Азербайжан Республикасының Президенті Гейдар Алиевтің босқындар туралы, адам құқығы, көші-қон мәселелері бойынша заңнамаларға қатысты Бакуде өткізілген халықаралық конференцияда сөйлеген сөзі - 14-ші қараша 1994-ші жыл


Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Құрметті конференция қатысушылары!

Қымбатты қонақтар!

Мен Азербайжан Республикасында осындай бір лайықты  конференцияның өткізілуін өте жоғары бағалаймын. Үш күн мерзім ішінде  конференция қатысушыларының жүргізген жұмыстары, талқылаулары Азербайжан Республикасының келешегі (өмірі) үшін өте маңызды деп санаймын. Конференция қатысушыларына және ұйымдастырушыларына өз сый және құрметімді білдіремін.

Конференция  дүние әлеуметін өте қызықтыратын және дүние әлеуметі үшін, ерекше Азербайжан Республикасы, халқымыз үшін өте маңызды тақырыпқа арналған-босқындар, адам құқықтары және көші-қон мәселелеріне арналған болатын. Бұл мәселелер  дүниеде болып жатқан әлеуметтік саяси үдерістер үшін өте маңызды мәселелер және Азербайжан үшін ерекше маңызы бар. Сол үшін де бұл конференцияның өткізілуімен байланысты ықпал еткен және конференцияның ұйымдастырылуын қамтамасыз еткен Біріккен Ұлттар Ұйымына, оның Босқындар Ісі бойынша Жоғарғы Комиссарлығына, БҰҰ-ның Азербайжандағы өкілеттігіне, БҰҰ-ның Босқындар Ісі бойынша Жоғарғы Комиссарлығының Азербайжандағы өкілетіне және Азербайжан Республикасының Жоғары Кеңесіне алғысымды білдіремін.

Адамзат тарихында босқындар мәселесі әрдайым маңызды мәселеллердің бірі  болған. Бірақ ХХ ғасырдың орталарында, екінші дүние жүзі соғысы біткеннен кейін осы мәселеге халықаралық ұйымдар ерекше пікір білдірген еді. Біріккен Ұлттар Ұйымының 1961-ші жылда босқындар туралы ерекше қаулы қабылдауы және 1967-ші жылда босқындардың статусын анықтау туралы қабылданған қаулылар бұл мәселеге оданда терең, жан жақты қатынастың көрінісі.

БҰҰ-ның осындай маңызды және танынған шешімдерінен кейін дүниеде, жер шарының босқындарға қатысты болған аймақтарында, басқа өлкелерінде көптеген жұмыстар жүргізілген, үлкен тәжірибеге ие болынған. Енді БҰҰ-ның Босқындар Ісі бойынша Жоғарғы Комиссариаты өте үлкен деңгейде жұмыс істеп жатыр, осы мәселелермен айналысып жатыр. Бұл, қоғам, адамдар үшін, әр бір адам үшін және адам құқықтарының қорғануы үшін өте маңызды процестер, жиындар. Бүгінгі конференция да сол жиындардың бір құрамы.

Дүние Бірлігінің, адамзаттың бір бөлігі сияқты, Азербайжан халқы, егеменді Азербайжан Республикасы БҰҰ-ның Босқындар Ісі бойынша Жоғарғы Комиссариаты құрылғаннан осы күнге дейін көрген жұмыстары жоғары бағаландырылып жатыр. Мен бүгін тағы бұған өз пікірімізді білдіремін. БҰҰ, оның Босқындар Ісі бойынша Жоғарғы Комиссарлығы бұдан кейін одан да үлкен жұмыстар атқаратынына  үміт артатынымызды  білдіргім келеді. Өйткені соңғы жылдар бойы дүниеде босқындар мәселесі одан да ушығып, босқындардың саны одан да көп артқан. Дүниенің көптеген аймақтарында босқындар мәселесі үлкен зардаптарға, халықтардың, адамдардың, өлкелердің зұлматтарына әкеліп соқтырған. Осыған сәйкес,  енді бұл, жалпы адамзат, дүниежүзілік мәселелердің ішіндегі ең маңызды проблемалардың бірі.

