Еуропа Кеңесінің мүшесі мемлекеттердің, мемлекет және үкімет басшыларының кездесуінде Азербайжан Республикасының Президенті Гейдар Алиевтің сөйлеген сөзі - Страсбург, Еуропа сарайы, 11-ші қазан, 1997-ші жыл


scotch egg
scotch egg
scotch egg
temp-thumb
temp-thumb
temp-thumb

Құрметті президент мырза!

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Еуропа кеңесінің екінші жоғары дәрежеде кездесуіне қатысушыларына шын жүректен сәлем беремін. Жаңа жүзжылдықтың астанасында ең лауазымды Жалпыеуропа мәселелерінің талқылануына арналған осы көпұлтты халықаралық форумда Азербайжан Республикасы атынан алғаш рет қатысып отырғаныма мен өте қуаныштымын.

Планетамызда болған көптеген үлкен болымды өзгерістер-суық соғысқа соң қойылуы, темір перденің ашылуы Еуропаны біріктірген, демократия жолын таңдаған жаңа егеменді мемлекеттердің Еуропа структурасына интеграциясына жағдай тудырып отыр.

Еуропа Кеңесі осы процестерде маңызды роль ойнайды және Еуропа континентінде достықтыңпен тыныштықтың күшейтілуіне, плюралист демократия принциптерінің, берілген бағалардың дұрыс болуына және оның берген ұсыныстарын біз жоғары бағалаймыз.

Еуропаның айрылмас бөлігі болған Азербайжан өзінің барлық тарихы бойынша онымен байланыстарын дамытқан.

Азербайжан Республикасы егемендігін алғанан кейін ауыр және қиын жол кешкен еді.

Өтпелі дәуірдің қиындықтары, ішкі саясаттың бірқалыпты болмауы, заңсыз қаружарақты топтардың азғындығы, бірнеше рет мемлекеттік төңкерістердің болдырылуы, әлеуметтік-экономикалық кризис, көрші Арменияның шабуылының шашыратқан нәтижелері, басыбостық және хаос, адам құқықтарының жалпы бұзылуына жағдай тудырған, Азербайжан мемлекетішілігінің қатыстылығын қауіпке әкеліп соқтырған еді.

Біз үлкен әрекеттер бағасына өлкедегі жағдайды қысқа заманда тоқтатып демократиялық, құқық, дүниежүздік және нарық экономикасының құрылуына бағытталған негізгі саяси және экономикалық реформасының орындалуын бастай білдік.

Республика парламентіне көппартиялықтық негізінде алғаш демократиялық сайлаулар өткізілген еді. Халықтық референдумы жолымен егеменді Азербайжан Республикасының алғашқы конституциясы қабылданған еді және ол, азаматтың бостандығына, құқығына кепілдік береді.

Ондаған саяси партия, жүздеген ақпарат құралдары арқылы, сөз, ождан азаттығы, ұлттық азаттықтардың дамуы үшін қолайлы жағдай-бұлардың барлығы өлкемізде демократиялық жағдайдың қалыптасқанын дәлелдейді.

Экономиканың еркін болдырылуы, инфляция процедураларының минимумға түсірілуі, сыртқы инвестициялардың кеңінен қатыстырылуы, жер бетіндегі пайдалы қазбаларды жекешелендіру програмасының табысты орындалуы Азербайжан экономикасының төмендеуін тоқтатуға мүмкіншілік туғызған, өндірістің артыуы және халқымыздың тұрмыс жағдайының жоғарылауы басталған еді.

Күмәнсіз, біз өтпелі дәуірдің қиындықтарын әліде сезіп жатырмыз, жетпіс жылдық тоталитарлық системаның ауыр мұрасы да өзін көрсетіп жатыр. Бірақ демократиялық реформалардың табысты жүргізілуі республикамыздың азаматтарының міндетті түрде көпшілігінің қайтпастығындан хабар береді.

Армения Республикасы тарапынан болған шабуылдың нәтижелері біз үшін ең үлкен мәселе болып қалады. Осы шабуыл нәтижесінде Азербайжан аймағының жиырма пайызы жаулап алынған, осы топрақтардың бір милионнан артық тұрғыны өз тұрып жатқан жерлерінен зорға қуылған, шатыр қалашықтарында шыдамсыз жағдайда тұрып жатыр.

Біз ЕҚЫҰ-ың Армения-Азербайжан қақтығысының дұрыс жолмен шешілуіне бағытталған жолын ризашылықпен қолдаймыз. 1996-шы жылдың желтоқсанында ЕҚЫҰ-ың Лиссабон кездесуі осы мәселе бойынша өте маңызды шешім қабылдаған еді.

