ӨМІРБАЯН


Гейдар Алирза ұлы Алиев Азербайжан Халқының жалпыұлттық көшбасшысы

 Гейдар Алирза ұлы Алиев 1923-ші жылы мамыр айының 10-да Азербайжанның Нахчиван қаласында туылған. Ол, 1939-шы жылда Нахчиван Педагогикалық техникумын бітіргеннен соң Азербайжан Өндірістік Институтының (қазіргі Азербайжан Мемлекетік Мұнай Академиясы) архитектура факультетінде білім алған. 1941-ші жылғы басталған соғыс оның оқуын бітіруіне мүмкіншілік бермеген. 

1941-ші жылдан Гейдар Алиев Нахчиван АССР Халық Ішкі Істер Комиссарлығында және Нахчиван АССР Халық Комиссары Кеңесінде бөлім бастығы болып істеген және 1944-ші жылда мемлекет қауіпсіздігі органдарына мемлекет тарапынан жұмысқа жолданылған. Осы кезеңнен қауіпсіздік органдары жүйесінде жұмыс істеген Гейдар Алиев 1964-ші жылдан Азербайжан ССР Министрлер Кеңесі жанында Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті басшысының көмекшісі, 1967-ші жылда басшы болып істеп генерал-майор атағына дейін өскен. Сол жылдарда ол, Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург) жеке білім алған, 1957-ші жылда да Азербайжан Мемлекеттік Университетінің тарих факультетін бітірген. 

Азербайжан Коммунист Партиясы Орталық Комитетінің 1969-шы жыл шілде пленумында Гейдар Алиев Азербайжан Коммунист Партиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары сайланып республиканың басшысы болған. 1982-ші жылдың желтоқсан айында Совет Одағы Коммунистік Партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі сайланған Гейдар Алиев СССР Министрлер Советі басшысының бірінші көмекшісі тағайындалған және СССР-дің басшыларынан бірі болған. Гейдар Алиев жиырма жыл бойы СССР Жоғары Кеңесінің депутаты, бес жыл СССР Жоғары Кеңесінің басшысы көмекшісі болған. 

Гейдар Алиев 1987-ші жылдың қазан айында Совет Одағы Коммунист Партиясы Орталық Комитетінің Саяси Бюросының және жеке Бас секретары Михайл Горбачовтың апарған саяси жолда қарсылық көрсетіп, өз қызметінен босанған.

1990-шы жылдың 20-шы қаңтарында совет әскерлері Бакуде істеген қанды қақтығыспен байланысты ертеңгі күні Гейдар Алиев Азербайжанның Москвадағы елшілігінде, Азербайжан халқына қарсы істелінген қылмыс ұйымдастырушылары және орындаушыларының жазалануын талап еткен. Ол, Таулық Қарабақта істелінген өткір қақтығыс жағдайына байланысты СССР басшыларының екіжүзді саясатына қарсылық білдіріп, 1991-ші жылдың шілде айында Совет Одағы Коммунист Партиясынынан шыққан.

1990-шы жылдың шілдесінде Азербайжанға оралған Гейдар Алиев алғаш Бакуде, кейін Нахчиванда тұрған. Сол жылда Азербайжан Жоғары Кеңесіне депутат сайланған. Ол, 1991-1993-ші жылдарда Нахчиван Автoномиялық Республикасы Жоғары Мәжілісінің басшысы, Азербайжан Республикасы Жоғары Кеңесі басшысы көмекшісі болған. Гейдар Алиев 1992-ші жылда Жаңа Азербайжан Партиясының Нахчиван қаласында өткізілген съезінде партияның басшысы сайланған. 

1993-ші жылдың мамыр-маусым айларында өкімет жағдайының өте өткір болуымен қатар өлкеде ішкі соғысының басталуы және тәуелсіздіктің жоғалуы қауіпсіздігі тудырылғанда Азербайжан халқы Гейдар Алиевтің өкімет басына келуін түрегеп тұрып талап етті. Азербайжанның сол кездегі басшылары Гейдар Алиевті ресми түрде Бакуге шақыруға мәжбур болды.

Гейдар Алиев 1993-ші жылы маусымның 15-де Азербайжан Жоғары Кеңесінің басшысы сайланған, шілденің 24-де Ұлттық Мәжілістің қаулысымен Азербайжан Республикасы Президентінің қызметтерін атқара бастады. 1993-ші жылдың қазан айының 3-де жалпыхалық дауыс беру нәтижесінде Гейдар Алиев Азербайжан Республикасының Президенті сайланды. Ол, 1998-ші жылдың қазан айының 11-де халықтың актив шартында өткізілген сайлауларда дауыстың 76,1 пайызын жинап, жаңадан Азербайжан Республикасының Президенті сайланды. 2003-ші жылы қазан айының 5-де өткізілген президент сайлауларында кандидаттығының ұсынылуына разылық берген Гейдар Алиев денсаулығымен байланысты сайлауға қатысудан кері шегінген еді. 

Гейдар Алиев бірнеше халықаралық марапаттарға, басқа мемлекеттердің университеттерінің мақтаулы докторы атына және жоғары деңгейлі марапаттарға лайық көрінген еді. Ол, төрт рет Ленин ордені, Қызыл жұлдыз ордені және көптеген медальдармен наградталған, екі рет Социалистік Еңбек Ардагері атын алған сонымен қатар көптеген мемлекеттердің орден және медальдарымен марапатталған. 

Азербайжанның соңғы отыз жылдан астам кезеңін қамтыған тарихы, Гейдар Алиевтің атымен үзілмейтін сымдармен байланған. Осы жылдар бойы халықтың әлеуметтік-саяси, экономика және мәдениет өмірінің барлық аймақтарында қайта жаңғырауы да оның атымен байланысты. Гейдар Алиевтің басшылық еткен осы кезеңде өмірлік табыс үшін істеген жұмысы, бай мәдениеті, өткен терең тарихымен әрдайым мақтан еткен және келешек нәсілдің тағдыры үшін түсінген туған жері Азербайжанды бір мемлекет сияқты кезеңнің ауыр және қиын сынақтарынан құтқарған еді. 

Ол, саяси және мемлекет қызметкері, халықтың шексіз көшбасшысы болған, тірі бола тұра аңызға айналған, осыған бола да Гейдар Алиев феномені әрқашанда назарларды аудартқан, дүние Азербайжандарының осы жалпыхалықтық көшбасшысының таң қалдыратындай дәрежеде қайнаған тынымсыз әрекеті өлкеде де дүние басылымдарында да кеңінен жарық көрген. 

Азербайжан халқы ұлттық мемлекетшілігінің ыдырау қауіпсіздігі алдында қалғанын көрген және ең ауыр өмір сүрген бір кезеңде-1993-ші жылдың маусым айында осы мемлекет құрылысының өзгеруін қатаң талап еткен және сол кезден өз тағдырын Гейдар Алиевке сенген. Халқының осындай бір қиын жағдайын көргенде қатаң шақырылуын қабыл еткен Гейдар Алиев Азербайжанда жаңадан үлкен саясатқа оралған еді. Халық Гейдар Алиевтіңқайта оралуын үмітпен және қуанышпен қарсылаған, сол күні Ұлт-Азаттық қозғалысы сияқты тәуелсіз Азербайжанның тарихына жазған болатын.