Азербайжан халқы, егеменді Азербайжан Республикасы соңғы жылдарда өз өмірінде, тарихында осы мәселелермен қарсыласқан еді. Сол проблемалар енді егеменді Азербайжан Республикасының өмірінде туындаған қиындықтардың, зорланушылықтардың негізгі себептерінен бірі болып тұр.  Сондықтан,  бұл мәселелер біз үшін өте жақын, оларға  қатынас біз үшін аса үлкен маңызы бар. Осы мәселеге біздің ерекше қызығушылығымыз бар және бұл мәселенің бірінен соң бірінің шешілуі Азербайжан Республикасының бүгін және келешегі үшін өте маңызды.

Сол үшін де осындай сенімді конференцияның Азербайжанда өткізілуі әрі Республикамыздың жағдайына қажет етеді, сонымен қатар өлкеміздегі босқындар мәселесінің қаншама өткір бір деңгейге келіп шыққанын БҰҰ тарапынан, халықаралық ұйымдар тарапынан артық сезілгенін көрсетіп тұр. Осындай бір конференцияның Азербайжанда өткізілуін БҰҰ-ның, барлық халықаралық қоғамдардың Азербайжан Республикасына, өлкеміздегі босқындар мәселесіне көрсеткен үлкен жауапкершіліктің көрінісі. Осы жауапкершілікке, осы ықыласқа, мұндай қатынас үшін мен тағы бір кез құрмет пен ризалығымды білдірем. Бұл жоғары конференция Азербайжан Республикасында босқындар мәселесінің шешілуі үшін және жалпы, өлкеміздің түскен осы ауыр жағдайдан шығуы үшін тәжірибиелік  нәтижелер беретініне сенімімді білдіргім келеді.

Сіз, конференция қатысушылары осы күндерде сол мәселелердің құқық аспектілерін, гуманитарлық жағын, босқындардың, мәжбүр көшкіндердің статусымен бұл туралы заң қағидаттарымен байланысты мәселелерді әрі Республика масштабында, әрі де халықаралық деңгейде талдағансыздар. Менің білуім бойынша, атап айтқанда босқындарға гуманитарлық жәрдем жағдайларына назарларыңызды  аударып, адам құқықтары мәселелерін босқындар мәселесімен байланысты талқылағансыздар. Күмәнсіз, бұлардың барлығы өте маңызды. Біз бұларды келешек жұмыстарымыз үшін жаңа үлкен қадам деп есептейміз және осындай маңызды ғылыми, теориялық, сонымен қатар тәжірибелі талдау және талқылаулардан кейін осы салаларда жалпы өзгеріс болатынына үміт артамын. Өйткені Азербайжанның ішінде БҰҰ, оның Босқындар Ісі бойынша Жоғары Комиссарлығы, халықаралық қоғамдар, халықаралық құқық органдары керек еткен нәтижелер шығарып бұл туралы біршама жаңа құқық қабылдай алатын шығар. Біз бұларды өте маңызды деп есептейміз. Бірақ біз үшін ең маңызды болатын тарапы, бұл конференциядан кейін біздің босқындар мәселесіннің шешілуінде біршама өзгерістер, біршама болымды нәтижелерге ие болу.

Соңғы жылдар, он жылдықтар ішінде әлемде босқындардың және мәжбүр көшкіндердің есебі күмәнсіз артуда. Бұл әрі, мемлекеттер арасында болған қақтығыстар, әрі бөлек-бөлек аймақтарда ұлттық және этникалық мәселелермен байланысты қақтығыстар нәтижесінде туындап жатыр. Сонымен қатар, бұл басқа күштердің, басқа-басқа мемлекеттердің, яғни бір мемлекеттің, бір күштің сол басқа бір мемлекеттің, халықтың құқықтарын таптау, олардың жерлерін тартып алу, оларға қарсы зорлық жасау сияқты әрекеттерімен байланысты.

