Азербайжан Республикасының Президенті Гейдар Алирза ұлы Алиевтің ант ету салтанатындағы сөйлеген сөзі Баку, "Республика" сарайы, 1993-ші жылдың қазан айының 10-ы


scotch egg
scotch egg
scotch egg
temp-thumb
temp-thumb
temp-thumb

Құрметті отандастарым!

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Тәуелсіз Азербайжан Республикасының Президенті етіп мені сайлағандарыңды жоғары бағалаймын. Осыған байланысты Азербайжан халқына, Азербайжан Республикасының барлық отандастарына құрмет көрсете отырып ризалығымды білдіремін.

Азербайжан халқы өз тарихының ең қиын қыстау кезеңін өткізуде. Міне осы ауыр кезеңде маған жүктелген ауыр міндеттерді түсіне отырып халықтың үмітін ақтау үшін бар күш-қуатымды қалған өмірімді осы жолда аямауға сіздердің алдарыңызда сенім білдіремін.

Осы жоғарғы, жауапты міндетті орындауды өз міндетіме аламын. Ол үшін Азербайжан халқының терең түсінігіне, даналығына, құдыретіне сенемін. Азербайжан халқының маған деген сенімі мен үміті, мойныма алған жауапкершілігімді орындауымды мәжбүр етіп отыр. Мен де халқымның үмітін, орындау, ақтау үшін қолымнан келгенін барлығын аямаймын.

ХХ ғасырдың соңында әлемде терең тамырлы өзгерістерге саяси процестер себепкер болды. Азербайжан халқы да осы процестерден тыс қалмады, ғасырлар бойы күткен армандарына жетті, тәуелсіздіктеріне ие болды. Азербайжан Республикасының тәуелсіз ел болуына дүниеде, өткен совет үкіметіндегі саяси процестер себеп болды. Азербайжан Республикасының тәуелсіздігін тарихи оқиға деп түсінеміз. Бұл Азербайжан халқының ұлттық байлығы, ұлттық табысы, тәуелсіз ел болуында халықтың бірлігі, ынтымағы, себебі мен септігінің нәтижесі деп түсіну керек. Азербайжанның тәуелсіз ел болуы Республиканың алдында оның халқының алдында өте үлкен міндеттерді талап етеді. Мемлекеттік тәуелсіздікті күшейту үшін, дамыту үшін, байыту үшін мемлекеттің рәміздерін дамыта отырып, оған құрмет көрсете отырып, халықтың тұрмыс жағдайын күннен-күнге жақсарта отыру, халықты соғыс жағдайынан құтқару, еліміздің суверендігін сақтай отырып, мемлекетіміздің шегарасын қорғай отыру менің президент кезімде орындауда алдыма қойған үлкен міндеттердің бірі. Осы міндеттерді орындауда аянбаймын.

Азербайжан Республикасы терең тарихқа, күшті мәдениетке, табиғи байлықтарға бай өлке. Мемлекеттің тәуелсіз ел болуы Азербайжан Республикасының келешекте дамуында үлкен жағдай тудыруда. Бұларды орындау біздің негізгі міндеттеріміз. Азербайжан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін қиыншылықпен тапты. Республика үшін ең ауыр мәселелерден бірі бес жылдан артық мезгіл ішінде соғыс жағдайында болуы, армения қарулы күштері тарапынан соғыс, қан төгу жағдайында болуы олардың шегараны бұзып ата-баба мекеніне, жеріне баса кіріп ие болуы Азербайжан халқын үлкен шығынға ұшыратты. Ол үшін Азербайжан Республикасын соғыс жағдайларынан құтқарып, бейбіт, тыныш өмір сүруі үшін жағдай жасау алдымызда тұрған міндеттердің бірі. Азербайжан Республикасының ауыр жағдайға түсуі, осы мәселе Таулық Қарабақ мәселесі басталған күннен республика басшыларының, бұрынғы Совет Одағы басшыларының жіберген қателіктерінің нәтижесі еді. Дегенмен сол кездің өзінде осындай қиын жағдайдан құтылудың жолдары басшылар тарапынан қаралмаған. Республиканың әлеуметтік және саяси ауыр жағдайға душар болуы күннен-күнге ауырлай берді, тереңдей берді. 1993-ші жылда ең соң нәтижеге жетті. Осы жылдың маусым айында Азербайжанда ішкі тыныштық бұзылып, соң нүктесіне жетті. Республикада басқа-басқа ұжымдардың бір-біріне қарсы келуі Республиканың ыдырауын іс жүзіне асыру үшін әрекет етуі күннен-күнге тереңдей берді.

