Азербайжан Республикасының Президенті Гейдар Алиевтің ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтің 150 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзі - Алматы, 9 тамыз 1995-ші жыл

Құрметті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев!

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Құрметті қазақ бауырлар және қарындастар!

Мен бұл жерге үлкен досымыз Нұрсұлтан Назарбаевтің шақыруымен, Азербайжан халқының достық сезімдерін ағайын қазақ халқына білдіру, осы мереке күнінің қуанышына ортақ болу үшін келгенмін. Бүгінгі салтанатты жиында президент Нұрсұлтан Назарбаевтің және әлбетте, ЮНЕСКО-ның бас секретары, құрметті Федерико Майордың сөз сөйлеуі ойда болғанын түсінген едім. Кейін қарасам, бір шетінен сөз сөйленіп жатыр. Өз-өзіме ойладым, маған неге сөз бермей жатыр. Ойланып, ойланып ақырында Нұрсұлтан Абишевичке өтіндім: бұл қалай, әркім сөз сөйлеп құттықтап жатыр, мен жым тұру үшін келгенмінбе? Ол, біз басқаша пландаған едік, бірақ болмады, деді. Олай болса маған да сөз беріңіз.

Осы мінберге шыққан себебім, ұлы Абайға, оның мұрасына, дос қазақ халқына, қасиетті Қазақстан жеріне Азербайжан халқының өсірген достық сезімдерін, құрмет және махаббатын айтамын. Құрметті ағайындар және қарындастар, құрметті достар, сіздерді бүгінгі мейрамдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстанның барлық отандастарына, қазақ халқына бақыт және қуаныш тілеп, осы қиын өтпелі кезеңде біздің республикамыз сияқты сіздің республикаңыздың да алдында тұрған барлық міндеттерін, қиындықтарын табыспен шешілуінде сәт тілеймін.

Абай, оның шығармашылығы барлық адамзатқа, барлық халықтарға арналған. Әлбетте, бұл, қазақ халқының бақыттылығы. Өйткені оның мұндай көркемді ұлы, ғалымы, ағартушысы бар және өз халқын бақытқа, қуанышқа апаратын тура жол көрсеткен. Мұнымен қатар, ол, барлық адамзатқа, сонымен қатар Азербайжан халқына қатысты. Біз Азербайжанда Абайдың шығармашылығының маңызын жоғары бағалаймыз. Абайдың шығармашылығы Азербайжан халқына, барлық Азербайжан отандастарына таныс. Ақындарымыздың, жазушыларымыздың көбі оның шығармаларын аударған. Оның өлеңдері, поэмалары республикамыздағы басылымдарда жарық көрген. Сіз сияқты, біз де бұл мерекені мәдениет және достық мерекесі сияқты салтанатты түрде өткізіп жатырмыз.

Абайдың шығармаларының, бүгінгі жастарға мұра қалдырғанының бәрі енді іс жүзіне асып жатыр. Сол үшін де былай деп есептеймін, бүгінгі мереке қазақ халқының ұлттық жандану мерекесі, қазақ халқының ұлттық еркіндік мейрамы, қазақ халқының ұлтшылдық мейрамы. Абай осы туралы ойлаған, осы туралы да жазған.

Сол кезең, сол күн келіп жетті. Қазақ халқы өзінің ұлттық еркіндігін, ұлттық тәуелсіздігін алған. Қазақ халқы кең топырақтарының иесі, өз өмірін қалағанындай құрып жатыр. Абайдың мерекесі оның бүгінгі күнде орындалатын идеяларының салтанатты мейрамы деп есептеймін. Осы мерекемен сіздерді шын жүректен құттықтаймын, баршаға бақыт және қуаныш тілеймін. Қазақ халқы өз тарихының қиын кезеңінен өтiп жатыр. Бұл кезеңнен бәріміз, сонымен бірге Азербайжан халқы, тәуелсіз Азербайжан Республикасы да өтiп жатыр. Бірақ, осы қиыншылықты жоятындарыңызға біз сенеміз. Мен бүгін бұл жерде, осы жоғары мінберден сөйлегенім үшін қуаныштымын. 25 жылдан кейін тағы да осы залда, осы мінберден сізді құттықтау мүмкіншілігім болғанына өзімді бақытты есептеймін.

Қазақ халқы осы қиыншылықты артта қалдыратынына біз сенеміз. Қазақ халқы тура жолмен, демократия, ұлттық мемлекет құрушылық жолы, өзінің ұлттық әдет-ғұрпын дамыту жолымен бара жатыр. Бұл біздің талпынысымызға, жоспарларымызға, қалауларымызға да толығымен ұқсас келеді. Біз де бұл жолмен бара жатырмыз. Сол үшін де Азербайжан халқы сияқты сіз де осы жолды табыспен бітіретініңізге толығымен сенемін. Біз тәуелсіз, суверендi мемлекеттер сияқты кең даму жолына шығамыз және осы жолмен алға жылжыймыз. Өткен уақыттан бізге мұра қалған әр нәрсенің, ұлы Абайдың, халықтарымыздың атақты перзенттерінің қойып кеткен мұра негізінде мәдениетімізді, ғылымымызды, экономикамызды дамыту және өз халқымызды бақытқа шығару үшін алға жылжыймыз.

Осы мейрам күнімен сізді тағы да құттықтап, Азербайжан халқының достық, ағайындық сезімдерін сіздерге білдіремін.

Азербайжан-Қазақстан достығы жасасын!

Қазақстан-Азербайжан достығы жасасын!

Жасасын Абай!

Жасасын қазақ халқы!

Жасасын қазақ елі!