Азербайжан халқы соңғы жылдарда душар болған жағдайдың барлық азап-қиыншылықтарын көре отырып, сезе отырып босқындар мәселесінің адамзат үшін қаншама ауыр бір мәселе екендігі тереңінен түсінеді. Халқымыз дүниенің әр бір жерінде босқындардың, мәжбүр көшкіндердің жағдайын тереңінен түсінеді, олардың шеккен азапты қиыншылықтарын өз азап -қиыншылықтары сияқты есептейді. Дүниенің әр бір жерінде босқындардың, мәжбүр көшкіндердің өздерінің ерекшеліктері бар. Мұның әрі себептері, әрі де босқындардың душар болған жағдайлары әр түрлі және кейбірде бір-бірінен өте ерекшеленеді. Бірақ біз былай деп есептейміз, Азербайжан Республикасының аймағындағы босқындардың, мәжбүр көшкіндердің жағдайы өте ауыр, ең қиын, ең шыдамсыз. Өлкемізде босқындардың, көшкіндердің болуы себептері басқа аймақтағылардан ерекшеленеді және бұлар барлығы Азербайжан Республикасы үшін- кішкентай бір өлке, мемлекет үшін барған сайын қиын және ауыр мәселелер тудырады.

Сіз, конференция қатысушылары босқындар, мәжбүр көшкіндер мәселелерін, адам құқықтары проблемаларын талқылағанда бұларды біршама топтастыру туралы, яғни босқындардың басқа ал мәжбүр көшкіндердің басқа бір статусы туралы сұхбаттар жүргізгенсіңіздер, бұл да шынайы.  Республикамызда әрі босқындар бар, әрі де мәжбүр көшкіндер бар және бұлардың барлығының құқықтары, күмәнсіз бұзылып, тапталанған.  Құқық, статус бір жаққа, бірақ рухани, саяси жағынан біз бұлардың барлығын босқын сияқты қабылдаймыз. Былай деп есептейміз, Республикамызда босқын жағдайында тұратын адамдардың барлығына босқын сияқты қатынас білдіру керек.

Конференция қатысушыларына және ерекше БҰҰ-ның Босқындар Ісі бойынша Жоғарғы Комиссариатқа дүние масштабында статистика өте жақсы белгілі, бірақ біз де бұл мәселелерді талқылағанда, біршама салыстырған кезде осындай пікір айтуға негізіміз бар, Азербайжан Республикасы сияқты кішкентай бір өлкеде 7 миллиондық тұрғынның бір миллионнан астамының босқын жағдайында болуы ең ауыр жағдай. Мүмкін дүниенің еш бір аймағында мұндай бір жағдайға кездесу мүмкін емес.

Өздеріңізге мәлім, біздің Республикада мұншама босқын болуының себебі Арменияның, армян ұлтшыл ұйымдарының Азербайжан Республикасына, Азербайжанның аймағына қастық жасау мақсаты мен бастаған алдымен саяси содан соң соғыс амалдарының нәтижесі. Бұлардың барлығы өз бастапқысын 1988-ші жылдан алады. Арменияда тұратын барлық азербайжандықтар сол жылда зорлық нәтижесінде, оларға қарсы көрсетілген күш, зорлықтар, қатал үгіттер және басқа жеке іс -қимылдар  нәтижесінде, ол жерден мәжбүр шығарылған. Олар Азербайжанға көшуге мәжбүр болған. Бұдан кейін Ахыска түріктерінің бір бөлігі басқа аймақтардан Азербайжанға көшкен. Азербайжан ауыр жағдайда болған, өзі Армениядан зорлықпен шығарылған босқындарды қабылдаған жағдайда, басқа өлкелерден, басқа аймақтардан Ахыска түріктерін- бұл босқындарды да қабылдаған. Ал бұдан кейін Азербайжанның өзінің аймағында өз азаматтары соғыс нәтижесінде, Азербайжанға қарсы болған соғыс шабуыл нәтижесінде үй ошақтарын тастап, босқын жағдайына түсуге мәжбүр болған.

Айтқанымдай, енді Азербайжанда бір миллионнан артық босқын бар. Бұл, босқын болған әр бір отбасының қайғысы. Босқын жағдайына түскен әр бір азаматтың қасіреті. Бұл, Азербайжан халқының, Азербайжан Республикасының қасіреті. Күдіксіз, дүние әлеуметі, халықаралық ұйымдар Азербайжанның түскен бұл жағдайы, өлкеміздің бұл қасіреті, одан да мұқият болуы керек. Тағы да жәрдем етсін. БҰҰ-ның Босқындар Ісі Бойынша Жоғары Комиссарлығының, барлық халықаралық ұжымдардың босқындармен қатысты, Азербайжан Армения тарапынан шабуылға байланысты, жерлеріміздің  жаулап алынуы мен байланысты бұл жерде соңғы жылдарда жүргізген жұмыстарды мен жоғары бағалаймын және бүгін конференция қатысушылары алдында және дүние әлеуметі алдында барлық бұл ұйымдарға Азербайжан халқы атынан, Азербайжан Республикасы атынан, өз атымнан ерекше алғысымды және ризашылығымды білдірем.