Азербайжанның мемлекет басшыларының жіберген қателіктері нәтижесінде “Отандас соғысы” соң деңгейге жетті. Кейбір жерлерде Республиканың ыдырауын аңсағандар пайда бола бастады. Құдайға шүкір олардың ойы іске аспады. Қарсы тұру тоқтады, кейбір қарсы тұрушыларға жол берілмеді. Ішкі-әлеуметтік жағдайдың тыныштығы үшін жағдай тудырылды. Соңғы 4 ай біздің Республика үшін өте ауыр жағдай болды. Осы уақыта Республикамыз, оның тұрғындары үлкен сынақтан өтті. Мұның өзі халықтың бірлігі, ынтымағы нәтижесінде қарсы тұрушылардың алдын алуға, халықтың бейбіт өмір сүруіне болатындығын дәлелдеді. Ауыр жағдайдан шығуға болатындығын көрсетті. Республиканың ішкі жағдайында тыныштық орын алса да біз әлі үлкен қарсылықтармен кездесеміз.

Армения қарулы күштері тарапынан бес жыл бойы қан төгу нәтижесінде жеріміздің шамамен 20 пайызын жаулап алды. Өткен Таулық Қарабақ аймағы толығымен басып алынған. Азербайжан халқы үшін киелі жері Шуша қаласынан айрылып қалғанымызға бір жарым жылдан көп уақыт болды. Лачын, Келбежер, Ағдам, Фүзули, Жабрайыл, Губадлы райондарымыз да армения тарапынан жермен жексен етілді. Мұның нәтижесінде жүздеген ауыл, елді мекен күл талқан болып үйлер қиратылды. Осы аймақтарда тұратын тұрғындарымыз? 1 миллионға жуық жерлестеріміз туған жерінен қашқын болды. Осылардың барлығы республиканың әлеуметтік-саяси, рухани жағдайын нашарлатты. Біздің негізгі міндетіміз республиканы соғыс жағдайынан құтқару, жаулап алынған жерлердің бәрін қайтарып алу. Тәуелсіз Әірбайжан Республикасының жерін, шегарасының қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып ел жұртынан ыстық үйінен, тентіреп кеткен жерлестерімізді, қарындастарымызды, ағайындарымызды өз туған жеріне қайтаруды алғы міндет тұтамыз.

Мен президент ретінде, жоғарыда көрсетілген міндеттерді өзіме негізгі міндет санаймын және оны жүзеге асыру үшін Азербайжан халқының күшіне сүйене отырып, барлық мүмкіндіктерді қолданып, жан тәніммен Азербайжан халқын армандарына жеткізетінім күмәнсіз.

Бес жылдан астам уақыт жүріп жатқан соғыс жағдайынан құтылу, жаулап алынған жерлерді қайтару, күмәнсіз оңай емес. Қоғамымызда әртүрлі пікірлер бар: бұған қандай жолдармен жетуге болады? Жалпы біз, бейбітшілік көз қараста, осы міндетті бірінші орында бейбітшілік жолымен, кездесулер жолымен шешуді қалаймыз. Осы тұрғыдан тәуелсіз Азербайжан Республикасы дипломатиялық жолдарды пайдалана отырып, бейбітшілік үшін келісімдерін Азербайжан Республикасын қамтамасыз ету жолымен апарамыз және осы келісімдер нәтижесінде мақсатымызға жетеміз. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының, ЕБҚҰ-ның, ХҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне, осы қақтығыстың шешілуіне қатысты жүрген үлкен мемлекеттердің және барлық ұжымдардың жағдайларынан керегінше пайдалана отырып, Азербайжанды соғыс жағдайынан құтқару, жаулап алынған жерлерді қайтару үшін бұдан кейін де тырысамыз.

