қорқыт Ата Кітабы»ның осы өсиеттеріне адал болып жатыр. Армения тарапынан Азербайжанға істелінген шабуыл нәтижесінде топрақтарымыздың 20 пайызы жаулап алынған, жаулап алынған аймақтардан бір миллионнан астам азербайжандық орнынан, ошағынан бытырап шайлаларда ауыр жағдайда өмір сүріп жатыр. 

Біз үлкен ауыр тоқпақтар алғанбыз. Бірақ, бұларға қарамастан, Азербайжан халқы тағы да барлық дүниеге өз бейбітсүйерлік саясатын жариялап жатыр. Біз Қорқыт Ата жолымен бара жатырмыз. Біз бейбітшілік жолымен бара жатырмыз. Біз осы қақтығысты бейбітшілік жолымен шешкіміз келеді.  Біз барлық өлкелерде, түрік тілдес өлкелерде бейбітшіліктің, аман есендіктің  болуын қалаймыз.  Осылайша, бүгін біз мерей тойында Қорқыт Ата өсиеттеріне адалдығымызды тағы бір рет жариялап жатырмыз.

«Қорқыт Ата Кітабы» өзінде үлкен ғылымды, мәдени, рухани пікірлер тұжырымдаған ескерткіш. Бүгінгі күнге дейін «Қорқыт Ата Кітабы»ның үйренілуі және бүгінгі нәсілдерге жеткізілуі жолында көптеген жұмыстар жүргізілген. Ерекше айтқанда соңғы үш жыл ішінде мерей тойы комиссиясының мүшелері, Азербайжанның ғалымдары, зерттеушілері, жазушылары, әлеуметтік қызметкерлері тарапынан жүргізілген жұмыстар жоғары бағаға ие. Соған бола да бүгін, осы мерей тойы күні мен «Қорқыт Ата Кітабы»ның зерттелуі, кеңейтілуі мен айналысқан және осы мерей тойларына көптеген қымбатты шығармалар, кітаптар дайындаған ғалымдарымызға, жазушыларымызға алғысымды айтамын. Олар осы мерей тойы жиындарынан рухтанып өз ғылыми жұмыстарын бұдан кейін де жалғастыратын болатынына сенімімді білдіргім келеді.

«Қорқыт Ата Кітабы» дастанының әлі де ашылмаған беттері, әлі бүгінгі күнге дейін белгісіз пікірлері бұдан кейін ашылады, Азербайжан халқының бүгінгі және келешек нәсілдеріне және барлық түрік дүниесіне жеткізіледі. 

Біз бүгін үлкен мақтаныш сезіміндеміз. Өйткені біздің «Қорқыт Ата Кітабы» сияқты үлкен ескерткішіміз бар. Өйткені бүгін біз бостандыққа иеміз, азаттық, егемендік және өз тарихи өткенімізді, өз рухани байлықтарымызды, өз мәдениетімізді мүмкіндігінше кеңейтіп халқымызға, ұлтымызға және келешек нәсілдерге жеткізуге күшіміз бар. 

«Қорқыт Ата Кітабы» мерей тойының ең үлкен мағынасы, біздің ұлттық азаттығымызды, мемлекеттік егемендігімізді, бостандығымызды тағы да бір кез жариялауымыздан тұрады. «Қорқыт Ата Кітабы» өсиеттері бізге әрқашан егемендік жолымен бару, Азербайжанның ұлттық азаттығы және мемлекеттік егемендігін өмірлік ету біздің әр біріміздің алдында тұрған жоғары мақсат екендігін айтады. Осы мақсатқа ие болу үшін мен сіздің барлығыңызға, барлық Азербайжан халқына, барлық Азербайжан азаматтарына, үлкен табыстар тілеймін. Сау болыңыздар.

«Азербайжан» газеті, 10 сәуір, 2000-шы жыл.