Бірақ сонымен қатар, шындық жолында, барлық халықаралық ұйымдардың, дүние әлеуметінің Азербайжандағы босқындардың жағдайына одан да жақын қатынас көрсетуі үшін мұны да білдіргім келеді: өкінішке орай, Азербайжанның мұндай жағдайы дүние жүзінің  барлық ұйымдарына  белгілі емес. Бәлкім де біздің бұл туралы жүргізген жұмыстардың нашар болуына байланысты шығар, сонымен қатар, мүмкін халықаралық ұйымдар Азербайжанның бұл қасіретті жағдайын тереңінен сезбегендерінен шығар  Азербайжан Республикасында босқындармен байланысты жағдайдың және жалпы, өлкемізде босқындар мәселесінің осындай өткір екендігін білмейді.  

Біз мұны бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп тұрмыз және басқа өлкелердегі кездесулерде де, сұхбаттарда да көріп жатырмыз. Бұл, орындалған жұмыстардың болымды тарапымен қатар, біздің жалпы жетіспеушілігіміз, біздің Республиканың босқындар мәселесіне әлі керегінше назар аударылмауы туралы айтқым келеді.

Мен былай деп санамын, бұл конференция- алғаш рет Азербайжанда өткізіліп, көп өктемшіл, кең құзырлы және сенімді конференция керек десең Азербайжанда қатынас көз қарасынан, дүние жүзінің  өлкеміздегі босқындардың жағдайын толық шынайы  білуі бір көз қарасынан қайту нүктесі болуда. Бұл жағынан біз осы конференцияның жұмысынан, шет елдердің, халықаралық ұйымдардың бұл жерде қатысқан делегацияларының конференциядан кейінгі жұмысынан көп нәрсе күтеміз, бұған үлкен үміт артамыз.

Мен сенемін, Азербайжан душар болған жағдай конференцияның ішінде тереңінен талдау жасалынған. Арменияның шабуылы нәтижесінде Азербайжан жерлерінің  20 пайызының жаулап алынуы, тұрғындардың осы жерлдерден  қуылуы, босқын болуы, олардың қаншама қиын жағдайда екені талқыланған еді. Жаулап алынған аймақтардың шашыратылуы, қиратылуы жағдайлары енді Сіздерге белгілі яғни, бұларды талқылауға салғансыздар. Азербайжан Республикасына бұл жөнінен қаржылай әрі рухани зиян тарихымызға, руханиятымызға, өткенімізге тиген зиян да сізге -конференция қатысушыларына мәлім. Сол үшін де мен сандар, немесе басқа-басқа фактілерге тоқтауды қажет білмеймін.

1988-ші жылдан кейін Армения Республикасының аймағынан қуылған 200 мыңнан астам Азербайжандық, 50 мыңнан астам Ахысқа түркі, Таулық Қарабақ аймағынан-туған жерлерінен қуылған азербайжандықтар және сонымен қатар, Таулық Қарабақтың аймағындағы жеті районнан зомбылықпен қуылған Азербайжандықтар бірлікте бір миллион босқындар армясын құрайды. Бұлардың енді Азербайжанның басқа жерлерінде қиын жағдайда тұруы бір жағынан өлкеміздің қаншама қиын, қасіреттік жағдайда екендігін, екінші жағынан да Азербайжан халқының қаншама шыдамды,  табанды екендігін көрсетеді, босқын болған, өте көп киындықтар көрген, қасіретті өмір кешкен бұл адамдардың қаншама мықты және қаншама адамшыл екендігін көрсетеді.

Соғыс жағдайындағы, әлеуметтік-экономика дағдарыс ішіндегі және біршама мүмкіндіктері толығымен шектелген және ерекше кейінгі кездері, айтқандай, теміржол шектемесі жағдайындағы Азербайжанның осындай үлкен босқындар армиясын сақтауы Азербайжан Республикасы үшін, оның мемлекеті, өкіметі үшін және оның адамдары үшін қандай қиын жағдай тудырғанын ойлану соншама қиын емес.