Бірақ мұнымен қатар, Азербайжан бір тәуелсіз мемлекет ретінде өзі-өзін қорғай алатын армияға ие болуы керек. Өкінішке орай, тәуелсіздікке ие болғанан кейін өткен ғасырда бұл жөнінде аз жұмыс орындалған. Керек болса, бейбітшілік жолындағы күресіміз нәтиже бермесе, Азербайжан аймағын толығымен қамтамасыз ету үшін, республиканы қорғау үшін күшті армияның құрылуы маңызды қызметіміз болады.

Бес жылға созылған соғыстың нәтижесінде Азербайжан халқы үлкен сынақтардан өтті, жеңістің де, жеңілістің де ңәтижесін көргенін айрықша белгілегім келеді. Бұл соғыс біз үшін ауыр қасырет болды. Сонымен қатар, бұл соғыста Азербайжан халқының күші, құдыреті, қаһармандығы, даналығы тағы да барлық әлемге жайылды. Осы соғыста халқымыз көптеген құрбандар берді. Жас жігіттеріміз топырақтарымызды қорғап қалу үшін қаһармандық көрсетті, шеһид болды. Бүгін, осы құрметті жиында Азербайжан топырақтарын қорғай отырып, Азербайжан суверендігін қорғай отырып қаһрамандықпен шеһид болғандар үшін бір минуттық еске алуды өтінемін. Құдайдан оларға мейрімділік тілеп, топырақтары нұрмен толсын деймін.

Мен бүгін, шеһидтеріміздің қаны жерде қалмайтынын, олар өмірлік естеқалатынын жариялаймын, жастарымызбен келешек ұрпақтарымыз олардың қаһармандықтарынан үлгі тұтады. Азербайжан халқы есін жиып, тік тұрады, күшін бірлестіреді, осы заманға сай армиясын құрып тәуелсіз мемлекетін, өз топырағын бұдан кейін көзқарашығындай қорғайды.

Тәуелсіз Азербайжан республикасының алдындағы маңызды мәселелерінен бірі республиканың мемлекеттік ұйымдастырушылықты құру. Біздің жолымыз белгілі, мұны бірнеше рет қайталап айтқанбыз. Жолымыз демократия жолы. Тәуелсіз Азербайжанда демократиялық, құқықтық мемлекет құрылуы керек. Азербайжан мемлекеті демократиялық принциптер негізінде жұмыс істеуі керек, өз тарихи әдет-ғұрпынан және ұлттық әдет ғұрпынан пайдалана отырып, дүние демократиясынан, жалпыадамдық қасиеттерден керегінше пайдалана отырып демократиялық мемлекет ұйымдастырушылығы жолымен баруы керек.

Осы жолмен бару өткен тарихымызға ұқсас, сонымен бірге дүние цивилизациясына бұдан да жақын болу үшін керекті шарт. Бұл үшін Азербайжанда барлық жағдайлар жасалынған, бұдан кейін де жасалынады. Азербайжанда адам азаттығы, сөз азаттығы, дін азаттығы, тіл азаттығы, ождан азаттығы, бұлардың бәрі демократиялық, цивилизациялық қоғамның құрылуына жағдай жасайтын шарттар. Біз осы шарттардың орындалуына тырысамыз. Азербайжанда көп партиялы қоғам құрылуда, көп партиялар құрылған және быдан былай да құрылуда. Бұлардың құрылуымен дамуы үшін Азербайжан мемлекеті барлық мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді және көппартиялы қоғам, демократиялық принциптерін қолдаған қоғам, күдіксіз, Азербайжанның тәуелсіз бір мемлекет сияқты дамуына жәрдем етеді.

Көппартиялы қоғамда аппозицияның да үлкен ролі бар. Біз аппозицияға бұдан кейін де үлкен құрметпен қарым-қатынас жасаймыз және Азербайжан қоғамында аппозициялық партиялар, саяси күштер конструктивтік қызметтес сияқты сөйлейтін болады және осы да Азербайжанда шынымен демократияның дамуы үшін бұданда кең мүмкіндіктер туғызылатынына сенім етемін. Бір сөзбен айтқанда, Азербайжанда аппозиция күштердің болуын табиғи бір жағдай деп есептейміз, сонымен қатар мемлекет аппозиция күштермен конструктивтік қызметтес бола алатынына әрқашан дайын екендігін білдіреді.

