1990-шы жылдың 20-шы қаңтар оқиғасынан байланысты Азербайжанның Мәскеудегі тұрақты өкілеттігінде өткізілген жиында Гейдар Алиевтің 21 қаңтар 1990-шы жылы сөйлеген сөзі

Құрметті жолдастар, ханымдармен мырзалар!

Білгендеріңіздей, узақ уақыт бойы Азербайжанның партиялық ұжымын басқарғанмын, Коммунист Партиясы Орталық Комитетінің мүшесі болып сайланғанмын, КСРО Министрлер басқармасының бірінші орынбасары қызметтерінде жұмыс істегенмін. Инфаркт болғаннан кейін денсаулығымның жағдайына байланысты зейнетке шықтым.

Азербайжаннан 1982-ші жылдың желтоқсанынан кетіп қалғам. Бүгін алғаш рет, Азербайжан КСР-ның Мәскеудегі тұрақты өкілеттігінің табалдырығына қадам басамын. Менің келген себебім болған оқиғалар. Бұл туралы кеше хабардар болғанмын және шынында да, осы жағдайға немқұрайды қарай алмадым.

Бұл жерге, біріншіден Азербайжанның Мәскеудегі кішкентай бөлігі болған тұрақты өкілеттігінде, үлкен зиянға себеп болған оқиғамен байланысты барлық Азербайжан халқына көңіл айтуға келгенмін. Екінші жағынан, осы мәселеге өз пікірімді білдіргім келеді. Азербайжанның Мәскеудегі тұрақты өкілі Зоһраб Ибраһимовдан менің сөйлеген сөздерімді, мұңымды, айтқан көңілімді Азербайжан халқына жеткізуін өтінемін. Қазір басқа мүмкіндігім болмағаны үшін қатты өкініш сезіміндемін.

Азербайжанда болған оқиғаларға келетін болсақ, мен оларды құқыққа, демократияға жат, гуманизмге және өлкемізде хабар болған құқықтық мемлекет құрушылығы принциптеріне қарсы есептеймін. Азербайжанда болған қиын жағдайдың бірнеше себептері бар. Уақытымыздың аз болғандығынан осы мәселелелерде кеңінен тоқтағым келмейді.

Таулық Қарабақ және оның төңірегіндегі Азербайжанмен Армения арасында ұлттаралық қақтығыстың болып жатқанына екі жыл болды. Азербайжанмен Армения, сонымен қатар мемлекеттің жоғары саяси партия басшыларына осы мәселені шешуге, ішкі соғысқа, ұлттарарасы қақтығысқа соң қою және ұлттық қарым-қатынасынан қатысты болмай әр бір адамның жалпы федеративалық бірлік болған КСРО-да азат өмір сүруіне жағдай жасау үшін екі жылдық мерзім жеткілікті екендігін айтқым келеді.

Өткен екі жылда осы бағытта керегінше жұмыс жүргізілмеген деп есептеймін. Таулық Қарабақ оқиғаларының алғашқы кезеңінде мемлекеттің жоғары партия саяси басшылығы тарапынан уақытында керекті жұмыстар жүргізілсе, қиыншылық осы жағдайға келмес еді, тараптар жоғалтуға душар болмайтын еді, бастапқысы 1990-шы жыл 19-нан 20-на өткен түнде көптеген адам қырғынымен нәтижеленген әскери араласу үшін негіз болмас еді.

Әрине бұлардың бәріне сол кездегі Азербайжан Коммунист Партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Вәзиров кінәлі. Осы жоғары қызметте болған кезеңінде, Азербайжандағы жағдайды тыныштандыру үшін ешнәрсе істемеген. Керісінше, өзінің қате қадамдары, жағымсыз жұмыс тәжірибелерімен, қателі саяси маневрлерімен халықпен өз арасында қашықтық құрған еді.

Халық ызаланған еді. Осыдан болар Бакуде және Азербайжанның басқа қаламен райондарында айлармен жалғасқан митінгілерде қайта-қайта Азербайжанның партия басшыларының өз еркімен жұмыстан шығуы талап етілген. Негізінде сөз Вәзировтың өз еркімен жұмыстан шығуынан болып жатқан еді. Онда осы мәселе осы уақытқа дейін неге шешілмеген еді? Кеше ғана Баку қаласына армия жүргізілгеннен кейін, қырғын және тасталқан болғанан кейін Вәзиров негізінде Азербайжаннан қашқан еді.