Бірақ тарих дәлелдеген еді, Азербайжан халқы шыдамды халық, көптеген қиын кезеңдерден өтіп келген, енді ең үлкен табысқа- ұлттық азаттыққа, өз егемендігіне ие болған.

Халқымыз барлық осы қиындықтарға да шыдайды, оларды бастан кешіреді және бұлардың барлығын жеңеді. Мен бүгін конференция қатысушылары алдында Азербайжан Республикасында босқын болған, қиын-қыстау жағдайда, қиыншылық ішінде, шайлаларда тұратын, кейбірде керек десең азық-түлік алуға мүмкіндігі болмаған, бірақ шыдаған, халқына, Республикасына, жерлеріне  шыншыл сезімі мен тұратын босқындардың барлығына сый құрметімді білдіремін. Конференция қатысушылары атынан, бұл үлкен салондан Азербайжанда тұратын босқындардың барлығына сәлемімді ұсынамын және оларды сендіргім келеді, Азербайжан Республикасының мемлекеті босқындардың жағдайын жақсарту үшін қолынан келгенін аямайды. Қаралы күннің өмірі аз болады. Олар босқын жағдайынан шығып, өз жерлеріне қайтады, барлық бұл ауыр, қиыншылықты күндер артта қалады. 

Бір миллионнан астам босқынды қамтамасыз етудің барлық қиындықтары Азербайжан Республикасының, Азербайжан мемлекетінің мойнына түскен.  Бұл, табиғи жағдай, біздің міндетіміз  және әр бір Азербайжан азаматы, бірінші кезекте Азербайжанның мемлекеттік органдары босқындардың қамын ойлау, олардың мәселелері мен айналысуы өздерінің ең қасиетті, ең құрметті қызметі деп есептеуі керек. Біз босқындарға қамқор болу, назар аудару мәселесінің қаншама маңызды екендігін күн сайын түсініп жатырмыз және сол мәселелердің шешілуі бұдан кейін де біздің басты назарымызда болатынына үміттенемін.

Сонымен қатар конференция қатысушыларының және ерекше шет елдерден келген қонақтарымыздың алдында айтқым келетіні, босқындардың өмір сүруі үшін, оларға біршама, минимум бір жағдай тудырылуы үшін көптеген мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың гуманитарлық жәрдемдері біз үшін үлкен жәрдем. Біз мұны жоғары бағалаймыз. Біз босқындар мен кездескенде олар да шет елдердің, халықаралық қоғамдардың осы мейрімшіл, адамшыл істерін, гуманитарлық жәрдемін өте жоғары бағалап жатыр. Соған сәйкес, барлық өлкелердің басшыларына, халықаралық қоғамдарға, шет елдердің басқа-басқа кәсіпкерлерге, жалпы алғанда, босқындарымызға жәрдем еткен, назар аударған ұйымдарға, көрсеткен қоғамдарда, топтарға, адамдарға, мемлекеттерге, үкіметтерге, өлкелерге босқындар атынан, өз атымнан, сый құрметімді, алғыс және ризашылығымды білдіремін.

Конференция материалдары, қабылдаған мәліметтер, оның ісі дүние жүзін, өлкелерді, халықаралық қоғамдарды Азербайжан босқындарының жағдайы жайында оданда кең хабарлайды және мұның нәтижесінде Азербайжан Республикасындағы босқындарға бұдан кейін әр түрлі жәрдем көбейеді. Босқындар осындай үміттермен өмір сүріп жатыр. Тілейтінім, бұл үміттер ақталсын, Азербайжан босқындары бұл жағдайда болғанша, - бұдан кейін де жәрдем алатын болуына үміт артқым келеді.