Бірақ аппозицияда болған күштер, басқа-басқа саяси ұжымдар кейінгі кездері қолданған заңсыз, ғажап, демократияға жат жолдармен, методтардан қол тартуы керек. Саяси партиялар, әрекеттер Азербайжанда рахат жұмыс істей алатын болады. Бірақ, еш бір саяси партияның және әрекеттің, әлеуметтік-саяси ұйымның қарулы топтары, қарулы күштері бола алмайды! Бүгін мен мұның бәрін Азербайжан отандастары алдында толығымен қатаң ескертемін. Кезінде Азербайжан Республикасының әлеуметтік-саяси өмірінде жағымды роль ойнаған Ұлттық Соғысының көп жағымсыз тәжірибесі өкінішке орай Азербайжанда әр түрлі заңсыз қарулы топтардың құрылуына және әрекет етуіне себеп болған. Барлық партиялар, әрекеттер, әлеуметтік-саяси ұжымдар өз қарулы топтарынан бас тартады. Қоғамымызда жалғыз бір қарулы топ бола алады, ол мемлекеттің қарулы күштері. Біз бәріміз бірге заңсыз қарулы топтардың жойылуына тырысамыз және бұл да республикамызда ішкі әлеуметтік-саяси тыныштығының орнауы үшін маңызды шарт екеніне сенеміз.

Демократиялық цивилизациялық қоғамда адам құқықтарының қорғалуы мемлекеттің маңызды жұмыстарының бірі. Осы жоғары лауазымда мен сол аймақты үнемі қадағалап тұрамын және адам құқықтарының қорғалуы үшін барлық мүмкіншіліктерді жасаймын. Қысқасы, қоғамымызда адамның толық азат болуы үшін жағдай тудырылады. Осы көзқарастан өміріміздің осы шағында ождан азаттығы мәселесі де маңызды жерде. Халқымыз өз дініне оралды. Ислам діні дүниеде өз орынын тапқан. Халқымыздың руханиятына, ғылымына, құдіретіне, даналығына Ислам дінінің үлкен себебі тиген. Ұлттық әдет-ғұрпымыз, мәдениетіміз көп жағдайларда Ислам діні жолымен ұрпақтан ұрпаққа өтіп, енді үлкен ұлттық байлығымыз сияқты бүгінгі жастарға жетті. Азербайжанда Ислам дініне адамдардың рахат қызмет етуі үшін барлық мүмкіндік жасалған және бұдан кейін де жасалады. Біздің дініміз республиканың осы қиын кезеңінде отандас бір ауыздан, бірлігінің жаралуы үшін өте көп жұмыс істейді.

Азербайжан көпұлтты республика. Бұл, республиканың жағымды жағы. Мұның үлкен тарихы бар және осы тарихпен, республиканың осы әлеуметтік-саяси көрінісімен біз мақтан етеміз. Республикамызда барлық отандастар діни және ұлттық жағдайына байланысты болмайақ бірдей құқыққа ие және бұдан кейін де барлық отандастардың бірдей құқықпен Азербайжан Республикасының әлеуметтік-саяси өміріне қосылуы үшін мүмкіндіктер туғызылады. Бүгін біздің Ислам дінінің, Кафказ мұсылмандарының басшысы, христиан дінінің, еврей дінінің өкілдері, осы қызметке келуіммен байланысты мені құттықтап жатыр. Мен оларға өз рахметімді айта отырып Азербайжанда барлық ұлттардың, барлық діндердің бірдей құқықпен өмір сүруі ұшін барлық мүмкіндік тудырылатынын айтамын.