Лиссабон принциптері Азербайжанның және Арменияның аймақ толықтылығының танынуыннан, Азербайжан мемлекетінің қарамағындағы Таулық Қарабаққа автономиялық басқару статусы берілуінен және Таулық Қарабақтың барлық тұрғынының қауіпсіздігінің қамтамасыздығынан тұрады.

Біз Еуропа Кеңесі Парламент Ассамблеясының 1997-ші жыл 22 сәуіріндегі шешімін жоғары бағалаймыз.

Сол шешімде де Азербайжан мемлекетінің аймақ толықтылығы, Армения-Азербайжан қақтығысының тоқтатылуына қатысты Лиссабон Шың Кездесуінің принциптері қабылданған еді. Осы құжаттар барлық адамдар жағынан қабылданған халықаралық құқық нормалары негізінде бейбітшілікке ие болу үшін жақсы негіз.

1994-ші жылдың мамыр айында біз соғысты тоқтату үшін Армениямен келісім жасадық және қақтығыстың шын мәнінде тоқтатылғанға дейін оған әрекет жасаймыз.

Біз қақтығыстың екі басамақта шешілуіне, ЕБҚҰ-ың Минск тобы қосалқы басшыларының - Ресей, АҚШ және Францияның осы жақын арада берген ұсыныстары:

бірінші басамақта Арменияның қарулы күштерінің Азербайжанның жаулап алынған алты районынан шығару, осы райондардың тұрғындарын өзі тұратын жерлеріне қайтару үшін және соғыс кезінде қираған коммуникацияларды қайта құру, екінші басамақта Лачын және Шуша райондарының азат етілуімен бірге Таулық Қарабақтың статусы мәселесін шешу ұсынысын қолдаймыз.

Мен бүгін тағыда айтатыным, біз қақтығыстың бейбітшілік жолымен шешілуі бағытында тұрамыз, Армениямен мықты және ұзақ уақыт достық тудырғымыз келеді.

Шапқыншылық нәтижесінде Азербайжанға үлкен зиян келтірілгеніне қарамастан, біз өлкелеріміз арасында достық көршілік қатынастарының және бірге жұмыс істеудің, халықтарымыздың қауіпсіздігін және дамуының, аймағымызда бейбітшіліктің және тыныштықтың қайта құрылуын қалаймыз.

Ханымдармен мырзалар!

1996-шы жылдың маусымында Еуропа Кеңесінің Парламент Ассамблеясы Азербайжанға ерекше шақырылған қонақ статусы берілген еді.

Біз сонымен қатар Еуропа мәдениет Конвенциясының, табиғи және технологиялық апаттардың алдын алынуы және бұлардан қорғану, жәрдем ұйымдарына ашық бірте- бірте келісімінің қатысушысымыз.

Мен 1996-шы жылдың 13-ші шілдесінде Еуропа Кеңесінің бас хатшысына хатпен ұсыныс жасап, Азербайжан Республикасының Еуропа Кеңесіне толық құқықты мүше қабыл болуын өтінгенмін.

Еуропа Адам Құқықтары Конвенциясына қосылуға дайын екендігімізді білдіреміз, мен Еуропа Кеңесінің Министрлер Комитетінен осы мәселе туралы Азербайжан өкіметімен кездесулерді тездетулерін өтінгенмін.

Біз Еуропа Кеңесінің қоғамдарымен жұмыс істейміз, олардың өткізген жиындарға қатысып жатырмыз, Еуропа Кеңесінің делегацияларына Азербайжанда әр түрлі керекті жағдай тудырып жатырмыз.

Өлкеміздегі демократиялық өзгерістердің дамуында Еуропа Кеңесінің жәрдеміне үлкен үміт етеміз. Меніңше, Азербайжан қысқа мерзімде Еуропа Кеңесінің толық құқықты мүшесі болады. Біз қазіргі заман Еуропа демократиясының жоғарғы стандарттарына жауап беру үшін өз тарапымыздан барлық жұмысты істейміз.

Құрметті ханымдармен мырзалар!

Кездесуіміз толқынды және қиындау жиырмасыншы ғасырды бітіріп жатырмыз, алдымыздағы жүзжылдың міндеттерін және перспективаларын анықтап жатыр.

Азаттық, демократия және гуманизм идеялдарының айналасында көп біріккен жаңа Еуропа, әрдайым болғандай, барлық адамзаттың прогресінде және гүлденуінде маңызды роль ойнайтын болады.

Мен, табиғи байлығы мол, бай мәдениет және интелектуалдық потенциалға ие болған Азербайжан Республикасы осы абыройлы процеске өз лайықты үлесін қосатынына сенемін.

Тыңдағандарыңыз үшін алғысымды айтамын.