Үміттенген, конференцияың жұмысы бір шындықты да көрсетті, Азербайжан Республикасындағы босқындардың саны, әрі қазіргі қиын жағдайы мен қарсыластыратын болсақ оларға, Азербайжан Республикасына шет елдер тарапынан көрсетілген гуманитарлық жағдай соншама жеткілікті емес, бұлар назарға алынсын және назарға алынуына үміттенемін, Азербайжан босқындарына бұдан кейін көрсетілетін гуманитарлық жәрдемнің мөлшері, сапасы оданда көбейеді. Бұл мәселелер шешіледі, бірінші кезекте Азербайжан Армения қарулы күштері тарапынан, Армения тарапынан жаулап алынған жерлері азат етіледі, босқындардың өз жерлеріне қайтуы үшін мүмкіндік туады және олар үй ошақтарына, жұртына қайта оралады. Армения Республикасынан шығарылған босқындар да егер адалдық бар болса, егер дүниенің халықаралық қоғамдары әр нәрсені шынымен де әділетті қаралатын болса, олар да өз үйлеріне қайтуына тілектеспін. Ахыска түріктері 50 жылдан астам уақытта өздерінің туған жерлерінен айрылған. Осыншама уақыт, жаңа нәсіл ортаға шықса да олар және де өз туған жерлеріне қайтуды армандайды. «Біз олардың мақсаттарының орындалуын жақтаймыз, және де олар өз туған жерлеріне қайтқанша біздің қамқорлығымызда болуына сенімдімін.

Күмәнсіз, келешек тарихи үдерістер, дүниеде болып жатқан тарихи, әлеуметтік саяси өзгерістер ХХ ғасырда басқа-басқа өлкелердің шекараларының бұзылуы, адамдардың өз орындарынан қуылуы, көптеген есепте адамдардың бір жерден басқа жерге мәжбүрлеп көшірілуі сиқты жағдайлардың алдын алады, уақыт барлығын өз орнына қояды. Азербайжандықтар ғасырлар бойы өмір сүрген аймақтарына орналасады, өз жерлеріне қайтады. Азербайжан халқы бұл үміттермен өмір сүріп жатыр, өмір сүреді және егер бұл, біздің замандастарға  нәсіп болмаса да, келешек ұрпақтар бұған ие болады.

Бірақ енді біздің алдымызда тұрған үлкен қызмет Азербайжанның 1988-ші жылдан бертін келе Армения қарулы күштері тарапынан жаулап алынған жерлерінің азат етілуі, Азербайжан Республикасының халықаралық құқық нормалары негізінде танынған, қабылданған құжаттарының тиісілмеушілігінің, Азербайжанның аймақ толықтылығының қамтамасыз етілуі. Бұл мәселелердің шешілуі біз үшін, Азербайжан Республикасы үшін ең негізгі қызмет және біз сол мәселенің  шешілуімен айналысып жатырмыз, бұдан кейін де міндетті түрде айналысамыз.

Білесіз, Армениямен Азербайжан арасында алты жылдан бері жүріп жатқан соғыста алты ай болды, атыс тоқтату режимі орнаған еді сол тоқтату режимі әлі де жалғасып жатыр. Бұл мерзімде біз республиканы соғыс жағдайынан шығару, соғысты тоқтату үшін, қақтығысты бейбіт жолымен шешу үшін көптеген ықылас көрсеткенбіз, көптеген жиындар өткізгенбіз, сұхбаттар жүргізгенбіз. Сұхбаттар, ықыластар процессі жалғасып жатыр және бүгін де, ертең де, келешекте де мұнымен айналысып жатырмыз және айналысамыз. Тырысып жатырмыз, Республикамыздың аймақ толықтылығының қамтамасыз етілу шарттары мен бұл мәселе шешілсін. Бұл үшін де Армения қарулы күштері Азербайжанның жаулап алынған аймақтарынан шартсыз- түрде шығарылуы керек, сол аймақтардан босқын болған Азербайжан азаматы өз жеріне қайтуы керек. Бұл аймақтар дегенде біз Таулық Қарабақтың аймағындағы райондары  Шуша мен Лачын аудандарын назарда ұстап жатырмыз. Таулық Қарабақта тұратын армяндардың құқықтарының қорғануы, күдіксіз, қамтамасыз етілуі керек. Таулық Қарабақтың статусы мәселесі талқылануы керек. Бірақ барлық бұлар ең маңызды шарт құрамында-Азербайжан Республикасының аймақ толықтылығының қамтамасыз етілуі және өлкеміздің бытырап кеткен азаматтарының әр бірінің өз орнына қайтуы шартымен шешілуі керек. Біз тырысып жатырмыз бұл мәселені шешу үшін және бұлардың барлығы босқын жағдайында тұратын бір миллион азаматтың өмірі, тағдыры, бүгіні және келешегімен байланысты шешілуі керек.