Республикамыздың тәуелсіздігінің мықты болуы үшін негізгі міндеттерден бірі Азербайжанның жағдайын дүние масштабында қорғай алатын ақылды, тәжірибелі сыртқы саясатының болуы керек. Тәуелсіздік алынғаннан кейін сыртқы саясатында өкінішке орай аз жұмыстар істелінген. Алдымызда үлкен міндеттер тұр. Біздің сыртқы саясатымыз бірінші кезекте Азербайжан мемлекетінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталуы керек. Міндет дүниенің барлық мемлекеттерімен бірдейқұқықта, қарама-қарсы түрде пайдалы қатынастар туғызудан және дамытудан, осы қатынастардан Азербайжан Республикасының халықаралық көзқарасын күштендіру үшін, әрі республиканың экономикасын, ғылымын, мәдениетін дамыту үшін керегінше пайдаланудан тұрады. Біздің сыртқы саясатымыз бейбітшілік саясаты, еш бір мемлекеттің суверендігіне, толық аймағына тиісу мақсатында емеспіз. Бірақ, сонымен қатар қандай бағаға болса да республиканың суверендігін, тәуелсіздігін және аймағының бүтіндігін, сыртқы саясат жолымен қамтамасыз етуге тырысамыз. Бұдан кейін де істелінетін жұмыстар Азербайжанның бұдан да кең танылуына жағдай жасалады және республиканың дүние мемлекеттері бірлігінде өз лайықты орнын табады.

Менің президент сайлануыммен байланысты дүниенің көптеген мемлекеттерінің басшылары құттықтау хаттары жолдаған. Бұларды бірінші кезекте, Азербайжан Республикасының тәуелсіздігіне, дүние бірлігінде тапқан орнына берілген баға сияқты қабылдаймын. Құттықтау хаттары жолдаған мемлекет басшыларына, шетел мемлекеттерінің осы салондағы өкілдеріне рахметімді білдіремін және оларды Азербайжан Республикасы тәуелсіз мемлекет сияқты келешекте барлық осы мемлекеттермен басқа өлкелермен тығыз байланыс құруына және республикамызды осы қиын жағдайдан құтқару үшін олардың мүмкіндіктерінен пайдаланатынымызға сенемін. Көп рақмет айтып алғысымды білдіремін және сонымен қатар мемлекетіңіздің басшыларына және халқыңызға қуаныш, бақыт және барлық жұмыстарыңызда табыс тілеймін.

Азербайжан Республикасының қиын жағдайдан құтылуы үшін әлеуметтік-экономика тұрғыдан үлкен жұмыстар атқарылуы керек. Елестетіп көріңіздер, тәуелсіздігіміздің қолда болуы біз үшін тарихи бір жағдай болса, экономикамыздың осындай жағдайында болуы ауыр және қиын бір жағдай. Өкінішке орай, кейінгі жылдарда республикамыздың қиын жағдайда болуы экономиканың барлық аймақтарында жағымсыз әрекетін көрсетті.

Экономика толығымен бытырағанын және бұл да республиканың азаматтарының жағдайының нашарлауына әкеліп соқты деп айтуға болады. Сонымен қатар, республиканың үлкен экономикалық-әлеуметін, ғылыми-техникалық потенциялы бар екенін айтқым келеді. Азербайжанның географиялық-саясат жағдайы, оның табиғи байлықтары, көп жылдар бойы тудырылған негізгі фондтары республиканы осы қиын жағдайлардан шығаруға мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан біз келешек жұмысымызда бір жақтан тудырылған потенциялдан керегінше пайдалану, басқа жағынан бірдей экономикалық жұмыстар апару жолымен нарықтық экономикасына өту бағытында әрекет етуіміз керек.

Осы жол, ауыр және өте қиын жол. Ондаған жылдар бойы құрылған экономикалық-саясат жүйесіне, нарықтық экономика жүйесіне өту үлкен қиындықтармен байланысты. Осы аймақта кейінгі жылдарда жіберілген қателіктер жағдайды бұдан да қиындатқан болатын. Бірақ біз осы жолмен баруымыз керек, басқа жол жоқ. Осы жұмыс Азербайжан Республикасының экономикасына, әдет-ғұрпына ұқсас істелінуі керек. Осы жолға өткенде қолымыздағы экономикалық потенциялдан керегінше пайдалануымыз керек, оның бұдан кейін ыдырауына жол бермеуіміз керек.