Бұл, үлкен қателік. Ең үлкен қателік сөзсіз, осы жоғары қызметке ешқандай жарамайтын адамның бір кездерде Азербайжан Комунист Партиясы Орталық Комтетіне бірінші хатшысы болып тағайындалуы еді. Бірақ, мәселе тек қана осында емес.

Енді қаңтардың 19-нан 20-на өткен түнде болған және осы күнде де жалғасып жатқан оқиғаның үстінде тоқталғым келеді. Азербайжандағы жағдайды өз бағытына жөнелту, саяси өмірдегі ерекше тұрақтылықты тәртіпке әкелу үшін жеткілікті түрде мүмкіндік болған деп есептеймін. Өкінішке орай, Азербайжан басшылығы, сонымен қатар елдің жоғары саяси басшылығы осы мүмкіндіктерден пайдалана алмаған еді. Шекараларда болған шабуылды уақытында тоқтату мүмкін еді. Өйткені, үш ай бұрын шекара сызығымен байланысты халық өз талаптарын алға ұсынған еді. Бірақ, еш кім олармен кездесу, есеп беру және керегінше өлшіп пішуді қаламаған еді.

Тағы да қайталаймын: жұртты тынышталдыру үшін де мүмкіндіктер таусылмаған еді. Екі үш ай бұрын Азербайжан партия басшылығының күшейтілуі мәселесі шешілсе, жағдай қиындамай, армияны қолдану керек болмайтын еді. Барлық жағдайларда мәселені саяси жағынан реттеу, халықпен диялогқа кіру үшін қолданысты мүмкіндіктер болған еді. Бірақ олардан керегінше пайдаланылмаған еді. Ақырында, 19-нан 20-на өткен түнде кеңес әскерінің, КСРО-ның ІІМ-нің үлкен контингенті Баку қаласына бағытталған еді. Нәтижесі де көз алдымызда. Мұның тудырған оқиғалары баршамызға белгілі деп есептеймін.

Осындай шешім қабылдаған адамдардың әрекетін саяси қателік деп есептеймін. Иә, өте үлкен саяси қателік жіберілген еді. Олар, республиканың шынайы жағдайын бағаландыра білмеген, Азербайжан халқының психологиясын түсінбеген, тұрғындардың барлық жоғары білімді адамдарымен қарым қатынасты әлсіреткен. Олардың бұл әрекет нәтижесінде осындай ауыр қайғыға айналатынын алдын ала ойламағаны осыдан көрініп тұр.

Алдын ала ескерілуі және уақытында керекті, маңызды шаралар қабылдануы керек еді. Әскерлер жағынан да қаза болғандар туралы ақпараттар келіп түскен. Нәтижеде сұрақ туындап жатыр: жоғары мемлекет, партия басшылығының қате шешімінен, болмаған көтерілісті тоқтату үшін Азербайжанға бағытталған орыс жастарының күнәсі не?

Азербайжанға сырттан үлкен армия контингенті жіберілді. Республикада қаншама армия біріккені маған өте жақсы белгілі. Онда, 4-ші армия, Каспи әскери - теңіз флоты, десантттық армияның дивизиясы, әуе шабуылына қорғаныс армиясы, ІІМ-нің әскер бірлестіктері бар еді.

Сол жерге армия жолдау неге қажет еді? Егер осындай қажеттілік бар болса, сол жерде орналасқан әскери топтардан да жарарлануға болар еді. Осындай шешім қабылдаған Азербайжан басшылығы, әркімнен бұрын Азербайжаннан бас салып қашқан Вәзиров, өз халқы алдында жауапқа тартылыуы керек. Өлкенің жоғары саяси басшылығына жалған мағлұмат бергендер де жауапқа тартылуы керек

Меніңше, өлкенің жоғары саяси басшылығына жағдай туралы кезінде жетерліктей дұрыс, шын, обьектив хабарлар жеткізілмеген. Басшылық сасқалақтағаннан осындай шешім қабылдаған. Қырғын тудырғандардың барлығы керегінше жазаландырылу керек.