Конференцияның тақырыбы адам құқықтары мәселесі. Адам құқықтары енді дүниеде демократиялық процестердің әр жерде құрылуы үшін негізгі қағидаттарынан бірі. Азербайжан Республикасы өз өмірін демократиялық қағидаттар құрып, әрдайым жұмыс істеуі керек, адам құқықтарының қорғануы орындалуы тиіс. Бүгінгі конференцияда салыстыру мүмкін болатын шығар, егер де бір адамды сөзден алып қойса немесе ол, біршама шектелулерге душар болса, оның құқықтары бұзылады: бірақ бір миллион адам -Азербайжандық өз жерінен, ошағынан қуылған, үйін, мүлкін жоғалтқан, ата -бабаларының зияраттарынан айрылған, ғасырлар бойы тұрған жерлерінен айрылған. Онда бұл, адам құқықтарының жаппай тұрғыда, сұмдық жағдайда бұзылуы емес пе?

Біз басқа-басқа өлкелерде әр түрлі кісілердің, адамдардың адам құқықтрының бұзылуын басқа өлкелерде үлкен саяси қызметкерлер тарапынан, немесе өлкелердің парламенттерінде немесе жоғары халықаралық қоғамдарда жамандануының және бұл құқықтардың қорғануы үшін қажетті жағдайлар тудырылуының күәсі болғанбыз. Бұл шындықтың адам құқықтары туралы Хельсинский актының қорғануы. Мұндай жағдайда бір миллион азаматтың, Азербайжандықтың құқықтарын жаппай тұрғыда бұзылуы туралы не үшін үрейленбейді, не үшін дабыл қақпайды, не үшін бұл, парламенттерде талқылау болмайды? Халықаралық қоғамдар не үшін бұл туралы батыл пікірлерін білдірмейді? Бұны түсіну мүмкін емес еді.

Мен бұл жағдайдан пайдалана отырып, барлық дүние жүзі, халықаралық қоғамдарға хабарлаймын, дамыған демократиялық өлкелердің проблемаларына,  мемлекет басшыларына хабарлаймын, дүние демократия жолында аянбай қызмет көрсететін атақты әлеуметтік саяси қызметкерлерге білдіремін, дүниедегі барлық адамдарға, адамзатқа білідремін және бір миллионнан астам Азербайжандықтың құқықтарының бұзылуын жариялай отырып осы құқықтардың қайтадан орнауына ат салысуға шақырамын. Үміт етудемін, бұл конференцияны ұйымдастырған Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар Ісі бойынша Жоғарғы Комиссарлығы, БҰҰ ның, халықаралық ұйымдардың өкілдері менің дауысымды барлық дүниеге, өз ұйымдарына жеткізеді. Мен бұл конференцияның негізгі нәтижелерінен бірін де Азербайжан азаматтарының бір миллионнан астам Азербайжандықтың құқықтарының тапталануын дүниеде жариялануы керек деп есептеймін және олардың құқықтарының қайтадан құрылуына шақырамын. Конференция өзін осы қызметін де орындайтын болады деп үміт еткім келеді.

Конференция жұмысы бітейін деп жатыр. Конференция табыспен өтті деп  және оның нәтижелеріне үлкен үміт білдіріп, Сіздің барлығыңызды осы іс-шараның табыспен нәтижеленгені үшін құттықтаймын, халықаралық қоғамдарға, Біріккен Ұлттар Ұйымына және осы конференцияның барлық басқа ұйымдастырушыларына тағыда ризашылығымды білдіремін.

Азербайжан Республикасы аймағында тұратын бір миллионнан артық босқынға сый құрметімді білдіремін, олардың барлығына құшақ жаямын, шыдамдылығына, қайраттылығына, отаншыл болуына байланысты, өз жерлеріне, мемлекетіне адалдығы үшін  оларға рахметімді айтамын. Сенім етемін, олар бұл ауыр жағдайдан шығады, егеменді Азербайжан Республикасының барлық азаматтары өз тағдырын, өз құқықтарының иесі болады. Сау болыңыздар.

“Гейдар Алиев: Егемендігіміз мәңгілік” (сөйлеген сөздер, сұхбаттар, мәлімдемелер, интервюлар, хаттар, өтініштер, жарлықтар) Азернешр, Баку - 1998, 2-ші том,  502-510 бет.