Осы потенциялдың барлық Азербайжан халқының байлығы сияқты бұдан кейін де республикамыздың барлық азаматтарының, барлық жоғарғы деңгейлерінің өмір жағдайының жақсы болуы үшін мүмкіншілік тудырылуы үшін жұмыс істеуіміз керек. Осы орайда демократиялық пропоганда өткізу, ақылды әрекет ету біздің борышымыз және біз осы жолда баратынымызға күмәнсіз сене аласыздар. Осыған байланысты мен Азербайжан Республикасының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қабылдануын ерекше белгілегім келеді. Республикада көп уақыт осы туралы талдаулар болған, ақырында Азербайжан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қабыл болған. Азербайжан ТМД-ға қабылдануы республиканың экономикасының дамуы үшін жақсы жағдай тудырады және біз осы мүмкіншіліктерден толығымен пайдаланатынымызға сенеміз.

Азербайжанның ТМД-ге қабылдануын қауіпті бір жағдай сияқты айтуға тырысып жатқандар да бар екенін де белгілегім келеді. Бұл пікір дұрыс емес. Азербайжан ТМД-де өз тәуелсіздігін әрдайым қорғай алады және ТМД-ге қосылуы Азербайжанның тәуелсіздігіне ешқандай кедергі жасамайды. Азербайжан тәуелсіз мемлекет сияқты демократиялық жолмен барады, халықаралық демократия нормаларына табынады. Азербайжанда коммунистік идеологиясы, коммунист режимі қайтадан құрылмайды. Азербайжан азаматтарының көпшілігінің де пікірі осындай екеніне сенемін. Азербайжан Республикасы бұдан кейін де еш қашан басқа бір мемлекеттің қарамағында болмайды, басқа бір мемлекетке тәуелді болмайды, өз тәуелсіздігін әрқашанда қорғайтын болады.

Біздің ішкі саясатымыз, сыртқы саясатымыз дүние демократиясының ашқан жолмен, демократиялық принциптерін шешімді етіп республиканың сырқы саясатында Азербайжанның тәуелсіздігін әрқашанда қорғаймыз. Мен бір президент ретінде, халықтың алдында өз пікірлерімді ашық жариялай отырып осы пікірлеріме, принциптеріме әрдайым адал болатыныма сендіремін.

Құрметті отандастар!

Бүгін мен үшін тарихи, ғажайып бір күн. Маған көрсетілген осы үлкен сенімге бола Азербайжан азаматтарына, Азербайжан халқына тағы да терең алғысымды, құрметімді, сүйіспеншілігімді білдіре отырып өмірімнің соңына дейін халқыма адал қызмет көрсететініме және барлық жұмыстарымды Азербайжан Республикасының келешекте бұданда жақсы дамуы үшін жұмсайтыныма сендіремін.

Азербайжан Республикасының Конституциясына қолымды басып білімімді, тәжірибемді, күшімді Азербайжан халқының, Азербайжан Республикасының жолында жұмсайтыныма ант етемін.

Президент қызметін жоғары мақсаттар, амалдар үшін орындап, Азербайжан Республикасының толық суверендігін, тәуелсіздігін, аймақ толықтығын қамтамасыз ету үшін қолымнан келетінін аямайтыныма ант етемін.

Азербайжан Республикасының Конституциясы және заңдарының орындалуының қамтамасыз ететіні болады, ұлтынан, діни тұрғыдан және саяси қалауына қатысты болмай Азербайжан азаматтарының құқықтарының және азаттығының қорғалуын, қорғануын қамтамасыз ететіні болатыныма ант етемін.

Азербайжан Республикасында азаттықтың, демократиялық өзгерістердің, Азербайжан Республикасының демократиялық құқығы мемлекет сияқты дамуы үшін қамтамасыз ететін боламын.

Азербайжан Республикасына, Азербайжан халқына лайықты қызмет ететініме, тәуелсіз мемлекетіміздің цивилизациялық дүние мемлекеттері қатарында, дүние бірлігінің лайықты жерде тұруы үшін қызмет ететініме ант етемін.

Азербайжан халқының ұлттық және рухани әдет-ғұрпына әрдайым адал боламын және осы әдет-ғұрыптың тәуелсіз мемлекетімізде шешімді болуын, өмір сүруін және дамуын қамтамасыз ететініме Қолымды Құран-Шерифке қойып ант етемін.

"Гейдар Алиев: Тәуелсіздігіміз өмірлік" (сөйлеген сөздер, баяндамалар, сұхбаттар, хаттар, өтініштер, шешімдер)-Азернешр, Баку, 1993, I-ші бөлім.